Сабақтың тақырыбы:
Әуе шарларымен қиялға
шолу
Сабақтың
мақсаты:: Әуе шары туралы түсінік беру, және оның жасалу жолын
үйрету
Түрі: Ашық сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, ғаламтор
материалдары
Қажетті
құрал-жабдықтар: Оқушылар үшін: шар, газет, ПВА желімі, түрлі-түсті
қағаз, қайшы, вазелин, шүберек, жіп
Мұғалім
үшін: Түймеқыздың хаты, дайын
бұйым
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
|
1.Ұйымдастырушылық кезең
(1-4 минуты)
|
Ертегідегі әуен
ойнап тұрады, балалар өз орындарына келіп
жайғасады
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір-бірлеріне сәттілік
тілейік!
Шаттық
шеңбері
|
|
2. Ой қозғау кезеңі
(5-10 минут)
|
- балалар, бүгін
таңертең маған хат келді, конверттің сыртына «Көмек беріңізші!» деп
жазылған екен.
-
қалай ойлайсыңдар, хат кімнен келді екен?
(Ертегі батырынан)
(мұғалім конвертті ашып, хатты
оқиды)
«Құрметті балалар! Менің
басыма үлкен қайғы келіп түсті. Мені жалмауыз кемпір ұрлап кетті,
қазір мен гүлдің жапырағындамын. Мен ертегілер әлеміне түскім
келеді. Мен сендерден өтінемін, көмектесіңдерші. Ол үшін мағаш әуе
шарын жасап беріңдерші, сол арқылы ертегілер еліне ұшып кетейін.
Сендерді тағатсыздана күтемін...»
- Балалар, сонымен хат кімнен
келген екен?
(Түймеқыздан)
|
|
3. Негізгі бөлім
(11-15 минут)
|
-
Түймеқыздың басына үлкен іс
түсіпті.
- ол
бізден қындай көмек сұрап жатыр? (ұшатын құрал)
-
қандай ұшатын құрал түрлерін білесіңдер? (оқушылар атай бастайды,
ұшақ, тікұшақ, ракета, әуе шары)
- дұрыс, біз осы ұшу құралдары
үшінен ең жеңілін қолымыздан келетінін жасап, Түймеқызға көмек
берейік!
- демек, біз Түймеқызды
құтқару үшін қандай құрал жасаймыз? (әуе
шары)
- дұрыс, бүгін сендерге өті
жауапты іс тапсырылып жатыр
|
|
4. Өз бетінше жұмыс.
(15-30
минут)
|
- ендеше, балалар, уақытты
өткізбей парта үстіндегі заттарды пайдалана отырып, іске
кірісейік
Жұмыстың барысы:
-
Алдымен, шарды керекті мөлшерде үрлеп
аламыз.
-
Сосын, газетті бөлшектерге
бөлеміз. Сосын желім арқылы шарға жабыстырып шығамыз. 5-10 қабат
етіп. Шарды байланған жерінен орын
қалдырамыз.
-
Ары
қарай шар кепсін.
-
Шар
кепкенше йогрут немесе басқа да банканы алып түрлі-түсті қағазбен
әсемдейміз
-
Банканың төрт шетінен тесеміз
-
Банка
мен шарды жіппен байланыстырамыз. суреттегідей
Әуе шары
дайын!
- біздің алдымызда
қандай мақсат тұр еді, мақсатымызға жеттік
пе?
- міне, Тұймеқызға көмек бердік,
жарайсыңдар!
|
|
5 Рефлекция
(31-36 минут)
|
- біз бүгін не жасап
үйрендік? (әуе шарын жасауды)
- Әуе шарын жасау үшін бізге
қандай құралдар қажет болды? (шар, газет, желім, қайшы, түрлі-түсі
қағаз, жіп, банка)
- Өз жұмысына кімнің көңілі
толды? (балалардың жауабы)
- кімнің шары сендерге
қаттырақ ұнады? (балалардың ойы)
- жарайсыңдар, балалар! Біз
түймеқыздың ертегілер еліне түсуіне көмек
бердік
|
|
6. Уйге
(36-37 минут)
|
Әуе шары туралы жалпы мәліметтер жинақтап
келу
|
|
орнын жинау
(38-40 минут)
|
Сабақ
аяқталды!
Қазір, барлығымыз өз орнымызды
жылдам, ұқыпты етіп жинаймыз!
|
ОҚО Қазығұрт
ауданы
«Ақжар» жалпы
орта мектебі»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
технология пәнінің
мұғалімі:
Байжанова
Айдана Ергалиевна
Еңбек өтілі 5
жыл