400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ашық сабақ "Байқоңыр ғарыш айлағы" даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық топ мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Байқоңыр-ғарыш айлағы

Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау.

Білімділігі: Аспан әлемі – ғарыш, Ғарыш айлағы Байқоңыр туралы білім беру

Дамытушылығы: ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру

Тәрбиелік: Экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру , нағыз достарды тани және бағалай білуге тәрбиелеу.Париоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакаттар, Глобус, лупа, буклет, ғарышкерлердің суреті, жер, ғаламдардың суреті

Сабақтың барысы:

1.Шаттық шеңбері

Саламатсыздар ма?

Здраствуйте?

Армысың шапағатты күн ана .

Армысың қайырымды аспан ана.

Армысың мейірімді жер ана.

Амандықпен бар әлемді жарылқа .

Здраствуй солнце золотое.

Здраствуй небо голубое.

Здраствуй ветер ветерок .

Здраствуй мой дружок.

Ой туғызу: Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер. Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(Балалардың жауабы)

Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?

-Наурыз айы

-Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?

-8наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз барша мұсылманның жаңа жылы

-Ал балалар көктемнің осы айы қалай аталады?

-Сәуір

- Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар.Ол – ғарышкерлер мерекесі.
Қандай мереке?
- Ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
- Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ,тікұшақ,зымыран.

- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ю. А. Гагариннен бұрын екі ит – Белка және Стрелка ұшырылған.

Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев Жақында ғарышқа ұшып келген ғарышкер Айдын Айымбетов деген ағаларымыз. 
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр, халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады,балалар?
- Күн,ай,бұлттар болады.


-Олай болса балалар мына жұмбақтарды шешейік

1.Бір тілім болып туады,
    Күннен күнге толады, 
    Дөп-дөңгелек болады.        (Ай)

2.Көк жиекті көмкеріп,
   Шатыр жайдым кең керіп.       (Аспан)

3. Басшысы жалғыз,
   Сақшысы сан жүз.      (Ай мен жұлдыз)


4.Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.
(Зымыран)

- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз? (Балалардың жауаптары тыңдалады).
- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады
(суреті көрсетіледі)



Балалардың тақпақтары:

Тұңғыш қазақ ғарышкер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам- жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.


Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.




Бабасындай асауға,
Салған құрық-бұғалық,
Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.

Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп


Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.


Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз ғарышқа,
Ғарышкер де боламыз.

Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын

Ғарыш сондай алыс па?
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын

Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның

Батыр болам -
Көк аспанда сүйемін.
Жұлдыздарға барып - келіп жүремін.

2) Тоқтар ұшты ғарышқа
Талғат болды ғарышта
Таңқалдырып қазағым
Тағы ұшса ғой Марсқа.

Мөлдір тұнық көк аспан,
Ол аспанға жарасқан.
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді.


Көкпен жерді жалғаған, космодром-Байқоңыр.

Корабльдер самғаған, космодром – байқоңыр.

Қанаттылар мекені –Қазақ жері Байқоңыр,

Қай жер саған жетеді, ғажап жерім, Байқоңыр!



Ар намысын ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған.
Туған елін ұясын,
Жан тәнімен сақтаған.
Ұшқыш болғым келеді.

Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген.
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлек боп түйілген
Ұшқыш болғым келеді
.


Енді Қиялымызға ерік беріп, бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.

Қане ұшуға дайындаламыз. 3,2,1 ал ұшып барамыз, ұшып барамыз.

Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгедей. Қонуға дайындаламыз. 3,2,1. Қондық

Балалар,біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз.Міне қараңдаршы,
бұл ғаламның суы да,талдары да біртүрлі екен,ия. Мынау не?
Құстың ұясы.
Иә, ол төменде жатыр.Ал көбелектері қайда ұшып жүр?
Суда ұшып жүр.
Иә,бұл ғаламда бәрі керісінше екен.Қане бұларды өзіміздің жеріміздегідей әр нәрсені өз орнына орналастырайық.
«Өз орнын тап» ойыны:
Жарайсыңдар, балалар.Қане ұшуды жалғастырайық.
Міне,біз тағы бір ғаламға жақындап қалдық.Қане қонамыз. 3,2,1
-Мынау кім, балалар? 

Робот
Иә,біздер онда роботтар ғаламына келген екенбіз.Қане сәлемдесейік.
Робот: Са-ла-мат-сың-дар ма ,ба-ла-лар,сен-дер қай ға-л
ам-нан кел-дің-дер?
Балалар: Жер ғаламынан келдік.
Робот: Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады
Робот: Иә,сен-дер-дің ға-лам-да-рың-нан кел-ген а-дам-дар, о-сы жер-де зерт-теу жұ-мыс-та-рын жүр-гізеді.Мен де оы жер-де жұ-мыс іс-тей-мін. Ма-ған та-мақ-тың,су-дың,ауа-ның еш қажеті жоқ.Сон-дық-тан мен осы жер-де үне-мі жүремін. Ал,ба-ла-лар ме-нің әлі жұ-мысым көп, сау бо-лың-дар. Робот кетеді.
Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз болған сияқты.Осында көргенімізді жердегі достарымызға,апайларымызға айтып берейік.Қане,ұшуға
дайындалайық. 3,2,1.Ұштық.

Рефлексия: - Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.

-Сендер білесіңдер ме, ғарыш әлемін зерттейтін адамды қалай атайды?

-Ғарышты, жұлдыздарды зерттейтін адамдарды астраномдар деп атайды. –Қалай ойлайсыңдар, астраномдар қашықта орналасқан жұлдыз, ай, күнді зерттегенде нені пайдаланады екен?

«Астраномдар аспанды телескоп деп аталатын арнайы құралдармен бақылайды. Телескоп арқылы адамдар жерде тұрып-ақ ғарышты көре алады. Олай болса алдымен біз телескопқа ұқсайтын, кішкентай нәрсені үлкейтіп көрсететін лупаны тамашалайық»


Тәжірибе:

Балалар лупамен, қағазды орау арқылы жасалған «Телескоппен» әр нәрселерді, сонан кейін қабырғада ілулі тұрған күн жүйесінің картасын бақылайды.

  • «Телескоппен» не көруге болады? (жұлдыздарды, күнді, айды)

Байқап көру: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі нәрсе! Бұл біздің Жер планетамыздың кішірейтілген макеті глобус деп аталады. Біздің жеріміз қандай әдемі!

-Глобустың түсі неге көк түс деп ойлайсыңдар?

- Глобуста әр түрлі түспен тағы нелер белгіленген екен? (көлдер, таулар,ормандар және құмдар) Ал, қазір біздің Жер планетамызға жарқыраған әдемі Күніміз қандай әсер ететінін зерттеп көрейікші!

Электр шамы - Күн болсын. Глобус бізге Жер Күнді үнемі айналып тұратынын көрсетіп тұр. Қолдарыңды жақын шамға жақын ұстап көріңдерш... Не сездіңдер? (жылу)

-Қалай ойлайсыңдар, Күн Жер планетасына не үшін керек?

- Күн бізге жылулықтан басқа не беріп тұр? (жарық)

-Қалай ойлайсыңдар, неге біздің Жерімізде түн мен күн алмасып тұрады?

-Күн өзінің орнынан қозғалады ма екен? «Күн – Күн жүйесінің ортасында тұрады. Оның айналасында Жер және басқа планеталар айналып жүреді. Біз жердің үнемі айналатынын көріп тұрмыз. Жермен бірге таулар, өзендер, қалалар, тіпті біз де айналады екенбіз. Бірақ оны өзіміз сезбейміз. Жер айналғанда, Күнге (Күнге шамға қараған шеті) қараған шеті – жарық, Күн болады ал сол кезде жеріміздің екінші жағында – қараңғы, Түн болып тұрғанын байқауға болады»

Сергіту сәті: Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.

Кітап түптеу: «Менің ғарыштағы саяхатым»

«балалар сендер ғарыш, аспан әлемі туралы білдіңдер. Қалай ойлайсыңдар, ғарышқа тағы қандай көлік түрлерімен баруға болады? Қане, қазыр ойланып, әркім өзінің ойлаған, қиялындағы көлік түрін қағаз бетіне түсіріп көріңдер. Ол үшін алдымен аспан әлемін, ғарыш жайлы бір сәт көз алдымызға елестетіп көрейік».

Бөлмеде баяу, жағымды әуен ойналып, балалар жайғасып отырады.

Балалар өз қиялындағы көлік түрлерін, аспан әлемін салып, бояп, «Менің ғарыштағы саяхатым» атты кітап түптейді. Кітапты әшекейлеп безендіріп өздері салған суреттері бойынша әңгімелейді.


Сөздік жұмысы:
Айлақ – ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.
Ғарыш – аспан әлемі.


Біз не білдік?

-Жер күнді айналып тұруына байланысты күн мен түн алмасып отырады

- Астрономдар ғарыш әлемін телескоппен зерттейді.

-Ғарышқа ең алғаш көтерілген адам – Юрий Алексеевич Гагарин.

-Т.Әубәкіров пен Т. Мұсабаев А.Айымбетов –қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері

-Ғарышқа ұшу үшін көп оқу керек

-Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан

Үйге тапсырма:

Ата-аналарға балаларымен бірге түнгі аспанды бақылату, түнгі аспан ғажайыптарының сырын ашу, әңгімелесу



Ата аналарға хат жіберу

Құрметті Арунаның ата-анасы!

Бізге сіздердің көмектеріңіз өте қажет болып тұр!

Бүгін біз сабақта Ғарыш әлемімен таныстық.

Бүгін кешке балаңызбен бірге 5-10 минутқа далаға шығып, түнгі аспанды, ай, жұлдыздарды көріп қысқаша әңгімелескендеріңізді сұраймыз.

Алдын ала көп рахмет!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1072
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі