Ашық сабақ «Бағдаршам біздің досымыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Бағдаршам біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ «Бағдаршам біздің досымыз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: «Бағдаршам»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бала сезімін кеңейтіп тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, жол ережесін адам өміріне қажеттілігін түсіндіру.Жаяу мен байланыс қатынасын білдіру .

Дамытушылық: Зейінін ,есте сақтау, түсті айыра білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: рөлдер, белгілер, бағдаршам, жол белгілер суреттері,компьютер.

Сабақ әдіс-тәсілдері: мультимедия арқылы көрсету, түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап.

Сабақ түрі: ойын сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Ән әуенімен балалар екі-екіден автобус ішіндегі жолаушылар ал тәрбиеші қолына руль ұстап жүргізуші болып «жас жолаушылар жыры» әнін айтып топқа кіреді.

Ән: «Жас жолаушылар жыры»

Сапар шексек сіз бен біз

Сан көлікке мінеміз

Троллейбус трамвай

Автобуспен жүреміз

қ\сы

Көлік, көлік, көлік

Көліктерге мінеміз

Көшелермен, көшелермен

Күнде тынбай жүреміз

қ\сы

Жол жүрудегі тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз



Тәрбиеші:

Қайырлы таң балалар!

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Қандай әдемісіңдер балалар.

Бүгінгі күндеріңнің қуанышты өтуіне тілектеспін.

Негізгі бөлім: (Балаларға орындықты автобус ішінде келе жатқандай екі-екіден қойып отырғызу)

- Балалар біз өзімізді қандай көліктің ішінде келе жатырмыз деп ойлаймыз?

- Автобустың.

- Дұрыс өте тамаша сендер өте әдемі, тәртіпті жолаушыларсыңдар. Мен сендердің жүргізушілеріңмін. Қане,кім қайда барады? Бәріміздің билетіміз бар ма?

Жол жүрмес бұрын мен сендерге жол жүру ережесі туралы айтып өтсем деймін. (түсіндіреді) (Есік қағылып Бағдаршам келеді)

- Саламатсыңдар ма балалар? Мені танисыңдар ма?(Балалар жауабы)

- Дұрыс, мен Бағдаршам боламын .Жол тәртібін реттеймін.

Менің қызыл көзім жанғанда

Сынық сүйем баспа алға,

Сары көзім жанғанда

Қарап қалма аспанға



Жасыл көзім жанғанда

Өте бер сен жасқанба!

Бағдаршам сұрағы:

- Сендер көшеде қай жолмен жүресіңдер?

- Жиек жолмен.

- Жолдың қай жағымен жүру керек?

- Оң қол жақпен жүреміз.

- Ата-аналарыңмен, үлкендермен бірге автобусқа мінерде қай жерде отырып көлік

күтесіңдер?

- Аялдамада отырамыз.

Өте жақсы .Бағдаршамның сұрағына жақсы жауап бердіңдер.

Сергіту сәті .(Бағдаршаммен бірге жасайды)

Қызыл жанады(қозғалмай тұрады)

Сары қол шапалақтайды)

Жасыл жанады (орында тұрып жүреді)

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында «Бағдаршам құрайық» ойынын ойнату.

Тәрбиеші: үш-төрт балаға руль беріп көлік жүргізуші бейнесін бейнелейді қалған балалар жүргіншілер.көшеде келе жатып бағдаршамның қызметімен жүріп тұрады.Ойын арқылы бала білімін бекітеді.












МКҚК №6 «Нұрай» бала бақшасы













Сабақ тақырыбы: «Бағдаршам»

















Тәрбиеші: Билялова Б.Т

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі