жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Бабамның киген киімі 5-сынып
|
САБАҚ: |
Мектеп: № 19 ЖОББМ |
||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Нұрғали Гүлжазира Ергенбайқызы |
||||||||||||
|
СЫНЫП: 5 |
Қатысқандар: 20 оқушы |
Қатыспағандар: жоқ |
|||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы |
Киім. Сән. Талғам. |
|
|||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Бабамның киген киімі |
||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу(5.Ж2); Оқылым стратегияларын қолдану; Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу(5.О6.); Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану (5.ӘТН4.2.). |
||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Нақты ақпарат табу үшін мазмұнын түсініп оқи алады. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады |
||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ұсынылған критерий бойынша жарнама құрастырып жасай алады. |
|||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Өзінде бар ақпаратты зерделеп, талқылай алады. |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Мәтін негізінде нақты ақпаратты анықтайды Жанрлық ерекшеліне сай жарнама құрастыра алады Мәтінде зат есімді түрлендіріп қолдана алады. |
||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көнерген сөздер, жалпы, жалқы, деректі, дерексіз зат есімдер |
||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: қазақтың ұлттық киімдерін брендтік сәнге айналдыруға бола ма? |
|||||||||||||
|
|
|||||||||||||
|
Не себепті …. деп ойлайсыз? |
|||||||||||||
|
|
|||||||||||||
|
|
|||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Ұлттық киімге деген құрметін арттыру Өзгенің көзқарасына құрмет Қарым-қатынас жасау |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Бейнелеу өнері, технология, информатика |
||||||||||||
|
Алдыңғы оқу: |
Киім стилі мен сән үлгісі туралы біледі, көзқарастарын білдіреді |
||||||||||||
|
Жоспар
|
|||||||||||||
|
Уақыты |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Басы
3 минут |
М. Омаровтың «Қыз сыны» әнін тыңдату арқылы сұрақтар қою. Әнде қандай киім атаулары айтылды? Осы киім атауларын тағы да қандай киім атауларымен толықтыруға болады? Киім туралы мақал- мәтелдер айту. Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? Қазіргі кезде осы киімдерді күнделікті өмірде қолданамыз ба? Бірге сабақ мақсаттарын айқындаймыз. ҚБ Қолпаштау әдісімен бағаланады Ұлттық киімдерді таңдау арқылы топқа бөлу
Өзіңіздің есіміңізді суреттің артына жазып қойыңыз. |
http://audio.nur.kz/171801-madina-eralieva-kiz-sini
суретті қағаздар арқылы https://www.google.kz/ |
|||||||||||
|
Ортасы 5 минут
10 минут 10 минут |
Зат есім, мағыналық түрлері, түрленуі туралы ақпарат беріледі. «Жадо» сән үйінің ұлттық нақыштағы киім үлгілері Италияның Милан қаласында өткен ұлттық киімдер фестивалінде жүлделі орынға ие болды. Үй –і –нің, үлгі- лер- і, Италия-ның, қала-сы –нда, киім-дер, орын-ға, Милан Нақтылы тануға болатын зат есімдерді деректі зат есімдер деп аталады.Мысалы: Адамның ойлау қабілеті арқылы танылатын зат есімдер дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: білім, ақыл, ой, сезім, қуаныш. ЖЖ Оқылым алды. Тақырыпты оқығанда не туралы ойладыңыз? Оқу кезінде. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді «Түртіп алу жүйесі» әдісі (INSERT әдісі) арқылы оқып, тірек сөздердің астын сызу. Y- бұрыннан білемін + - жаңа ақпарат
? - келісе алмаймын. Білгім келеді. Ұлттық бас киімдер І топ. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де аса бай. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінде орын алған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған. Олар: Тақия – үкілеген әсем зергерлік бүйымдар тағылған бас киім. Қасаба – қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі. Қалпақ – ер адамдардың бас киімі. Төбетей – бастың төбе жағына киетін жаздық шағын бас киім. Сәукеле – ұзатылатын қыздардың бас киімі. Желек – сәукеленің немесе қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата. Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз» «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елідей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрышы формалы төрт не алты сайдан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Қазақтың сырт киімдері
ІІ
топ. Шапан – Қазақстан мен Орта
Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн,
мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол
негізінен тік жағалы да болады. Шапан: сырмалы шапан, қаптал шапан,
қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы
шапанды түрлі-түсті масатыдан тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі
өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс
қапсырма (ілгек) тағады.
Камзол – әйелдердің
ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт,
пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Камзолды
кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «көзекей» деп атайды. Камзолда
жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астардан
тұрады. Камзолдың астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын
пайдалынады. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп
тігеді. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер
әшекейлеп жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан
қаусырма қадалады. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және
етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен
түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Дескриптор: Білім алушы
О.кейін. «Данышпан үкі» кестесі.
Дескриптор:
ЖЖ. Кестені жұпта талқылаңыз. Суретті суыру арқылы оқушыдан жұптық жұмыс сұралады. ҚБ Геометриялық фигуралар арқылы
|
|
|||||||||||
|
Соңы
5 минут
Кері байланыс минут 5 минут
|
Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс. Тапсырма. Жарнама жазу. Сіз – ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін тігетін жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға өз өнімдеріңіз туралы жарнама мәтінін жазыңыз. Дескриптор:
Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс « Үш стакан әдісі» Қызыл – көмек керек Сары – аздаған көмек керек Жасыл – бәрі түсінікті ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы топтық жұмысты бағалау
Рефлекция «Сабақтан үйренгенін бағалау»
|
|
|||||||||||
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс, құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|||||||||||
|
«Данышпан үкі» әдісі бойынша тапсырманың күрделігіне қарай сараланады.
|
Кері байланыс нәтижесінде ҚБ «Үш түрлі стакан» әдісі арқылы береді
|
«Данышпан үкі» әдісі бойынша оқылымнан кейінгі тапсырманы ЖЖ талқылау. Топта жарнама жасауда ұлттық киімге деген құрмет байқалады. |
|||||||||||
|
Рефлексия
|
Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз. |
Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|||||||||||
|
Барлық оқушылар сабақ мақсатына жетеді. Сабақ жоспарынан ауытқу болмады, уақыт тиімді қолданылды. Жалпы бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: Ақылды үкі әдістемесі
2: Жарнама құру
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: АКТ –ны жарнама жасауда қолдансақ
2:Суретті мозайка құрастыру
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? Оқушылардың жарнама жазудағы елең ететін тұсқа ерекше назар аударатындығын білдім. ЖЖ әділ бағалау болатындығын ұқтым.
|
|||||||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген