Материалдар / Ашық сабақ Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері

Ашық сабақ Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқаларға үлкен көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2023
614
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

9.2.1.20 сұйылтылған және конңентрлі азот қышқылының металмен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру;

9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру,реакция теңдеулерін құрастыру.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы:

- сұйытылған азот қышқылының химиялық қасиеттерін білу.

- азот қышқылының химиялық реакцияларының теңдеулерін жазу.

Көпшілігі :

- концентрлі азот қышқылының металдармен реакция теңдеулерін жазу.

- нитраттың термиялық айырылуының реакция теңдеулерін құрастыру.

Кейбіреуі:

- металдардың сұйытылған және концентірлі азот қышқылының ерекшеліктерін сипаттау.

- нитраттың айыру реакциясының ерекшелігін түсіну.

Бағалау критерийі

  • әртүрлі концентациядағы азот қышқылының белсенділігі әртүрлі металдармен қалай әрекеттесетіндігін түсінеді;

  • сәйкес реакция теңдеулерін құрады;

  • нитраттардың ыдырау ерекшеліктерін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: салыстырмалы тығыздықтың анықтамасын, қалай белгіленетінін, қандай формуламен табатынын айта алады. Газдың молярлық массасын анықтай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

нитраттар, азот қышқылы, селитра


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Азот қышқылының қандай ерекшеліктері бар?

2.Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде қандай газ түзілмейді?

Сіз неліктен.......екенін айта аласыз ба?

Сіз неліктен нитраттар деп аталатынын айта аласызба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: тапсырмаларды орындайды


Құндылық

тарды баулу

Бірлесе жұмыс жасау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, белсенді болу, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Математика, физика

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарлан-

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин









7 мин


















2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

- Амандасу,түгелдеу

- Оқушыларға тақтаға пошта жәшігінің ішінде хаттар тұрады соның ішінен бір хатты алып ішінде адасқан әріптерді құрастыру арқылы топтың атын табады,сол бойынша 2топқа бөлінеді.Азот қышқылы және нитраттар.

Өткенді қайталау

«Фри» әдісі:

1.Азот қышқылының құрылымдық формуласы? Жауабы:HNO3

2.Азот қышқылы-........ Жауабы:өткір иісі бар,түссіз сұйықтық

3.Азот қышқылын өндірісте қалай аламыз?

Жауабы:аммиакты ауадағы оттекпен өршіткі қатысында тотықтырып алады.

4.Аммиак судар ерігенде ...... Жауабы:аммоний гидроксиді түзіледі

5.Аммиак молекуласы қандай пішінді? Жауабы:пирамида пішінді

6.Аммиактың сулы ерітіндісі фенолфталеиннің әсерінен қандай түске ие болады? Жауабы:таңқурай түске ие болады

7.Зертханада азот қышқылын қалай алады? Жауабы:натрий нитратына концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесу арқылы алады

8.Азот қышқылы қайда қолданылады?

Жауабы:дәрі-дәрмек өндірісінде,қопарылғыш заттар алуда,пластмасса ыдыстар жасауда қолданылады

9.Аммиак суда ерігенде не түзіледі? Жауабы:аммиак суын түзеді

10.Аммиак қандай қасиет көрсетеді? Жауабы:тотықсыздандырғыш

11.Азот қышқылында азоттың валенттілігі және тотығу дәрежесі нешеге тең?

Жауабы:валенттілігі 4-ке,тотығу дәрежесі +5 ке тең

Әр оқушы өздеріне берілген сұраққа жауап береді.

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Ой қозғау» сұрақтары қойылады:

1.Азот қышқылының қандай ерекшеліктері бар?

2.Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде қандай газ түзілмейді?



Үлестірме қағаздары

Ортасы


10 мин









































8 мин












7 мин













Жаңа сабақ:

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Азот қышқылы – бірнегізді, күшті тотықтырғыш қышқыл, азоттың тотығу дәрежесі +5.Өткір иісті, түссіз сұйықтық.

1.Азот қышқылы тұрақсыз болғандықтан, жарық пен температураның әсерінен айырылады:

4НNO3= 2H2O + 4NO2 ↑ + O2

2. Нәруыздармен әрекеттеседі. Жануар және өсімдік ұлпалары азот қышқылының әсерінен сарғаяды.

3. Металдардың азот қышқылымен әрекеттесуі:

Ме + HNO3 → тұз + су + HNO3 – тің тотықсыздану өнімі.

HNO3 – тің тотықсыздану өнімдеріне жатады:

HNO3 NO2 NO N2O N2 NH4NO3

Сутек иондарына қарағанда нитрат ионның тотықтырғыш қасиеттері анағұрлым жоғары, сондықтан азот қышқылы алтын
Au мен платинадан Pt басқа барлық металдармен әрекеттеседі.

Химиялық қасиеттері:

Барлық нитраттар – термиялық тұрақсыз заттар. Қыздырғанда оттек бөліп ыдырайтындықтан нитраттар күшті тотықтырғыштар

1.«Тарсия әдісі» арқылы берілген тізбекті жүзеге асыр.Топтық жұмыс

1-топ N2→NH3→NO→NO2→HNO3→Cu(NO3)2

2-топ

2.Жұптық жұмыс

Іс жүзінде жүретін реакциялардың теңдеулерін аяқтаңдар:

а)HNO3(сұйылт.)+Cu→

ә)Zn+HNO3(конц.)→

б)НNO3+MgCO3

в)CuO+KNO3


Дескриптор:

1. Берілген реакция теңдеуін аяқтайды

2. Реакция теңдеуін теңестіріп коэффициенттерін қояды


Жеке жұмыс.

Концентрлі және сұйылтылған азот қышқылының мыспен әректтесуінің ерекшелігін көрсететін мәтінді толықтыр:

1.Концентрлі азот қышқылы мыспен әрекеттескенде _______________________ түзіледі.

2.Сұйылтылған азот қышқылы мыспен әрекеттескенде _______________________ түзіледі


Дескриптор:

Конңентрлі және сұйытылған азот қышқылының мыспен әрекеттесуінің ерекшелігін көрсететін мәтінді толықтырады

Балалар бүгін өз алдарыңыздағы бағалау парағы арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды



Сабақтың соңы


4 мин







4мин

Рефлексия

"СМС" әдісі арқылы Сабақ саған ұнады ма?

Қандай әсер алдың?

Не қиын болды?

Бағалау

Тапсырмалар

Мен жақсы орындадым

Мен жартылай орындадым,бірақ тағы да жұмыс істеуім керек

Маған көмек керек

Үй тапсырмасы




Топтық жұмыс




Жұптық жұмыс




Жеке жұмыс





Үйге тапсырма: Азот қышқылы 2-есеп



Стикер




10 балдық жүйемен бағалау




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау







Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ