Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Бағдаршам біздің досымыз" МАД тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңг Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Қоқымбаева Салтанат Дәуренбекқызы


Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №75 жалпы білім беретін орта мектебі Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

"Бағдаршам біздің досымыз"

Сабақтың мақсаты: Ойынды  тәрбие құралы ретінде пайдаланып,  бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Көшеде жүру  ережесін білу арқылы  жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: рульдер,белгілер,жол белгілерінің суреттері,

                                          Бағдаршам.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:Сабағымызды жұмбақпен бастайық

                    Аяғы бар жүрмейді,

                    Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)

Қонаққа бағдаршам келді. Қатты қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті.

Бағдаршамның қызметі қандай ?

-Жол тәртібін реттеуші.

-Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?

Ойын бағдаршам құрайық.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Жүргізуші: Балалар жүргіншілер  мынадай сұрақ қойыпты.

                    -Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

                   -Жиек жолмен жүреміз.

                    -Жиек жол болмағанда ше?

                    -Жер асты жолымен.

                      -Жолдың қай жағымен жүру керек?

                       -Оң  қол жақпен жүреміз.

                        -Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

                        -Аялдамадан отырамыз.

Тәрбиеші: -Өте жақсы ,бағдаршамның берген сұрақтарына жауап

                     Бердіңдер.

                    -Балалар бағдаршамға арнап тақпақтарымызды

                     Айтайық.

Нарғыз: Ашса кезек үш көзін,

      Айтты деп ұқ үш сөзін,

       Тоқта,сақтан, жол ашық.

      Жүрме жолға таласып,

      Қызыл көзін ашқанда

      Сынық сүйем баспа алға.

Жанель: Қызыл жанды,тоқтағын,

               Көрдің жұрттың тосқанын.

                Сары жанды дайындал,

                 Айналаңа қарап ал,

                 Жасыл жанды,тыңдағын,

                 Жолың ашық,тұрмағын.

Еркебұлан: Мен көшеден өтерде,

                   Бағдаршамға қараймын.

                    Қоймаған ғой бекерге,

                    Жәрдемшісі ол талайдың.

Тәрбиеші:-Балалар,бағдаршам сендерге ойын әкеліпті.                                                  

«Белгілерді құрастыр және айтып бер».

Ойынның шарты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып

                               Құрастырыңдар,содан кейін атап беруіңіз керек.

Жанатын бағдаршам ортаға шығады.

             Қызыл көзін жағады.Оқушылар қозғалмай тұрады.

             Сары көзін жағады.Балалар қол шапалақтайды.

             Жасыл көзін жағады.Балалар орындарында тұрып жүреді.

 Қорытындылау:-Балалар,бүгін немен таныстық.

                             -бағдаршаммен.

                              -Бағдаршамның неше көзі бар?

                              -Үш көзі бар.

                              -Қандай- қандай түсті шамдар?

                                -Қызыл,сары, жасыл.

                               -Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола

                                 ма?

                                 -Жоқ.

                                 -Ал,көшенің қай жерімен өтуге болады?

                                 -Ала сызықты жерінен.

Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау,сыйлықтар беру.

                                

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
822
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12