400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Бағдарлауды үйренеміз 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға үлкен көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бізді қоршаған орта Қатысқандар саны:

Күні: 09.12.20 Қатыспағандар саны.

Сынып: 1 «А»

Сабақ тақырыбы:

Бағдарлауды үйренеміз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1. жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: «көкжиек» ұғымымен танысады, көкжиек тұстарын біледі

Көптеген оқушылар: жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтайды

Кейбір оқушылар: тұсбағдарды қолдана алады

Бағалау критерийлері

  • көкжиек және оның тұстары туралы біледі

  • тұсбағдардың көмегімен және жергілікті жер белгілері бойынша бағдарлау тәсілдерін қолданады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

көкжиек тұстары, тұсбағдар, жергілікті белгі


Құндылықтарды дарыту

Өз ойын еркін айта білу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, математика

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

Өз мекен жайын атайды және орналасқан жерін сипаттайды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 35 мин

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

2.Психологиялық ахуал

Жоғары қарап күн көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға қарап, солға қарап,

Егеменді ел көрдім.

Сабақтың мақсатын хабарлау










Сабақтың ортасы

25мин




































































1.Тапсырма (Ұ.Ж.)

«Өз ойыңмен бөліс» суретпен жұмыс.

- Суретке назар аударайық, бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Аспанды, жерді, табиғатты, көзіміз жеткен жерге дейінгі даланы.

- Сендерге бұл сурет таныс па?

- Таныс. Біз көл жағасына барғанда, тауға саяхатқа шыққанда,күн батқанда көреміз.



Бас бармақ арқылы бағалаймын.


М.К.(түсіндірме)

-Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады. Аспан мен Жер беті жанасып тұрғандай болып көрінетін шекара көкжиек сызығы деп аталады. Көкжиектің төрт тұсы бар. Оларды солтүстік (С), оңтүстік (О), батыс (Б), шығыс (Ш) деп белгілейді. Көкжиек тұстарын таба білу бағдарлау деп аталады. Адамдар ерте кезден табиғат белгілері бойынша бағдарлауға үйренген. Мысалы, күн ылғый шығыстан көтеріліп, батыста батады. Талтүсте күн әрқашан оңтүстік бағытта болады. Қатты жел соғып тұрған қарама- қарсы бағыт солтүстік деп аталады. Бұл көкжиектің негізгі тұстары.



Сабақтың мақсатын хабарлау

3-тапсырма (Т)

Әр топқа тапсырма беремін

  1. топ. Көкжиектің суретін салады

  2. топ. Сурет арқылы көкжиек тұстарын анықтайды

  3. топ. Жеміс ағашының қай тұсы тез жеміс береді. Суретін салу

  4. топ. Сағат пен тұсбағдардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажыратып айтады.

Топтар бір бірін бағдаршам арқылы бағалайды.


3.Тапсырма . Дәптермен жұмыс

Ботаға көмектес.

Бота адасып кетті. Оған жол көрсет. Бағытты қандай жергілікті белгілер арқылы анықтар едің?

Смайлик арқылы бағалау


Сергіту сәті.

Оңтүстікке екі қадам,

Солтүстікке екі қадам.

Шығысыма қол соғамын,

Батысыма бас бұрамын.


3-тапсырма. (Қ.Б.)(Ж)

Тапсырма. Суреттерге мұқият қараңыз. Белгілері бойынша көкжиектің тұстарын анықтаңыз.


Бағалау критерийі:

  • Көкжиек тұстарын анықтауға қажет жергілікті белгілерді ажыратады;

  • Көкжиектің тұстарын жергілікті белгілерге сүйеніп тауып, белгілейді.


Дескриптор:

-Көкжиек тұстарын анықтауға қажет жергілікті белгілерді ажырата алады;

- жергілікті белгілер бойынша көкжиектің тұстарын тауып, белгілей алады.


Көкжиек тұстарының суреттері










































Постер,

маркер, бағдаршам


























Мазмұнды сурет

Сабақтың соңы

5 мин

«Ия», «жоқ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Оқушылар әр жауаптан кейін дұрыс болса ия, дұрыс емес болса жоқ деп айтулары қажет.

1. Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (ия)

2. Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстары қолданылады. (жоқ)

3. Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал. (ия)

4. Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті көрсетеді. (жоқ)

5. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (ия)

6. Күн әрқашан шығыстан атады. (ия)

7. Тал түсте күн солтүстікте болады. (жоқ)


Рефлексия.

«Стикер» арқылы .

Сабақ ұнаса күннің суретін, түсініксіздеу болса бұлттың суретін, түсінбесе найзағай суретін салып береді.






















Стикер







Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар басқа да бағдарлауға көмектесетін өсімдіктер туралы айта алады

  1. бас бармақ

  2. бағдаршам

  3. смайлик






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі