400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әуежайда" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы:Әуежайда Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқыған, тыңдаған мәліметтерді түсіну, өз ой-пікірлерімен бөлісе білу және байланыстыра сөйлесуге бағыттау; Дамытушылық :оқушылардың логикалық ойлау , сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту; аттестацияға дайындықты тереңдету; Тәрбиелік :қоғамдық ортада өз міндеттерін орындауға, жауапты болуға тәрбиелеу; Сабақтың әдіс-тәсілі: іздену, талдау,сөздік қорларын толықтыру,сұрақ-жауап, Оқыту технологиясы: Блумның мақсат қою технологиясы Психологиялық ахуал орнату «Жүректен жүрекке» Сабақтың мақсатымен жүру барысымен таныстыру. 1.Мәтінді оқып,түсіну 2.Өз көзқарасын,ойын айту 3.Грамматикалық тапсырмалар 4.Диалогке түсуі 5.Тест бойынша бірін-бірі бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның

«Пески орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Нуртазина Бактыгул Ержановна


11-сынып

Сабақтың тақырыбы:Әуежайда

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқыған, тыңдаған мәліметтерді түсіну, өз ой-пікірлерімен бөлісе білу және байланыстыра сөйлесуге бағыттау;

Дамытушылық :оқушылардың логикалық ойлау , сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту;

аттестацияға дайындықты тереңдету;

Тәрбиелік :қоғамдық ортада өз міндеттерін орындауға, жауапты болуға тәрбиелеу;


Сабақтың әдіс-тәсілі: іздену, талдау,сөздік қорларын толықтыру,сұрақ-жауап,

Оқыту технологиясы: Блумның мақсат қою технологиясы

Психологиялық ахуал орнату «Жүректен жүрекке»

Сабақтың мақсатымен жүру барысымен таныстыру.
1.Мәтінді оқып,түсіну

2.Өз көзқарасын,ойын айту

3.Грамматикалық тапсырмалар

4.Диалогке түсуі

5.Тест бойынша бірін-бірі бағалау

оқып,т

Білу

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыздарғ, кестені «дұрыс», «дұрыс емес» екенін анықтаңыздар

«Құрметті жолаушылар! Сіздер AN–24 ұшағының бортындасыздар. Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға болмайды. Белдіктеріңізді ілгектеңіздер. Ұшақта темекі тартуға тыйым салынады, ұшақ 10 000 метр биіктікте, сағатына 1000 шақырым жылдамдықпен ұшып келеді. Егер сіздерге бір нәрсе қажет болса, стюардессаны шақырыңыздар. Ол үшін оң жақтарыңыздағы тетікті басыңыздар. Сапарларыңыз сәтті болсын!


Мысалдар:

Дұрыс +

Дұрыс емес -

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға болады.



Белдіктеріңізді ілгектеңіздер.



Ұшақта темекі тартуға тыйым салынбайды



Бір нәрсе қажет болса стюардессаны шақырыңыздар.





Түсіну

















Александр мен Наталья үшін







Бүркіт пен Бекжан үшін

4-тапсырма. Бос орынды толтырыңдар.

Әр адам ұшақтың ішінде:

-Өзін-өзі ұстауға;

-Ұшақтың қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

______________________________________

______________________________________

______________________________________ міндетті.



Әр адамға ұшақтың ішінде:

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________ тыйым салынады.



2-тапсырма. Жағдаят бойынша өз ойларыңды білдіріңдер.


- Егер ұшақтағы сенің көршің жоғарыда аталған қауіпсіздік ережелерін сақтамай отырса, сен не істер едің?

- Ұшақтағы сенің көршіңнің жағдайы болмай отырса, сен не істер едің?



6-тапсырма. Осы пікірді қалай өрбітер едіңдер.


А.“Адамның адам болып, тұлғаланып, кемелденуіне сөздің атқаратын рөлі баға жеткісіз. “Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше” дегендей, адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танып, өзін де сөз арқылы танытады”


Б.Ұшақтағы ұстанар негізгі қазық, әрине, өзара сыйластық, өзіңді де, өзгені де құрмет тұту. Осындай ортада адамгершіліктің негізгі қарапайым нормасы – кісіге деген ілтипат пен ізгілік.


Ілтипат, ізгілік сөздерін қалай түсінесіз?




Қолдану

«Алма-кезек» стратегиясы

Оқы, жағдаятты өз ойыңмен жалғастыр

Әуежайда бір әйел кісі ұшаққа мінетін уақытын күтіп отырған болатын. Уақыты ұзақ болған соң қорапқа оралған печенье сатып алып, (өз ойларын айтады)....................

кітап оқи бастады. Сәлден соң көрші орындыққа бір кісі келіп жайғасты да, ол да кітабын шығарып, оқуға кірісті. Әйел қасында тұрған қораптан бір түйір печеньені ала бергенде

(өз ойларын айтады)...........................

жаңа келіп отырған көршісінің де , қорапқа қол созғанын байқап қалады.Бейтаныс кісінің әдепсіздігіне ашуланып,............................

(өз ойларын айтады)

ұрсып тастағысы келді де өзін әзер тежеді. Қорапқа қолын созған сайын ол кісі де бір түйірден алуын тоқтатпады. Үндемеген сайын басынған көршінің бейәдеп тірлігі ашуын шегіне жеткізді. Осылай іштей арпалыста отырғанда ................................................

(өз ойларын айтады) қорапта бір-ақ дана печенье қалады. Енді не істер екен деп отырғанда әлгі кісі ...........................................

(өз ойларын айтады)

еппен оны екіге бөледі де, жартысын қорапта қалдырып, әйелді одан әрі ......................... (өз ойларын айтады)

таң қалдырады. Арсыз әрекетке әбден ашуға булығып, орнынан тұрады да, кітабын қолтықтап ұшаққа беттейді. Ұшақтағы орнына жайғасып, әлгінде болған жайтты санасына әлі де сиғыза алмаған күйі қол сөмкесін ашса, ...........(өз ойларын айтады) бағана сатып алған қораптағы өз печеньесі сол қалпы тұр! Күтпеген көрініс маңдайына үлкен соққыдай болып тиді. Артынша тұла бойын ұят кернеп өзін қоярға жер таппады. Әлгі бейтаныс кісі кінәлағанындай емес, керісінше .................... (өз ойларын айтады) нағыз ұстамды әрі жомарт кісі болып шықты.
Осылайша, кейде өзгені 100 пайызға кінәлап, өзімізді ....
(өз ойларын айтады) сүттен ақ, судан тазадай сезінеміз. Шын мәнінде айыптаушымыз адамгершілігі мол, бізден өресі биік, ұстамды әрі кішіпейіл жан болуы мүмкін.
Айыптауға асықпайық! Өзімізді тексеріп алу артық етпес ешқашан.


Талдау

  • Жұптасып отырып 5-тапсырманы орындаңдар

А.Грамматикалық тапсырмалар

А) Мәтінде асты сызылған сөздердің құрамын ажыратыңдар. 

Ә) Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға және темекі тартуға тыйым салынады.

 Б)Қызылмен берілген сөзге морфологиялық талдау жаса.


Жинақтау


«Ашық сұрақтар» стратегиясы

8-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. Берілген сөйлемдегі етістіктің шағын атаңдар.

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға болмайды.

А) болжалды келер шақ;

В) мақсатты келер шақ;

С) бұрынғы өткен шақ;

Д) ауыспалы осы шақ;

Е) жедел өткен шақ;


2.Барыс септігінің жалғауы бар сөзді тап.

Ұшақта темекі тартуға тыйым салынады

А) салынады

В) Ұшақта

С) темекі

Д) тартуға

Е) тыйым


3.Көсемше тұлғасында тұрған етімтікті анықта

А)ұшып келеді

В) болсын

С) шақырыңыздар

Д)салынады

Е) ілгектеңіздер


4.Шартты рай формасындағы етістікті анықта.

А) Құрметті, жолаушылар!

В) қажет болса

С) Сіздер AN–24 ұшағының бортындасыздар

Д) Сәтті болсын!

Е) Стюардессаны шақырыңыздар.


5)Сөйлемге қойылатын шылауды тап.

Ол ... оң жақтарыңыздағы тетікті басыңыздар.

А) дейін

В) туралы

С) кейін

Д) үшін

Е) сондықтан

6) «Белдіктеріңізді» сөзіндегі жалғаулардың ретін анықта.

А) көптік, септік, тәуелдік

В) жіктік, көптік, тәуелдік

С) көптік, тәуелдік, септік

Д) септік, тәуелдік, жіктік

Е) көптік, жіктік, септік

7)Кіріккен сөзді анықта.

Егер сіздерге бір нәрсе қажет болса, стюардессаны шақырыңыздар.

А) шақырыңыздар.

В) қажет болса

С) бір нәрсе

Д) стюардессаны

Е) сіздерге

8) Сөйлемнен есімдіктің мағыналық түрлерін анықта.

Ол үшін оң жақтарыңыздағы тетікті басыңыздар.

А) жіктеу

В) сілтеу

С) жалпылау

Д) болымсыздық

Е) белгісіздік

9) Сөйлемнің түрін анықта

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға болмайды.

А) жақты

В) жақсыз

С) атаулы

Д) жалаң

Е) толымды

10) Сөйлем ішінен мекен пысықтауышты анықта

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға және темекі тартуға тыйым салынады.


А) тыйым салынады.

В) телефонды пайдалануға

С) ұялы телефонды

Д) ұшақтың ішінде

Е) темекі тартуға

Бағалау

Критерий арқылы өз білімдерін бағалап шығады

Үй тапсырмасы

Үйге:7-тапсырма.«Қоғамдық орындағы мәдениет» тақырыбында өз ойларыңды дәлелдеп жазу.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1092
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі