400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ: Бабаларымыздың жылқы түлігін қолға үйретуі 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәнінен ашық сабақ материялы.Тақырып толық ашылып жазылған, дескриптор бағалау критерийлері қойылған.Ұстаздар қауымына қажетті көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні:

Сынып: 2-сынып

Мектеп:Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Утеулиева Айжан Мухамеджановна


Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Бабаларымыздың жылқы түлігін қолға үйретуі

Пікір алмасайық!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 көрнекі материалдар негізінде иемденуші және

өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: әр заманның батырлары туралы қарастырады.

Көптеген оқушылар: еліміздің негізгі тарихи оқиғалары Еділ патша және Әл Фараби туралы аңыз әңгімелер арқылы беріледі.

Кейбір оқушылар: аңыз әңгімелер арқылы Қазақ елінің батырларымен танысады.

Бағалау критерийлері

  • әр заманның батырлары туралы қарастырады.

  • еліміздің негізгі тарихи оқиғалары Еділ патша және Әл Фараби туралы аңыз әңгімелер арқылы беріледі.

  • аңыз әңгімелер арқылы Қазақ елінің батырларымен танысады.

Тілді оқыту мақсаты

Біздің заманымызға дейін;

батыр, Отан қорғаушы;

жаулап алу;

тарихи деректер;

Ғұн империясы;

басқыншылық;

аңыздар;

аңыздар

кезең;

хронология.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушылардың Алтын адам және Бәйтерек монументі тақырыбы арқылы дәстүр және ауыз әдебиетінен 1-сыныптан меңгерген түсініктері бар. Алдыңғы тарауларда дәстүр және ауыз әдебиетінің тарихи тұжырымдамалық мағынасын оқып үйрену үшін негіз қалады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы

Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .

Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .

Геометриялық фигуралар арқылы

Ортаға 3 түрлі геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш) Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны алып, сол бойынша топтасады. Немесе сол фигуралардың артына өтілген тақырыптар бойынша терминдер жазып қоюға болады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)


ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

(Ұ) Оқушыларға мектепке келген шетелдік оқушылардың біріне ашықхат дайындайтындарын айтыңыз. Ашықхат қазақ жылқысы туралы болады. Бір жағында жылқының немесе күймеге жегілген жылқының суреті, екінші жағына жылқының бес сипаттамасын жазады. Оқушыларға әр құрлықтың адамдары үшін жылқы малы қаншалықты маңызды екенін айтып өтіңіз. Оқушыларға шетелдік оқушылардың қандай құрлықта немесе қандай мұхиттың аралдарында тұратыны, олар тұратын елдің немесе аралдың аттары көрсетілген тізімі беріледі.


(Ұ) Биенің сүтін тұтыну (қымызды), немесе тағаны, жүгенді немесе басқа ат әбзелдерінің бірін көрсету арқылы сыныпты ынталандырыңыз. Егер де бұл қауіпсіз болса, оқушыларға қымызды татып көруге немесе заттарды қолдарына ұстап көруге беріңіз. Оқушылардың бұл не нәрсе екендігін ойлап табуын және мұның қазақтардың өмірі мен мәдениетінде неліктен маңызды екендігін айтуларын сұраңыз. Қазіргі Қазақстанның территориясында жабайы жылқы алғаш рет қолға үйретілген кезеңнен бері жылқының қазақ мәдениетінде маңызды болғандығын айтыңыз.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

(Ұ) Оқушыларға жылқының тас дәуірінен бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан тарихындағы және қазақ мәдениеті, музыкасындағы, әңгіме-баяндарындағы басты рөлі туралы айтып беріңіз.

(Ж) (Ө) Жұптаса отырып Қазақстанда өткен кезеңдегі, бүгінгі таңдағы, жылқының рөлі туралы оқушылардың не білетіндігін талқылаңыздар. Әрбір оқушы жұптар талқылаған тармақты жазады.

(Ұ) Оқушылар пікірлерді біріктіріп, оларды талқылайды. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөздік блогына қосады.

(Ұ)(Ө) Оқушылардан тақтаға шығып, өздерінің тәжірибесі мен жылқылар туралы білетін ақпараттарын тақтаға жазуын сұраңыз.

(Ұ)(Ө) Қазақстанда Ботай қонысында жабайы жылқыларды қолға үйрету туралы бейнебаянды көргеннен кейін тақтада кесте құрастырады. Оған алдыңғы жазылған тармақтар да енуі мүмкін. Басты элементтерді түсіндіру үшін, оқушылардың сұрауы бойынша бейнебаянға кідіріс жасай аласыз. Ботай қонысы, жылқыны қолға үйрету туралы не білгендерін және қалай білгендерін талқылау. Бейнебаян қандай дереккөздерге сүйенген? Олар қаншалықты сенімді?

(Ұ)(Ө) Қосымша тапсырма: жылқылар туралы әңгімені оқып беріңіз. Халық ертегілері бізге жылқының маңыздылығы мен рөлі туралы түсінік бере алатын дереккөздер болып табылатындығын талқылаңыздар. Олар қаншалықты сенімді?

Сюжет пен бейнебаянда оқушылар әрбір тармаққа қарама-қарсы кестенің бос жерлерін толтыратын ақпарат болады. Кіріспеге енгізу/тапсырманы түсіндіру. Аңшылық кезеңнен көшпелі өмір салтына өту.

Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Белсенді оқу тапсырмалары.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану


ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Алма ағашы» кері байланыс.

























Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.











Қызыл алмаға сабақтан алған әсерін, білімін жазады. Сары алмаға сұрағын жазады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
970
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі