|
Балалар, мен сендерге жұмбақ
жасырайын, Сендер шешімін табуға тырысыңдар.
Қорбаң, қорбаң
жүреді,
Балды жақсы көреді. Бұл
не?
Жұмбақтың шешуі:
Аю.
-Балалар, міне мынау аю. Аю
орманда жүреді, оның түсі қоңыр болады.Аю жеміс-жидекпен, балықпен
коректенеді. Ол қыста ұйықтайды.Оның неше көзі бар екен,? Неше
құлағы бар? Неше аяғы бар? Аузы бар, мұрны бар
екен.
Ал мынау, балалар, бұл да аю,
бірақ түсі ақ екен. Ол өте суық жерде өмір сүреді, оның терісі
қалың болғандықтан ол тоңбайды. Ол судың ішінде жүзіп жүріп , балық
аулап күн көреді.
Екі аюды қатар қойып
салыстыру.
-Балалар, мен сендерге тағы
бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Секең, секең
етеді
Құлағы дір, дір
етеді.
Өзі қорқақ
Өзі жалтақ , бұл
не?
Дұрыс айтасыңдар. Балалар, бұл
қоян екен.
Қоян орманда өмір сүреді. Ол
өте қорқақ. Оның түсі ақ, сұр қояндар да болады екен? Неше көзі
бар? Неше құлағы бар? Құлақтары қандай екен? Ал аюдың құлағы ше? Аю
қандай? Ал қоян қандай?
Дидактикалық
ойын.
Жүрісін сал.
Аю қалай
жүреді?
Қоян қалай
жүреді?
Түлкі қалай
жүреді?
Құс қалай
ұшады?
-Ал балалар мен сендерге мына
аю мен қоянның достығы туралы әңгіме айтып
берейін.
Аюдың аты
Қорбаңбай
Қоянның аты
Секеңбай
Қораңбай аю орманда жүріп
шаршап келе жатса алдында үлкен бір ағаш өсіп тұр
екен,
-Ой ,мынау не деген үлкен ағаш
осы ағаштың көлеңкесінде жатып демалып алайын -деп аю Қорбаңбай
жатып ұйықтап қалыпты, осы кезде секеңбек Секеңбай да орманда жеміс
жинап жүреді. Секеңбай қоян өзі сондай қорқақ. Қорқып жан- жағына
жалтақ-жалтақ қарайды. Ағаш басындағы әдемі алмаларды
көріп,
-Ой ,мынау жерде не деген
жемістер көп деп таңқалып тұрып, байқамай аюдың аяғына тиіп
кетеді.
Аю :
-Мені оятқан сен бе, Секеңбай?
Қап сені ме? Не істесем екен?
-Ой,ой Қорбаңбай аға мені
кешіріңізші, мен байқамай қалдым.Мен жеміс жинап жүр едім, міне
,алыңыз жеп көріңіз.
Аю алманы
жеп,
-Қандай дәмді алма, жарайды
,сені кешірдім, өзің тәртіпті, жомарт қоян екенсің ,енді мен саған
көмектесейін -дейді.
Себетің ауыр сияқты, оны
көтеріп үйшігіңе жеткізіп берейін. Қораңбай аю Секеңбай қоянның
себетін үйшігіне әкеліп берді.
Қоян қуанып рахметін айтады.
Содан бері аю Қораңбай мен қоян Секеңбай дос
болыпты.
-Әңгіме сендерге ұнады
ма?
-Аюдың аты кім еді? Ал қоянның
аты кім еді?
-Қоян Секеңбай орманда істеп
жүрді?
-Қораңбай не үшін
ашуланды?
-Секеңбай Қораңбайға не
берді?
-Қораңбай Секеңбайға қалай
көмектесті.
|