400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ: Азық - түліктердегі органикалық заттар, нәруыз, май, көмірсу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Азық - түліктердегі органикалық заттар, нәруыз, май, көмірсу туралы оқушыларға түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні : 08.11.2018 жыл

Мектеп: №8 Н.Төреқұлов мектебі

Мұғалімнің аты – жөні: Байтлесова Улсара

Сынып: 7 «а»


Қатысқандар: 24

Қатыспағандар: 0

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жасушалық биология. Су және органикалық заттар.


Сабақтың тақырыбы: Азық-түліктердегі органикалық заттар, нәруыз, май, көмірсу.


Сабақтың оқу мақсаттары

7.4.1.3 Азық-түліктерде көмірсу, нәруыздар және майлар бар екендігін дәлелдеу.

Сабақтың

мақсаты

Барлық оқушылар: Азық-түліктерде органикалық заттар (нәруыздар, май, көмірсулар) бар екендігін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Азық-түліктердегі органикалық заттардың бар екендігіне зерттеу жасай алады.

Кейбір оқушылар: органикалық заттардың құрамын, қасиеттерін анықтап, ажыратып талдайды және ерекшеліктерін сипаттап қорытынды жасайды.

Бағалау критерийі

  • Азық-түліктердегі органикалық заттар:нәруыздар май,көмірсулар жайлы біледі.

  • Азық-түліктердегі органикалық заттардың бар екендігін дәлелдей алады.

  • Оқушылар органикалық заттардың құрамын, қасиеттерін анықтап ажыратып талдай алады және ерекшеліктерін сипаттап қорытынды жасай алады

  • Топта жұмыс жасай алады. Уақытты тиімді пайдаланады.

Дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.

Тілдік

мақсаттар


Пәнге қатысты термин сөздер: қоректік заттар, нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Оқытудың тілдік мақсаты: органикалық заттарды үлкен үш топқа не себепті бөлгенін айтады.

Жазылым дағдысы: май, көмірсу, нәруыздық айырмашылықтарын ажыратып жазады.

Құндылықтарға баулу


«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» құндылығы. Оқушының бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге кабілетті ету.

АКТ – ны қолдану

Интербелсенді тақта, дискілер, компьютер.

Пәнаралық

байланыс

Химия мен Жаратылыстану пәнінен органикалық заттардың тамақ өнеркәсібінде қалай пайдаланатынын біледі.

Алдыңғы

білім

Тақырып: Зертханалық жұмыс «Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу».

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

2мин

















5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сынып тазалығына мән беріп, оқу құралдарын алғызып, сыныптағы оқушыларды түгендеу.

Шеңберге тұрып, «Түрлі түстер терапиясы» - арқылы әрбір оқушы түрлі түстерді таңдап, топқа бөлінеді. Әр түрлі қима қағаздарының астына нәруыз, май, көмірсулардың суреттерін астына жапсырамын.

1 топ: Нәруыз

2 топ: Май

3 топ: Көмірсу

2- кеезең «Веер» әдісін арқылы оқушылар жеке жеке жұмыс жасау арқылы өткен сабақтан алынған білімдерін еске түсіреді. Судың макро және микроэлементтердің маңызын анықтау үшін қолдану (желпуішке жазылған сұрақтарға оқушылар жауап жазады).

1. Жасушаның құрамында қанша химиялық элемент бар?

2. Макро мен микроэлементтер дегеніміз не?

3. Микроэлементтерге қандай элементтер жатады?

4. Макроэлементтерді ата.

5. Макро және микроэелементтердің маңызы.

7сынып Биология оқулығы

37 -39 беттер



Түрлі түсті қима қағаздар










Веер сұрақтары

Желпуіш.


Сабақтың ортасы

10 минут



















8 минут

















































10 минут

Жаңа сабаққа көшу «Джиксо» әдісі. Топтық жұмыс.

Қызығушылық пен назарға қол жеткізу, оқушылардың бұрынғы бөліміне сүйене отырып жаңа тақырыпты ашу.

Мәтінмен жұмыс. Әр топтан 2 оқушы өзге топтарға бөлініп өз тақырыптарын түсіндіру арқылы жаңа тақырыпты оқушылар өз беттерінше меңгереді. Осы топты бір біріне тасмалдау үшін жаңа топ құрылады. Өздерінің оқыған бөліктері туралы бір бірімен білім алмасады.

Дискриптор:

-Оқушылар азық-түліктердегі органикалық заттарды салыстырады.

-Талдау жасайды

-Ой – тұжырым шығарады.

Қиындықты, түсінбеушілікті анықтап, топта бір – бірін бағалайды. Бір – бірін бағалау үшін мұғалім тарапынан берілген бағалау парақшаларын пайдалана отырып, дискриптор қолданып бағалайды.

1-Тапсырма. Топтық жұмыс: «Нәруызға толы себет» әдісі. Жеке жұмыс

(а) Берілген тізімнен органикалық заттарды табады..

A Су К Көкөніс

B Нәруыз М Жұмыртқа

C Көміртек N Сутек

D Май S Фосфор

E Оттек L Жемістер

«Суреттер сөйлейді» әдісі. ( b) Төменде берілген азық – түлік құрамында көп мөлшерде кезігетін органикалық

заттарды анықтайды.

(с) Биологиялық диктант. Топта жеке жеке жұмыс жасайды.

1.Органикалық заттарға ... , ... , ... жатады.

2. ... көп мөлшерде тәтті жемістердің құрамында болады.


3. 1г май ыдырағанда ... энергия бөлінеді.

Дескриптор:

Білім алушы

- заттар тізбесінен органикалық заттарды таба алады;

- олардың ерекшеліктеріне сипаттама бере алады;

- азық-түлік құрамында көп кезігетін органикалық заттарды анықтап жаза алады.

- биологиялық диктанттағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қоя алады.

Қалыптастырушы бағалау. «Жемістер» бойыша оқушылар тапсырманы қаншалықты меңгергенін білу мақсатында бір-бірін бағалайды.


түсінген жоқпын; әлі де сұрақтар бар; барлығы

түсінікті.


2-тапсырма. Зертханалық жұмыс

Азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттейді

3топқа күнбағыс,картоп және шикі немесе піскен жұмыртқа таратылып беріледі.

-Көмірсуды анықтау үшін картопқа йод ерітіндісін тамызған кезде крахмал көк түске боялады.

-Майдың бар екенін анықтау үшін күнбағыс дәнін ақ параққа езген кезде,майлы дақ қалады.

-Нәруыздың бар екенін анықтау үшін шикі немесе піскен жұмыртқаны жарған кезде нәруыздың бар екенін көреді.

Дескриптор

-Оқушылар органикалық заттардың түрлі өсімдіктерде кедесетінін анықтай алады.

-Анықтау мақсатында оқушылар тәжірибе жасай алады.

Қалыптастырушы бағалау. Стикерлермен диалог Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жазып білдіреді.

Маркерлер,

Тексеру парақшалары, А4 парағы


Бағалау парақшалары.











Суреттер, магниттер




















Биологиялық диктант

парақшалары
















Алма, Қарбыз Лимон суреттері, стикерлер





Картоп, күнбағыс, піскен және шикі жұмыртқа, йод, ақ парақ. Скальпел,




Стикерлер


Сабақтың соңы

3 минут



























2 минут

3-тапсырма. «Шэйринг» әдісін қолдана отырып әр топ екі органикалық заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын салыстырады. 1,2,3 санын санау арқылы оқушыларды бөлімін. 1 санын айтқан оқушылар органикалық заттың айырмашылықтарын жеке жеке айтады. 2 санын айтқан балалар ұқсастықтарын атап, 3 санын таңдаған оқушылар өмірде қолдануды атап өтеді. Бұл жерде бір – бірінің ойын қайталамайды.

Дескриптор

-Органикалық заттардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін жазады.

-Органикалық заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыра алады.

Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білемін.Ой толғаныс-рефлексия.

Сабақты бекіту: “Білім ағашы ”әдісімен сабақты бекітемін. Жаңа материялды пысықтап, түйінді ойларын бекіту үшін, ағаш сұлбасының төменгі, орта және жоғары бөліктеріне меңгерілген білімдерін кезең-кезеңдерімен алма түстері арқылы жазады. алма- бүгінгі сабақта мен көп нәрсені түсіндім;

гүл- бүгінгі сабақ туралы көп нәрсе алдым;

жапырақ- бүгінгі сабақ туралы менің түсінбеген сұрақтарым көп


Сабақта:

Мен білдім ...

Мен үйрендім ...

Мен қиналдым ...

Менің көңіл-күйім ...

Сұрақтар арқылы пысықтау, кері байланыс әр оқушыға


Интербелсенді тақта








Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Дифференциация сабақтың көпшілігі үшін жеке жұмыс орындау кезінде жүргізіледі

-Мотивациясы төмен оқушыларға биологиялық диктант жаздыру.

-Ал барынша үлгеретіндерге «Венн» диаграммасын толтырту: органикалық заттарды салыстыру және талдау жасату арқылы оларды білімдерін кеңейту

-дағдысы қалыптасқан оқушылар органикалық заттардың қасиеттері мен құрамын, қызметінің байланысын түсіндіре және зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.


Стикерлермен диалог- Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жазып білдіреді.


Тапсырманың орындалуына қарай смайликтер арқылы бағалау – оқушыларды сабаққа ынталандыру.


Тапсырманы қаншалықты меңгергенін білу мақсатында

«Күн шуағы»әдісі арқылы бір-бірін бағалайды

Оқу-құралдарын тек қажетті жағдайда ғана пайдаланады.

Белсенді қозғалыс жүргізіледі

Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ барысында оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
999
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі