жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Ауырлық күші дегеніміз не?
Авторы: Баймурзаева Молдир Армановна
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
Пәні:Жаратылыстану 5-бөлім: «Табиғат физикасы. Күш пен қозғалыс» |
Мектеп: Абай атындағы жалпы орта мектебі |
||
Күні:28.02.2020 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні:Баймурзаева М.А. |
||
Сынып: 3 «А» |
Қатысқандар:25 Қатыспағандар саны:0 |
||
Сабақ тақырыбы |
Ауырлық күші дегеніміз не? |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.5.1.2 - ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру 3.1.2.3 -экспериментті жоспарлау және жүргізу
|
||
Сабақ мақсаттары |
Ауырлық күші туралы түсінік қалыптастыру. Тәжірибе жасау барысында қорытындылар жасауға төселдіру. Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||
Бағалау критерилері |
Ауырлық күші бақыланатын заттарды анықтайды |
||
Тілдік мақсаттар |
Күш, серпімділік, ауырлық, тартылыс заңы, .т.б. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Өмір бойы білім алу |
||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, дүниетану, қазақтілі |
||
Алдыңғы білім |
Серпімділік күші |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру. Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Күндей болып әрқашан, Күлімсіреп жүрейік! Алдыңғы білім «Жедел жауап» әдісі -Серпімділік күші дегеніміз не? -Серпімді дене дегеніміз не? -Серпімсіз дене дегеніміз не? -Серіппе серпімді дене ме? -Ермексаз қандай дене? Кері байланыс «Смайликтер арқылы» Жаңа білім Суретпен жұмыс: «Бейнежазба» тамашалау Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын анықтау. Көргендерін кері қайталатып жасайды. Оқушының біреуіне доп беріп, екі қолымен жоғары көтеріп ұстап тұрып, допты төмен жібере салуын сұрау. Басқа балалар мұқият бақылап отырады. Олардан не байқағандарын сұрау. Доп еденге түсті. Енді бала допты алға қарай лақтырады. Балалар доп бұл жағдайда да жерге түсетінін айтады. Оқушылардан егер допты жоғары лақтырса не болатынын болжау. Жоғары лақтырылған доп та жерге түсетінін айтады. Доп ұстап тұрған оқушы допты жоғары лақтырып көрсетеді. -Неліктен әр жағдайда да доп жерге түседі? Ауырлық күші дененің массасына қалай бағынады? Кез келген зат: көлденең бағытта лақтырылған доп, тас, жоғары секірген адам және т.б., жоғарыдан төмен Жерге қарай ауырлық күшінің әсерінен құлайды. Ауырлық күші дегеніміз – Жердің өзінің маңайындағы не үстіндегі барлық денелерді, яғни адамдарды, ағаштарды, суді, үйлерді, Айды және т.б. өзіне тарту күші. Ауырлық күші дененің салмағына және Жердің кіндігіне қарай бағытталған. Суреттерде ауырлық күші төменге қарай бағытталған нұсқарлармен көрсетілген. Ауырлық күші дененің массасына тәуелді. Бірақ бұл дененің құлау уақытына әсер етпейді. Жер бетіндегі барлық дене массасына қарамастан бірдей құлайды, олардың жылдамдығы әр секунд сайын шамамен 9,8 м/с-ге артады. Дүниежүзілік тартылыс күшін ағылшын физигі Исаак Ньютон ашты. Аңыз бойынша, ол бұл жаңалықты бақшадағы алманың құлауын бақылай отырып ашқан. |
презентация
Оқушылар допты қағып алып, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың пікірі тыңдалады.
Оқушылардың жауаптарын тыңдау |
|
Сабақ ортасы Топтық жұмыс
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
|
«Ойлан. Бірік. Талқыла» стратегиясы. Топтарға тапсырма.
2-топ: Зілтемір неге ауыр? Денені көтергенде, біз оның ауырлық күшін жеңеміз. Ауырлық күші дененің массасына қалай бағынады? Түсіндіріп көр.
3-топ: Дене орналасқан зат тірек деп аталады. Тіректе жатқан немесе ілініп тұрған денеге ауырлық күші әсер ете ме? Ауырлық күші қайда бағытталған? Үстелге массасы әр түрлі заттарды қойып, оқушыларға қай зат ауыр екенін анықтауын сұраy. Оқушылар заттардың сырт пішініне қарай өз болжамдарын айтады. 4-топ:Зертте. Қай дене жерге тезірек құлайды: жеңілі ме әлде ауыры ма? Оқушылар осы сұраққа жауап іздейді. Ол үшін балалардың біреуі массалары екі түрлі затты екі қолына ұстап, бір мезетте жоғарыдан төмен қарай тастап көруі керек. Ал басқа оқушылар заттардың еденге түсу мезетін қадағалауы керек. Осылайша әр түрлі заттармен бірнеше қайталап бақылауға болады. Жел улейді у-у Құйын келіп билейді зу-зу Қатты-қатты жел соқты гу-гу Жапырақтар қол соқты ду-ду Жұмыс парағын үлестіріп, бағалау жүргізу. «Сен білесің бе ?» Жерден ұшырылған жасанды серік те ауырлық күшінің арқасында Жерден алыстап кете алмайды, оны айнала қозғалады. «Ашып көр» әдісі. Сұрақ-жауап «Ойлан» айдары бойынша оқушы пікірін тыңдау. Егер дене құдыққа түсіп кетсе не болады? Есте сақта! Ауырлық күшінің әсерінен денелер Жерге тартылады. Ауырлық күші ғаламшардың ортасына қарай бағытталады әрі дененің массасына байланысты болады. Дененің құлау жылдамдығы оның массасына байланысты емес. |
Оқушылар топтық тапсырманы зерттейді, қағазға түсіреді немесе ауызша айтады, Мысал келтіреді. Тәжірибе жасап көрсетеді.
Оқушылардың жауаптарын тыңдау Зерттеу жұмысын көрсетеді. Зілтеміршілердің зілтемір көтеру сәтінен бейнежазба көреді.
Тәжірибе жасайды.
Су құйылған бөтелкелерді отырғыштың үстіне шыққан оқушы бір сәтте тастап жіберіп оның жерге түсу уақытын анықтайды. Оқушылар сергіту сәтін жасайды. Жұмыс парағын толтырады.
Пікір талас
|
|
Сабақтың соңы
Кері байланыс |
«Ашып көр-жауап бер» әдісі. Бүгінгі білімдерін қорытындылайды.
Суретке жабыстыру арқылы кері байланыс береді. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Бүгінгі сабақтаган алған әсерлерін суретке жабыстырады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген