жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Ә.Ысқабай «Қамқорлық». Әдебиеттік оқу
|
Сыныбы |
2 «б»- сынып Әдебиеттік оқу |
||
|
Тақырыбы |
Ә.Ысқабай «Қамқорлық» |
||
|
Мақсаты |
Мәтіндегі басты кейіпкерге талдай жасай отырып, мәтіннің тақырыбын, идеясын ашуға жағдай туғызу. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
А) Мәтін мазмұнын түсіне отырып, өз ойларын нақты айта алуға, қорытынды жасай білуге дағдыланады. |
||
|
В) Шығармашылық жұмыс арқылы ойын сауатты, әдеби тілмен жеткізе білуге үйренеді. |
|||
|
С) Кітап оқуға деген қызығушылықтары артады, қайырымдылыққа, үлкендерді сыйлауға, адал достыққа, халқымыздың нақыл, ақыл сөздерін жадыларына сақтауға үйренеді. |
|||
|
Дереккөздер, құрал-жабдықтар |
Әдебиет оқулығы,2-сынып. Алматы: Алматыкітап 2014. З.Муфтибекова, П,К, Жаманқұл. 45-46 беттер.Методикалық нұсқаулық,дидактикалық материалдар,флипчарт. АКТ «Жақсылық жасау» таныстырылым, үлестірмелі парақшалар, постер, маркер. |
||
|
Сабақтың барысы |
Уақыты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
Кіріспе |
30 сек 2 мин 1 мин 3 мин |
Сәлемдесу,түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық (магнитофоннан әуен
жіберіледі). Балалар үштүрлі фигураны алып тақта шығып құрастыра қояйықшы не шықты? -Дұрыс үй шықты. -Үйде кімдер тұрады? Әке. Ана. Бала. Топтық және ортақ ереже құрастыру Үй жұмысын «Ыстық орындық » әдісі арқылы тексеру |
Оқушылар оқу құралдарын түгендеп,мұғаліммен амандасады. Оқушылар барлығы көздерін жұмып, ойша елестеді, алған әсерлерін бөліседі. Әр топ топтық ереже құрып қорғайды. Сыныпқа ортақ ереже шығарады:
«Әдеп» мәтіні бойынша оқушылар дайындап келген сұрақтарын «ыстық орындықтағы» оқушыға қояды. Жазған эсселерін оқиды. |
|
Тұсаукесер |
2 мин |
АКТ «Балапан мен мысық» туралы мәтінді интерактивті тақтадан дауыстап оқу. -Асан не істеді? -Оның істегенін бір сөзбен қалай айтуға болады? Қамқорлық сөзін қалай түсінесіңдер?
Қамқорлық
|
Оқушылар мәтінді тыңдап, талқылау арқылы сабақтың алгоритмін ашады. Дәптерлерін ашып жаңа сабақты жазып алады. -Құстарға ұя жасады -Балапанды құтқармақ болды -Балапанды ұясына салды -Қамқорлық Қайырымдылық Мейірімділік Кішіпейілділік Әдептілік Жақсылық |
|
Негізгі бөлім |
3 мин оқу 3 мин топта талдау 4 мин басқа топта талдау 5 мин 6 мин 2 мин |
1.ЖИГСО әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгеру. 1-топ: Мәтіннің басы 2-топ: Мәтіннің ортасы 3-топ: Мәтіннің соңы АКТ. Сергіту сәті «Көңілді күн» СТО 2. Топпен жұмыс (постер қорғау) Постер қорғау Бағалау |
Әрбір топ өздеріне берілген мәтінді оқып талдайды. Уақыт біткен соң топ мүшелері басқа топқа барып өз түсініктерін айтады. Қайта келгенде жаңалықтарын бөліседі. Оқушылар қимылды қайталайды 1топ: Басты кейіпкерге мінездеме беру 2 топ: Бес жолды өлең жазу 3 топ: Алтынгүлге хат жазу Спикерлер қорғайды Қолпаштау |
|
Қорытынды |
2 мин |
- Шығарманың аты - Шығарма кейіпкерлері - Басты кейіпкер - Кімге көмек берді? - Оқиға орны - Негізгі идеясы, түйінді сөз «Жақсылық жасау» видеоролик көрсету |
Оқушылар бейнероликті мұқият қарайды, өз ойларын айтып сабақты қорытындылайды. |
|
Үйге тапсырма |
1 мин |
«Қолымнан келетін қамқорлық» әңгіме жазу |
Өздерінің жасаған қамқорлықтары туралы жазады. |
|
Бағалау |
4 мин |
Мұғалім бағалайды. Бағдаршаммен бағалау |
Оқушылар бүгінгі күннен алған әсерлерін бағдаршаммен бағалайды. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген