400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Баға" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Күні: 6.03.2017 ж

Сынып: 1 а

Мектеп: №117 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Ғаниева Гүлбану

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Баға

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау 1.5.1.2 сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдерды, заттардың орналасуын, бағыттарын және арақашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды таниды; Көптеген оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды; Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

Теңгелік монеталарды құны бойынша бір-бірінен ажырата біледі

Тілдік мақсаттар

Ақша, монета, теңге, банкомат, депозит

Құндылықтарды дарыту

Ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана алады

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан көреді, тыңдайды

Бастапқы білім

Монеталар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Шаттық шеңбері. Сабақта сыныппен психологиялық ахуалды туғызу үшін, мен оқушылардан «бүгін аптаның қай күні?» деп сұрадым, олар: «жұма» деп жауап берді. Мен «Жұманың қазақ үшін қандай күні?» дегенде, олар «қасиетті, иманды күн» деп жауап берді. Мен «Ендеше қазақта жұма күні айтылған тілек қабыл болады екен деген сөз бар, қазір топтар бір бірімізге тілектер айтайық »

Шаттық шеңбері.

Сабақтың ортасы

8 минут



10 минут





3 минут



10 минут





10 минут



Кешегі сабақта біз банкоматтан ақша алдық. Ал бүгін дәмханадан төлем жасап тағам алатындығымыз айтылды. Сабақ топтық жұмыспен басталды. Әр топтың үстелінің үстінде ас мәзірі қойылды. Қолдарындағы монеталармен сауда жасап тағам алды. Балалар алдарына сол тағамның құнын монеталарымен көрсетіп отырды

Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Монеталарды салыстыру.

Үш топқа салыстыруға үш тапсырма беру.

Шығарып көр. Сурет бойынша мысалдар құрастыр. Оларды шығар. Үш топқа үш тапсырма беру. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз. Жұмыс дәптерімен жұмыс. 1-тапсырма Қанша тұрады? Монеталардың соммасы нешеге тең? Санап көр. Әр заттың бағасын анықтап, оны қағазға жаз. 2-тапсырма Дүкенде. Суретке қарап шық. Әр заттың бағасын ата. Сөйлемдердегі бос орындарды толтыр. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. Теңгелерді салыстыру.

«Аукцион» ойынын ойнаттым. Барлық оқушыларға ақша тараттым. Қонжық сатылатынын хабарладым. Алғашқы бағасы 1 теңге болды. Оқушылардың ұсынысына қарай бағаны өсіріп отырдым. Қонжықты жоғары баға берген бала сатып алды. Бұдан оқушылар теңгенің құны жайлы ұғынды.

Дәмхананың суреті

Слайд

Үлкейтілген суреттері

Қораптағы монеталар



Оқулық



Бармақпен бағалау

Жұмыс дәптері

Смайлик

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Соңы 2 мин

Жұлдызшалармен балалар өз-өздерін бағалайды.

Жұлдызша

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?










Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы






Сабаққа рефлексия









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі