400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Азайту амалына берілген есептер" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен "Азайту амалына берілген есептер" ашық сабақ жоспары, 2"сыныпқа арналанған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді: .............................

Сабақ

Пәні: Математика

Күні: 06.03.2017ж

Мұғалімі:

Сынып 1 «А »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Азайту амалына берілген есептер

Сабақка негізделген оқу мақсаты

1.5.1.1 есепті схема, сурет, қысқаша жазу түрінде үлгілеу; есепті шешуге қажетті тірек схеманы таңдау

1.5.1.3 ** қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Күтілетін нәтижелері


Барлығы: азайту амалына берілген есептерді талдайды және шығарады

Көбі: есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді; есепті шығару үшін тірек сызбасын таңдайды.

Кейбірі:есептер құрастырады және шығарады;

Тілдік мақсат

Азайту амалына берілген есептер,сызба.

Бастапқы білім

Есеп туралы ұғым

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық, жеке жұмыс

Ресурстар

барлық оқушыға таратуға арналған қыстап қалатын құстардың бетпердесі;“қыстап қалатын құстар” тақырыбына көрсетілім;тірек сөздер жазылған парақшалар

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


2 мин









3 мин










5 мин

















5 мин

Ұйымдастыру:

« Тамаша» Шаттық шеңберін құру

(Ұ)№1 Кіріспе тапсырма.

Қызығушылықтарын ояту:

  1. Жұмбақ шешу:

Қанаты бар талмаған,

Аспанда ұшып самғаған.

Жауы шыбын- шіркейден,

Табиғатты ол қорғайды. (Құс)

2.Жасырып сурет, ашу үшін өрнектерді орындарына отырып орындайды. Топтарға бөлінеді жауабында бір таңбалы, екі таңбалы сандар және толық ондықтар болады.Топта бір- бірін бағалайды «Бас бармақ» әдісі.( оң жақтағы бала), қайтарады. Оқушылар жауаптарына қарай бір таңбалы сандар, екі таңбалы сандар(бірлігі, ондығы бар), екі таңбалы (толық ондық)топтарына бөлініп отырады.

-Суретте нелерді көріп отырсыңдар?

Суық торғай, торғай, шымшық туралы қысқа мәлімет.Бір сөзбен не дейміз?

-Қазір үш топқа мәтіндер беріледі, сонын ішінен қайсысы есеп екенін табу қажет.

  1. Қарағай ағашында 10 құс отыр еді. 3 құс қорек іздіп ұшып кетті.Қарағай ағашта неше құс қалды?

  2. Қыс келді. Күн қатты аяз. Жердің бәрі аппақ қар басып кетті.Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті.Ал қыстап қалатын құстардан: торғай, тоқылдақ, қарға көгершін. Оларды суықтан мамығы мен қауырсыны сақтайды. Қыста азық табу қиын, сондықтан құстар қыс кезінде адамға жақын жүреді.

  3. Үйге кірші торғайым,

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын, жегейсің,

Үйшік жасап берейін.

Оқушылар есеп , есеп еместігін дәлелдейді.Топтар бір- бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Қорытынды есеп бөліктері: шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болуы қажет.. Топтарға атаулыры беріледі (Суық торғай, торғай, шымшық). Топ басшысы сайланады. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін алтын дән беріледі.

Сурет бойынша есеп құрастылып талданады.

Ағашта 10 құс отыр еді. 3 құс қорек іздіп ұшып кетті.Ағашта неше құс қалды?Интерактивті тақтада түсіндірмесі.

Шарты

Сұрағы

Шешуі

Жауабы

Ағашта неше құс отыр еді?­ (10.)-бұл бүтін бөлік

Неше құс ұшып кетті? (3)- бөлік

--Ағаш жанында неше құс қалды?

Біз қандай сызбаның көмегімен есептің шарты мен сұрағын нақтылап жазып қоя аламыз?

  • Есепте бүтін бөлігі белгілі ме?

Берілген есепте не белгісіз? (Бөлік.)

Біз қандай амалдың көмегімен есептің сұрағына жауап бере аламыз? (Азайту амалының көмегімен.)

Бұл қандай амалға берілген есеп? (азайту амалы)

Ендеше сабақты қандай есеппен танысамыз?

Шаттық шеңбері







барлық оқушылар таңдаған өрнектердің мәндерін табады;






Салыстыру, талдау, қорытынды жасайды

Ортасы


5 мин









2 мин


(Ж) №2 Оқулықпен жұмыс.( 64 бет).

Сурет бойынша постерге азайту амалына есеп құрастыруды топпен орындауды ұсыну.Назар аударту: құстар санын дұрыс санау

1 топ Суық торғай (7-2)

2 топ- торғай (9-2)

3 топ- шымшық туралы.(8-2)

Оқушылардың азайту амалын қолданып құрастырған өрнектерін дұрыс оқуына, азайту амалының құрамдас бөліктерін дұрыс орналастыруына көңіл бөлу.

Сергіту сәті
«Торғай»


Оқулық,

парақ қағазға жазылған есеп бөліктері







5мин












10 мин








3 Шығарып көр.

Оқушыларға суреттерде берілген санды өрнектерді тауып оқып, мәнін есептеуді ұсыну. Берілген жұмысты топта орындалады. Оқушылар санды өрнектерді тауып, әр оқушы кезекпен мәнін айтады. Бұл оқушылардың бірін-бірі оқытуына жағдай жасайды.

Шешуі:20 – 5 = 15 (күн).

Жауабы: 15 күн.

Бағалау критерийи:

Есептің бөліктерін табады, есепті шығарады.

Дескриптор:

  • Есептің негізгі бөліктерін мәтінен таба алады.

  • Есепті шығарып жауабын жазады.

Дәптермен жұмыс

Болаттың қамқорлығы. Тапсырманы орындау барысында­ оқушылар сызбаны айқындап алады, есептің шығарылуы мен жауабын жұмыс дәптеріндегі арнайы орынға жазады.

Жауабы:20 – 7 = 13 (күн).

Жауабы:13 күн.

Бағалау критерийи:

-Азайту амалына берілген есепті шығарады.

Дескрипторы:

-Есепті талдайды, сызбасын сызады.

-Есепті шығарады.

Тақтамен салыстырып өзіндік бағалау

Оқулық

парақшалар















Аяқталуы




3 мин

Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Құстар»


Құстар қанатын бояйды

Қосымша ақпарат

Саралау-тапсырмалары
І.
Орындап көр.

Құстар туралы мәлімет







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі