400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әуе шарларымен қиялға шолу" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Әуе шарларымен қиялға шолу" 3-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әуе шарларымен қиялға шолу

Сабақтың мақсаты:: Әуе шары туралы түсінік беру, және оның жасалу жолын үйрету

Түрі: Ашық сабақ

Көрнекілігі: Суреттер, ғаламтор материалдары

Қажетті құрал-жабдықтар: Оқушылар үшін: шар, газет, ПВА желімі, түрлі-түсті қағаз, қайшы, вазелин, шүберек, жіп

Мұғалім үшін: Түймеқыздың хаты, дайын бұйым


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

1.Ұйымдастырушылық кезең

(1-4 минуты)


Ертегідегі әуен ойнап тұрады, балалар өз орындарына келіп жайғасады

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір-бірлеріне сәттілік тілейік!

Шаттық шеңбері

2. Ой қозғау кезеңі

(5-10 минут)


- балалар, бүгін таңертең маған хат келді, конверттің сыртына «Көмек беріңізші!» деп жазылған екен.

- қалай ойлайсыңдар, хат кімнен келді екен?

(Ертегі батырынан)

  • Ендеше, хатты біргелікте ашып көрейік, кімнен келгенін

(мұғалім конвертті ашып, хатты оқиды)

«Құрметті балалар! Менің басыма үлкен қайғы келіп түсті. Мені жалмауыз кемпір ұрлап кетті, қазір мен гүлдің жапырағындамын. Мен ертегілер әлеміне түскім келеді. Мен сендерден өтінемін, көмектесіңдерші. Ол үшін мағаш әуе шарын жасап беріңдерші, сол арқылы ертегілер еліне ұшып кетейін. Сендерді тағатсыздана күтемін...»

- Балалар, сонымен хат кімнен келген екен?

(Түймеқыздан)

3. Негізгі бөлім

(11-15 минут)


- Түймеқыздың басына үлкен іс түсіпті.

- ол бізден қындай көмек сұрап жатыр? (ұшатын құрал)

- қандай ұшатын құрал түрлерін білесіңдер? (оқушылар атай бастайды, ұшақ, тікұшақ, ракета, әуе шары)

- дұрыс, біз осы ұшу құралдары үшінен ең жеңілін қолымыздан келетінін жасап, Түймеқызға көмек берейік!

- демек, біз Түймеқызды құтқару үшін қандай құрал жасаймыз? (әуе шары)

- дұрыс, бүгін сендерге өті жауапты іс тапсырылып жатыр

4. Өз бетінше жұмыс.

(15-30 минут)

- ендеше, балалар, уақытты өткізбей парта үстіндегі заттарды пайдалана отырып, іске кірісейік

Жұмыстың барысы:

    1. Алдымен, шарды керекті мөлшерде үрлеп аламыз.

    2. Сосын, газетті бөлшектерге бөлеміз. Сосын желім арқылы шарға жабыстырып шығамыз. 5-10 қабат етіп. Шарды байланған жерінен орын қалдырамыз.

    3. Ары қарай шар кепсін.

    4. Шар кепкенше йогрут немесе басқа да банканы алып түрлі-түсті қағазбен әсемдейміз

    5. Банканың төрт шетінен тесеміз

    6. Банка мен шарды жіппен байланыстырамыз. суреттегідей

Әуе шары дайын!

- біздің алдымызда қандай мақсат тұр еді, мақсатымызға жеттік пе?

- міне, Тұймеқызға көмек бердік, жарайсыңдар!

5 Рефлекция

(31-36 минут)

- біз бүгін не жасап үйрендік? (әуе шарын жасауды)

- Әуе шарын жасау үшін бізге қандай құралдар қажет болды? (шар, газет, желім, қайшы, түрлі-түсі қағаз, жіп, банка)

- Өз жұмысына кімнің көңілі толды? (балалардың жауабы)

- кімнің шары сендерге қаттырақ ұнады? (балалардың ойы)

- жарайсыңдар, балалар! Біз түймеқыздың ертегілер еліне түсуіне көмек бердік

6. Уйге

(36-37 минут)

Әуе шары туралы жалпы мәліметтер жинақтап келу

    1. жұмыс

орнын жинау

(38-40 минут)


Сабақ аяқталды!

Қазір, барлығымыз өз орнымызды жылдам, ұқыпты етіп жинаймыз!






ОҚО Қазығұрт ауданы

«Ақжар» жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

технология пәнінің мұғалімі:

Байжанова Айдана Ергалиевна


Еңбек өтілі 5 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі