400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ әзірлемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: қасқыр қысты қалай өткізеді? (М.Дулатов).


Сабақтың мақсаты:

  1. Жабайы аңдар, олардың өмірімен таныстыру. Қасқыр, оның жабайы, жыртқыш аң екендігін ұғындыру, пайдасы, зияны туралы айту, түсінік беру.

  2. Әр түрлі ой дамыту стратегияларын пайдаланып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3. Табиғатты қорғауға, жан-жануарды, Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.

Көрнекіліктер: қасқыр т.б. жабайы аңдардың суреттері, ватман қағаз, М.Дулатовтың портреті т.б.

Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ -жауап, топпен жұмыс, 5 жолды өлең т.б. стратегияларды пайдалану.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, өмірмен, қоршаған ортамен байланыс.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 слайд)

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық. (2 слайд)

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп ұстазды көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

3. Қызығушылықты ояту. (3 слайд)

Геометриялық фигуралар таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Группа 14

Төртбұрыш: қыс туралы жұмбақ

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран боп соғады,

Бұл қай кезде болады?

(қыс)

Үшбұрыш: Жұмбақты шеш

Құстай ұшады,

Құландай жортады,

Қойдан да қорқады

Бұл не? (қоян)

Дөңгелек: Қар туралы мақалдар айтқызу.

Мысалы:

Ақ қар көп болса, ақ нан көп.

Қысың қарлы болса,

Жерің ылғалды болады.

Жерің ылғалды болса,

Еккенің нәрлі болады.

Бесбұрыш: Жабайы аңдар туралы қандай өлең білесің?

Осы сұрақтарға жауап берген сайын геометриялық фигуралар ашылады. Геометриялық фигуралардың астынан қасқыр, түлкі, аю, қоянның суреті шығады. Осы аңдардың суреттері арқылы оқушыларды төрт топқа бөлеміз: қасқыр, түлкі, аю, қоян.

Үй тапсырмасын тексеру. (4 слайд)

Қыс (5-8 слайд)

Болжау. (слайд)

1.Қасқыр қандай аң? (9 слайд)

2.Түлкі қандай аң? (10 слайд)

3.Қоян қандай аң? (11 слайд)

4. Аю қандай аң? (12 слайд)

5. Қасқыр болсаңдар, қандай қылық жасар едіңдер?

Осы суреттердің жаңа сабақпен байланысы бар ма?

4. Жаңа сабақ: (13 слайд)

-Бүгінгі танысатын тақырыбымыз М.Дулатовтың “Қасқыр қысты қалай өткізеді?”. (14 слайд)

М.Дулатов туралы (15 слайд)

Болжау стратегиясы бойынша мәтінмен танысу. (16 слайд)

Сөздікпен жұмыс. (17 слайд)

Топпен жұмыс. (18 слайд)

І топтың сұрағы:

- Оқиға қалай басталды?

- Жалғыз жүрген не?

- Неге ол жалғыз деп ойлайсың?

ІІ топтың сұрағы:

5 жолды өлең. Sinkvein жаздыру.

Мысалы:

Не? Қасқыр.

Қандай? Жыртқыш, жабайы, көкшіл аң.

Не істейді? Жортып жүрді, тамақ іздеді, ауылға келді.

Синоним: Жыртқыш аң.

Жалпы ойды қорытатын бір сөйлем жазу. Аш қасқырдың жағдайы нашар.

ІІІ топтың сұрағы:

- Осы аңдармен байланысты көрген мультфильмдеріңді дұрыс орналастыр (коллаж жасау).

ІV топтың сұрағы:

- Әңгіме қалай аяқталды?

- Қасқыр неге қораны аңдыды?

- Қасқыр нені жақсы көреді?

Сергіту сәті. (19 слайд)

Музыканың сүйемелдеуімен қасқырдың, түлкінің, аюдың, қоянның жүрістерін салып көрсету. (ПАПКА Сергіту сәті СЛАЙД ПЕН МУЗЫКАНЫ ҚОСУ)

Қасқыр туралы видео көрсету. (20 слайд) ФИЛЬМ


Видеодан не көрдік?

5. Зерттеу. (21 слайд)

(әр топ жауап бергенде, қасқырдың, түлкінің, аюдың, қоянның тіршілігі туралы видеолар көрсетіледі). ВИДЕОЛАР

Жалпы қасқырдың, түлкінің, аюдың, қоянның тіршілігі жайлы не білесіңдер?

Топтар осы аңдар туралы білгендерін ортаға салады.

-Осы аңдар жойылып кетсе, орманда қандай өзгерістер болады?


КӨРТЫШҚАН (22 слайд)

6. Қорыту, бекіту. (23 слайд)

- Осы әңгімеден қандай әсер алдыңдар?

Сондықтан, біз табиғатты қорғау керекпіз.

Табиғатты қорғау заңы (24 слайд)

Жер – біздің ортақ үйіміз. Оның бетіндегі тіршілік

иелері – біздің бауырларымыз. Біз олар үшін жауаптымыз. Ол үшін: Ауаны ластамау керек, құбырлардан шығатын түтінге шектеу қою керек. Өлекселерді қаладан шығарып, лақтырып тастамай, жерге көму жөн. Өсімдіктерді жұлмау керек. Қайта олардың өсуіне жағдай жасау керек.

Тал егу, гүл өсіруді көбейту.

Құзғындар мен жыртқыш аңдарды өлтіре бермеу керек.

Техниканы бір күнге тоқтатып алу жөн болады.

Өзендер мен көлдерді, теңіздер мен мұхитты мұнай қалдықтарынан тазартып,

балықтар мен жәндіктердің өмір сүруіне көмектесу керек.

Қызыл кітапқа енген аң мен құсты, өсімдік пен жәндіктерге тимеу керек. Бұлақтардың көзін ашқан жөн.

Табиғатты қорғауға жердің әр тұрғыны міндетті.

(25 слайд)

7. Кері байланыс.

"Аңдар" (Қажеттісіне оқушылар стикер жапсырады).

Қоян - көп нәрсені түсінген жоқпын.

Аю - біраз нәрсені түсіндім.

Қасқыр - бәрін де түсіндім.

8. Бағалау.

9. Үйге тапсырма: Мазмұндау. Мәтінде жоқ жабайы бір жануардың тіршілігі туралы дерек жинау. (26 слайд)






Мұғалімдерге берілетін рефлексия.


Ең сәтті өткен екі дүние

1.

2.

Ең сәтсіз өткен екі дүние

1.

2.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
970
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі