400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әз Наурыз –Армысың!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Ұлыстын ұлы Наурыз мерекесі мен таныстыру, салт-дәстүрді көрсету, ұлттық ойындарды бойларына дарыту, ұлтжанды болуға, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу. Салт -дәстүрді есте сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әз Наурыз –Армысың!

Мақсаты:Балаларды Ұлыстын ұлы Наурыз мерекесі мен таныстыру, салт-дәстүрді көрсету, ұлттық ойындарды бойларына дарыту, ұлтжанды болуға, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.Залда әсем әуен ойнап тұр. Мейрам өтетін жер салт-дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерге екі жаққа бөлініп отырады.

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

О, жараңдар, жараңдар

Бермен қарай қараңдар.

Наурыз тойы басталды.

Ақ пердесі ашылды.

Ортаға екі бала төс қағыстырып, аман-саулық сұрасады.

Данияр: Ассалаумағалейкум! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Нурислам: Уағалейкүм ассалаум! Ұлыс оң болсын! Пәле-жала жерге енсін!

Мансүр: Біздің ауылдың балалары мерекеге дайындаған өнерлерің бар ма?

Балалар:Бізде өнер жетерлік.Ендеше балаларды Наурыз тойын тойлауға шақырайық.

Тәрбиеші:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

Әже кіреді.

Әже:

Наурызым, құт әкелсін елімізге,

Береке, ырыс кірсін жерімізге.

Жаңа жыл елімізді жарылқасын!

Қиналып әр отбасы тарықпасын,

Ата-әжесі келгенде қуанғандай

Немерелерім, сендерді қуаныштан арытпасын.

Музыка әуенімен Қыдыр ата кіреді.

Қыдыр атаның сөзі:

Ассалаумағалейкум ! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын Наурыз тойы құтты болсын!

Қыдыр ата өзін таныстырады.

Қыдыр(Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры,оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші,бақыт,береке,өмір сыйлаушы қасиет иесі,кемеңгер,әулие,көріпкел,жарылқаушы қарт.Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп,әр шаңыраққа соғып бата береді.Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп,өздерінің жанын да,тәнің де,киер киім,ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады.Үйдің іші-сыртың,қора-қобысың тазартып,ағаш егіп,өсімдікке су құяды.Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан.

Тәрбиеші: Қыдыр ата Әже ендеш біздің ауылдың балаларының Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Данияр: 8 топ.

Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы халықтың,

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!

Айғаным : 10 топ

Көз тігіп күнге барлығы

Бүршігін жарса әр гүлі

Халыққа бақыт тілеген

Бұл наурыздың жарлығы.

Аяулым:

Қунайық,халайық

Наурыз келді,Жар салып,

Жаңа жылды тойлайық

Би билейік, ән салып.

Илияс:10 топ

Міне келді көктем де

Күн ұзара бастады

Улап-шулап балалар

Ағаштардың басына ұя салып тастады.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар мерекеге арнаған әнімізді тыңдайық.

Ән: «Наурыз тойы» 10 топ

Ясмин:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа бөленді,

Соны тойлап ел енді,

Қуанышқа кенелді.

Алина :10 топ

Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді.

Аниша : 10 топ

Жарқырап тұр күніміз

Жарқырап тұр гүліміз

Бақта бұл-бұл сайрасын.

Жанель:10 топ

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.







Тәрбиеші: Біздің Наурызбай ауылының әдемі аруларымыздың « Асатаяқ» биін тамашалайық.

Би:« Асатаяқ» 8 топ.

Тәрбиеші: Құрметті ата, әже бізге осы Наурыз тойына «Бөгенбай» ауылының қонақ қыздар келіп отыр. Ендеше осы ауылдың қыздарының биін тамашалайық

Би: «Домбыра» 10 топ

Тәрбиеші:Балалар сендер Наурыз көже қалай әзірленетінін білесіңдер ме? Ендеше Әжеміз көжені қалай жасалатынын айтып берсін.

Әже:

Наурыз көже:Ұлыстың ұлы күні әзірленетің ас.Наурыз көже аса қасиетті ас саналады.Ақ (сүт,айран,қатық),қызыл (қысқы соғым ет),дән (бидай,тары,күріш,бұршақ),көк (пияз,сарымсақ,сәбіз), т.б. қосылған.Наурыз көже жеті түрлі дәмнен дайындалады.1.Тұз.

2.Су.

3.Ақ (құрт,қатық,айран).

4.Ет (соғымнан қалған).

5.Кеспе.

6.Бидай (келіге түйілген).

7.Күріш не тары.

Тәрбиеші: Балалар Наурыз мерекесі көктем мезгілінде тойланады. Ендеше Наурызбай ауылының әнін тындайық

Ән: «Көктем» 8 топ.

Тәрбиеші:Жақсы рахмет балалар. Балалар сендер білесіңдер ме қазақ халқының дәстүрлері өте көп Мысалы: Тұсау кесу, сүндет той, қырқынан шығару, бесікке салу. Енді осы салт-дәстүрдің бірі «Бесікке салу» рәсімін көрсетеді.

Салт-дәстүр:Әже көрсетеді. Бесікке салу.

Қыдыр ата: бүгінгі той-тойға ұлассын деп көрші ауылдар арасында ойын ойнасақ қайтеді.

Ойын: «Күш сынасу»

Би: «Көкпар». 8 топ

Би: «Шабандоз» 10 топ

Ойын: «Арқан тарту»

Тәрбиеші:

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күні паш етейік,

Белгісін достық пенен мәңгіліктің.

Балалар, біздің бүгіңгі мейрамға Қыдыр ата келді, қасиетті бабамыздан бата сұрайық.

Қыдыр ата: (Бата)

Азамат боп ержетіңдер,

Ақылды болып ержетіңдер!

Азамат болыңдар көрікті,

Ғұмырың болсын берікті,

Азамат болыңдар ардақты,

Мінездерің болсын салмақты!

Өнерлі болыңдар, жан-жақты,

Осы айтқанның бәрі қабыл болып,

Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.

Тәрбиеші:

Ата біздің балала Наурызға бата бергісі келеді.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсің!

Барлық халық бақытты болсын!

Қош, сау болыңыздар, халайық!

Баршаңызды Наурыз дастарханынан дәм татуға шақырамыз.



№6 «Нұрай» балабақшасы













«Әз Наурыз – Армысың!»

№10 «Асық» тобы







Өткізген : Шарипова С.М



















Көкшетау 2015ж.

Қыдыр ата: (Бата)

Азамат боп ержетіңдер,

Ақылды болып ержетіңдер!

Азамат болыңдар көрікті,

Ғұмырың болсын берікті,

Азамат болыңдар ардақты,

Мінездерің болсын салмақты!

Өнерлі болыңдар, жан-жақты,

Осы айтқанның бәрі қабыл болып,

Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.

Алина :10 топ

Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді.

Аниша : 10 топ

Жарқырап тұр күніміз

Жарқырап тұр гүліміз

Бақта бұл-бұл сайрасын.

Жанель:10 топ

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.



«ҚҰСТАР-

біздің досымыз»























































Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; 
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге 
тәрбиелеу; 
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар. 
Барысы: 
І Кіріспе 
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер: 
«Наурыз құтты болсын!» 
«Жыл басы- наурыз!» 
«Наурыз құт әкелсін!» 
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» 
Залда әсем әуен ойнап тұрады. 
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты 
болсын! 
Келе жатыр жылымыз, 
Мейрамдаймыз мұны біз. 
Халқы сүйген мейрамды 
Қарсы алайық Наурызды! 
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) 
Наурыз қыз: 
Наурыз тойы-береке, 
Наурыз тойы-жыр аңыз. 
Қызып дулы мереке 
Қызық думан құрамыз. 

1 бала: Қош келіпсің Наурыз! 
Арман тойы халықтың. 
Қуанышы халықтың, 
Құтты болсын қадамың! 

2 бала: Би биледік бәріміз! 
Егін өңін толқытқан, 
Елдің көңілін шалқытқан. 
Бас иеміз- Наурыз! 

3 бала : Сені тойлап қарсы алып, 
Бар әлемге жар салып, 
Сәлем бердік, біз сізге! 







Жыл басы -Наурыз!

Мақсаты:  Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы ма

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі