Информатика — компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерді жасап шығару мәселелерін, оны пайдалану зандылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ оның жаратылу, түрлену, жеткізілу және адамзат қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылу заңдылықтарын зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері. Ақпарат термині латынның information сөзінен аударғанда (Түсіндіру, Баяндау, Мәлімет) деген мағынаны білдіреді. Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалары мен сигналдар түрінде беретің мағлұмат.
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Математика - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту: есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді. Ежелгі Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж біртұтас мемлекет болып бірікті. Көне Мысырда математиканың туумен қатар ертедегі Бабыл тұрғындары және шумерлер мен аккадтықтар өз алдына өздерінің дербес математикасын жасап шығарды.
Поэзия
Поэзия!
менімен егіз бе едің?
Сен мені
сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені
іздедім,
Қарауытқан таулардан сені
іздедім.
Сені іздедім кездескен
адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан,
алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан,
жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған
замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан
да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан
да,
Сен бе дедім ақ нөсер
ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла
шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек
қосылғанда.
Ғылым таппай
мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Кел, балалар, оқылық
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Бағандар 6 сынып

шағым қалдыра аласыз