400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бала Абай М.Әуезов 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына арналған әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу



Күні 20.02.2020ж

Мұғалімнің есімі Бабагумарова Г.Г


Сынып 3 «Б»

Қатысушылар саны: 18

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы: Бала Абай. М.Әуезов



Сабақ негізделген оқу

Мақсаты

Мазмұнын түсініп,бала Абайдың зеректігін аңғарту арқылы оқушының ой-өрісін арттыру.



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады

Үзіндінің негізгі идеясын ашады.

Оқушылардың басым бөлігі біледі.

Бала Абайдың зеректігін аңғарады, өмірге деген басқа көзқарас қалыптасады

Кейбір оқушылар орындай алады

Шығармашылық тапсырмалыр орындау арқылы өз ойларын жүйелеуге талпынады.




Әдіс - тәсілдер

Квест әдісі, топтастыру стратегиясы, диалогтық оқыту, кезекші микрофон әдісі



Ресурстар

Суреттер, шапалақ



Алдынғы тақырып

Алғашқы қоңырау



Жоспар




Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс -әрекеті



Психологиялық дайындық


Квест әдісі арқылы топқа бөлу

Меңзер арқылы сандықшаны тауып, ішінен сандарды алып, топқа бөліну

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді, топқа бөлінеді









Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Бәйге ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту

10. Ыбырай Алтынсарин кім?

20. Ыбырай Алтынсарин қай жылы және қай жерде дүниеге келген?
30. Ыбырай неше жасында мектепке барады және қай қалада?
10. Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
20. Неге Ыбырай Алтынсаринді «балалар әдебиетінің атасы» дейміз?

30.Тұңғыш қазақ мектебі қай жерде ашылды?

10.«Алғашқы қоңырау» өлеңінің авторы?

20. Ы.Алтынсариннің қандай әңгіме, өлеңдері бар?

30.«Қазақ даласына білім келді» дегенді қалай түсінесіз?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.



Мағынаны тану




























Сергіту сәті

















Сабақты бекіту.


Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 175,45,1845 санының мағынасын ашу,Абай Құнанбаев туралы айту

Мәтінмен  жұмыс

Іштей оқу

Тізбектеп оқу

«Сиқырлы қалпақ» әдісі арқылы мазмұнына тоқталу

-Мәтін кім туралы ?

-Мәтінде бала Абайды қалай сипаттаған?

-Дос тапты деп отырғаны кім еді?

-Әжесі әңгімені қалай бастаушы еді?

-Әжесі Абайға тағы не айтып беруші еді?

-Әжесінің аты кім?

-Өлең сөзді көп айтатын кім еді?

-Анасының аты кім?

-Әңгімеден не ой түйдің?

-Бала Абай нені ерекше жақсы көреді екен?

Авторы кім?

Дәптермен жұмыс

«Топтастыру» стратегиясы

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филолог

Әнді айтып тұрып, тапсырма орындау

Жұптық жұмыс.

Бұрыннан білемін Жаңа мәлімет

Топтық жұмыс

І топ.Сурет бойынша алғашқы болжам жасайды.Суретте кімдер бейнеленгенін айтып дәлелді ой айтады.

Диалог құрастырады

ІІ топ. «Семантикалық кесте» стратегиясы

Кестедегі тапсырмаларды орындай алады

ІІІ топ. Сөзжұмбақ шешеді

«Кезекші микрофон» әдісі

Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Мәтінді тыңдап, қорытынды жасайды.


Мәтінді тізбектей оқиды.



Сұраққа жауап береді



















Сергіту сәтін жасайды








Барлық топ өз ойларын тапсырма бойынша қағазға салып, ойларын постерге салады, не білгендерін постер арқылы көрсетеді





Бағалау

Бүгінгі сабақ бойынша сабаққа жақсы қат ысқан топты бағалау




Рефлексия


Үйге тапсырма

Бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін «Кітапшаға жазу», оқу


Үзіндіні түсініп оқып,Абай мен әжесі арасындағы болған әңгімені әңгімелеп келу.

Кітапшаға жазады, оқиды


Күнделіктеріне жазып алады







































Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Қазақтың бас ақыны М. Әуезов «Бала Абай»
Оқу мақсаттары: 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру;
лар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлық: мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді.
Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады, мәтін мазмұнын айтуда сурет нұсқасын қолданады;
Кейбір оқушылар: бағалауға, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, мәтінге сүйеніп диалог құрастырады.Сабақтың басы Ширату тапсырмасы.
Оқушылар өздері тыңдаған геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бірігеді. Фигуралардың келесі бетінде топтың аты жазылады.
І топ. Білімділер
ІІ топ. Дарындылар
ІІІ топ. Еңбексүйгіштер
«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдайды, жетелеуші сұрақтарға жауап береді.
Әнді кім жазған?
Ән қалай аталады?
Қандай өлеңдерің білесіңдер? Сұрақтары бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1- 1-тапсырма
(МК, Ө) «Пирамидалық талқылау» стратегиясы бойынша қағазға берілген үлгіні түсініп оқып, жауап жазады. (Абай туралы мәлімет жинап келу алдын ала тапсырылады)
Үлгі: Қазақтың бас ақыны- Абай (шын аты - Ибраһим) Құнанбаев. Одан асқан біз білетін ақын болған жоқ.
Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.
Ұнамды, орынды болуына шыншылдық керек.
Мағыналы, маңызды болуына білім керек.
Абайда осы үшеуі де болған.
Бұрыннан білемін Жаңа мәлімет
Зере – Абайдың әжесі. Ұлжан – анасы. Құнанбай – әкесі. Өлеңдері әртүрлі тақырыпқа арналған. 45 қара сөзі бар. Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев – замандас ақындар.
Жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген.
Ол - музыкант
Автор жайлы мәлімет:
(МК, ЖЖ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Мұхтар Әуезов туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)
1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қандай қызмет атқарған?
4.Қандай шыға

рмаларын білесің?
Қосымша: Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысындай Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен Ол алты жасында Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып береді екен. «Абай жолы», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» т.б. шығармалары бар.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Күн- белсенді, бұлт - толықтыру қажет, жауын- көмек керек» суреттері арқылы топты бағалау.
2 - тапсырма
(Ө, Т, МК) «Шеңбердегі әңгіме» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды. Мәтін бойынша сұрақ қояды және жауап береді. Суретке зер салып әжесі мен Абайдың арасында диалог құрастырады.
Үлгі:
-Әже менің шын есімім Ибраһим. Сіздің де шын есіміңіз бар ма?
-Ия, Тоқбала. Мен жастайымнан зерек, мейірімді болған соң Зере деп атап кеткен.
-Мына әңгіме, ертегінің бәрін қайдан білесіз?
- Өмірде естіп өскен едім. т.б.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
мәтін мазмұнын айта алады;
мәтінді қатесіз,түсініп оқиды;
мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
мәтін бойынша сұрақтар қояды;
мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
3-тапсырма
(ЖЖ, ОТ) «Еркін сұрақтар» стратегиясы арқылы мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.
Үлгі:
-Мәтінде кімдер туралы айтылған?
-Бала Абай нені ерекше жақсы көрді?
-Әжесі мен Абай арасында қандай оқиға болды?
-Саған мәтіннің қай тұсы ұнады? Неліктен?
-Әжесінің аты кім? Шешесінің аты кім?
-Бұл әңгімені жазған кім?
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
4 - тапсырма
(МК, Ө) «Идеяны толықтыру» стратегиясы бойынша Абайдың аналарының аттарын тауып дәптерге жазады.
Үлгі: Әжесінің аты- Зере (шын есімі Тоқбала)
Шешесінің аты- Ұлжан
(ОТ, МК, Ұ)«Ой шақыру» стратегиясы арқылы сөзжұмбақты шешеді.
1. Мәтін қалай аталады? Бала…….
2.... Абайдың жасы он үшке толған еді.
3. Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді?
4. Абай неден көп шықпайтын болды?
5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?
6. Биыл әсіресе Абайдың…… өскен
7. Абайдың шешесінің есімі кім?
8. Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын?
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешеді.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір–бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.....





Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіріп оқу, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
2. 
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өзбетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
3. 
Тәрбиелік: Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Абай өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың типі: білімді жүйелеу

Сабақтың негізгі ұғымдары: ойлау, іскерлік, тапқырлық, эстетикалық мәдениет, елжандық, азаматтық тәрбие.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқыту, ұғындыру, шешімін іздеу, ізденіс жұмысын жүргізу.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі география.

Сабақта қолданылатын көрнекілік: Абайдың портреті, сөзжұмбақ, тірек сызбасы, хронологиялық кесте, инсерт стратегиясы, бағалау парағы.

Слайд

1. Абай — адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай — қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны.
Федерико майор, ақын, ЮНЕСКО-ның бас директоры
2. Абай — қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.
Мұхтар Әуезов

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ұлы кемеңгер Абай Құнанбаев туралы және Абайдың өлеңдер мен қара сөздері туралы әңгімелейміз.

Жаңа сабағымызды бастамастан бұрын, біз үйге берілген тапсырманы қайталап өтеміз:

  • Өткен тақырып қалай аталады? Кім туралы оқып, білдік?

  • Ыбырай Алтынсарин

  • Олай болса, үй тапсырмасын қайталаймыз. Осы мақсатта мынандай сұрақтарға жауап береміз:

Слайд:

І. Ыбырай Алтынсариннің суреті

ІІ. Сұрақтар:

1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы және қай жерде дүниеге келген?
2. Ыбырай Алтынсарин кім?
3. Ыбырай неше жасында мектепке барады және қай қалада?
4. Өмірлік жолы. Атап өтеміз.
5. «Қазақ хрестоматиясын» қандай мақсатпен құрастырды?
6. Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
7. Ыбырайдың әңгімелерін атаңдар
8. Неге Ыбырай Алтынсаринді «балалар әдебиетінің атасы» дейміз?

Сонымен, балалар, Ыбырайдың әдеби шығармалары түгелдей жуық балаларға арналған.

Шығарманың баланы қызықтыратын оқиғалы болуына, қысқа, тартымды жазылуына мән берген. Ыбырай балаларға таза ана тілін үйретуге мақсат етті.

Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, ағартушы ақын, тамаша қаламгер.

Ыбырай Алтынсарин балаларды оқуға, білім алуға шақырды.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін тізбектеп айтып шығу.

Міне, балалар біз ұлы данышпан, ғұлама адамдарымыздың бірі Абырай Алтынсарин туралы көп мағлұмат алдық. Енді бүгін ұлылардың ұлысы Абай Құнанбаев туралы білетін боламыз.

Слайд:

Абай портреттері

Абай Құнанбаевты «Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында «Қазақтың бас ақыны» деп бағалаған. Шынында да, Абай — қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын.

Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Ол адал еңбекке, жамандық жасамауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеп, өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады. Абай Құнанбаевтың еңбегі туралы тынымсыз айта беруге болады. Бүгінгі сабағымызды мынандай жоспар бойынша жүргіземіз.

Слайд:

 

1. Абайдың өмірі.
2. Аталарындай атақты болсын
3. Әкенің саясы, ананың аясында
4. Алғашқы алыс жолға шығуы
5. Әке нұсқаған жолменен
6. Оқу мен өлең соңында

Оқушылар әр тарауды мәнерлеп оқып, тақырыптың мағынасын түсіндіреді.

Мәнерлеп жатқа бірнеше өлеңін айту.

Балалар, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазыңдар.

Слайд:

Тақырыпты қайталап көрсету.

Дәптерге мына сөйлемді көшіріп жазыңдар:

Абай Құнанбаев — қазақтың бас ақыны деп бағаланады.

Ол қазақтың қоғамдық өмірінің шындығын терең де көркем бейнелеген.
Балалар, Абай Құнанбаев өзінің өмірінің соңғы жылдарында өзін толғандыратын мәселелерді қара сөзбен (проза) қағазға түсіріп отыруды дағды еткен. Ол жөнінде өзі «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын» дейді. Қара сөздері нөмірленіп, бірінші, екінші т. с. аталады, ұзын саны — 45. Соның ішінен біз отыз сегізінші сөзге тоқталайық.

Слайд:

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашу керек:

Бірінші — надандық
Екінші — еріншектік
Үшінші — залымдық

Надандық — білім, ғылымның жоқтығы. Дүниеде білімсіз еш нәрсені біліп болмайды. Білімсіз хайуандық болады.

Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік.

Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.

Сөздік жұмыс:

Мына сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркесін құру

Ұлы ақын —
Кемеңгер —
Мәртебе —
Оқымысты —

Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта Абай туралы не білгенімізді қорытындылайық.

Слайд:

1. Абай кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Оның анасы қандай адам болған?
4. Абайды кім тәрбиеледі?
5. Абай қайда оқыды?
6. Абай нені үйренуге тырысады?
7. Неше жасында өлең жаза бастады?
8. Кімнің шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударды?
9. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
10. Оның шығармалары қашан және қай жерде жарық көрді?
11. М.Әуезов Абай туралы қандай роман жазды?

Сабақты бекіту:

Инсерт таблицасын толтыру

Слайд

Не білемін

Не білгім келеді?

Нені білдім




Үй тапсырмасы: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына конспект жазып келу. «Жаз» өлеңін жаттау.

Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақты Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен аяқтаймыз

Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сабырласып өзді өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі

Сөз айта алмай бөгеліп
Дүрсіл қағып жүреді
Тұрып еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі.

Бала  Абай. 

Сабақтың тақырыбы:  Бала  Абай

Сабақтың мақсаты:1.Мәтін мазмұнымен таныстыру. Абайдың балалық     шағымен мағлұмат беру.Жүйелі сөйлеуге өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

2.Оқушылардың логикалық ойлау дағдысын шығармашылық қабілетін дамыту

3.Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімдерін тудыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: Топтық жұмыс

Сабақтың әдісі:Оқу  мен  жазу  арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту           технологиясы(СТО)

Көрнекілігі: Техникалық құрал, слайдтар, қима қағаздар, геометриялық фигуралар, топтардың аттары

Пәнаралық байланыс:  Музыка, дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

1.Ратация.(топқа бөлу)

         Оқушылар өздері тыңдаған геометриялық фигураларға байланысты  3 топқа бөлінеді. Фигуралардың келесі бетінде топтың аты жазылады.

І  топ. Білімділер

ІІ  топ. Дарындылар

ІІІ  топ. Еңбексүйгіштер

  1. «Жүректен  жүрекке  шеңбер»  жасап  бір – бірімізге  күлімсірей  қарап  сәттілік  тілей  отырып  сабағымызды  бастаймыз.

  2. Топтық  жұмыстың  тәртібін  хабарлау.

а)3 топтың басшысын тағайындап, мұғалімнің сенім карточкасын тапсыру.

б)Бағалау тәртібін  айту. Топтық бағалау. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне сай  10 балл,20 балл,30 балл жазылған дөңгелекті мұғалім топ басшысына беріп отырады.

         Сабақ барысында топ басшысы жинаған ұпайды есептеп айтады. Жеңімпаз топты  анықтайды.

4. Үй тапсырмасын тексеру.

-  Үйге қандай тапсырма берілді?

-  Ғ.Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін мәнерлеп оқу. 3 топтан  3 балаға оқыту.

         «Бәйге» ойынын ойлау арқылы үй тапсырмасына қалай дайындалғандарын тексеру.

-  Әр топ  2 сұрақ таңдап, соған сай жауап береді.

 

                            І.Бәйге ойыны

10.Ы.Алтынсарин  кім?

20.Тұңғыш қазақ мектебі қай жерде ашылды?

30. «Кел, балалар, оқылық» өлеңін кім жазды?

10. «Алғашқы қоңырау» өлеңінің авторы?

20. «Қазақ даласына білім келді» дегенді қалай түсінесіз?

30.Ы.Алтынсариннің қандай әңгіме, өлеңдері бар?

ІІ. Ой  ашар

                                                                                                                                                                                                                                                 1.Ребусты  шешкіз.Қандай сөз оқыдың?

         Мына  ребусты  шешсеңіздер қазақтың ұлы ақынының есімі шығады. Олай болса балалар бүгін біз Абай туралы өтеміз.

2.Абай  Құнанбаев туралы не білесіңдер? «Пікірлер ағашы»

3.БұлМ.Әуезов «Абай жолы»  романынан  үзінді.

    Кіріспе  әңгіме

    М.Әуезов қазақтың ұлы жазушысы. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауылында туған. Жас кезінде ұлы Абайды көріп, бата алған. Атасы Әуез бен әкесі Дінәсілдің тәрбиесінде  болады. Алдымен  молдадан  хат  танып, кейін  Семей,Ташкент,Санкт – Петербург  қалаларында оқыды.

4. Қазір біз осы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзіндіні түсініп оқимыз.

 

                            ІІІ. Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1       абзацты  мәнерлеп оқып береді, сұрақтар қою.

1.Осы  бөліктен не түсіндің?

2.Абайдың өз құралпы балалардан басқа досы кім?

3.Әңгімені аяғына дейін түсініп оқыңдар

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді іштей түсініп оқуға уақыт береді

Сөздік жұмыс

Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу

Проблемалық сұрақ

1.Бұл мәтіннің кейіпкерлері кім?

2.Абайға әңгіме айтатын кімдер?

3.Сенің ойыңша Абайдың бұл ісі дұрыс па?

Сергіту  сәті                                                         

«Сегіз  аяқ» өлеңі

Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіне сергіту жасаймыз

                              ІV. Ой  толғаныс

Топтық жұмыс

1       топ. «5  жол  өлең жазу» стратегиясы Абай

2       топ. «Семантикалық кесте» стратегиясы

3       топ. «Не  ұнады?Не ұнамады? Не алдың?»стратегиясы

Абайдың өлеңі «Желсіз түнде жарық ай»

                  

Рефлексия

А) «Еркін  сұрақтар»стратегиясы

-   Мәтінде кімдер туралы айтылған?

-   Бала  Абай  нені  ерекше  жақсы көрді?

-   Әжесі мен  Абай  арасында  қандай оқиға болды?

-   Саған осы мәтін ұнады ма?

-   Әжесінің аты кім? Шешесінің аты кім?

-   Бұл әңгімені жазған кім?

Сонымен  балалар, осы  әңгімедегі «Бала Абай» сендерге ұнады ма?

Ә) «Идеяны толықтыру» стратегиясы

Мұғалім: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев «Абайды тану арқылы біз, Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.








































































































Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3

Мектеп: Навоий номли умум урта мактаб


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исмайлова Махсуда


Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бала Абай


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.7.1 Оқыған кітабы немесе берілген сурет желісі бойынша жаңа көрініс пен кейіпкерлерді қосып әңгіме жазу


Сабақтың мақсаттары

Жаңа көрініс пен кейіпкерлерді қосып әңгіме айта алады




Барлық оқушылар: Абайдың кім екендігін? Әдебиетке үлес қосқан ақындығын біледіКөптеген оқушылар:Абай туралы әңгімелей аладыКейбір оқушылар: Абайдың өлеңдерін жатыа айта алады


Тілдік мақсаттар

Тірек сөз: өлең, әдебиет

Диалог :Абайдың ыандай өлеңдерін білесің?


Бағалау критерийлері

Оқыған кітабы немесе берілген сурет желісі бойынша жаңа көрініс пен кейіпкерлерді қосып әңгіме жазады


Сабақта қамтылатын құндылықтар

Мәнгілік ел. Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы


Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану


АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик, слайд


Бастапқы білім

Қазақтың тұңғыш ғалымы туралы біледі






Жоспар



Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері.Балалар бір-біріне жақсы тілек тілейді.Абайдың өлең жолдары арқылы топқа бөлу.Өлең шумақтарын бір-біріне құрастыру арқылы әр кім өз тобын табады.Үй тапсырмасын көріп шығу.Сұрақ –жауап арқылы өткен сабақты пысықтау.Шоқан Уалиханов ким болған?Ол қай жерде білім алған?Ол зерттеу жұмыстарын кімнен үйренген?Қол сигналы арқылы бағаалау.

Гул, стикерлар,смайликлар, маркер

Сабақтың ортасы

Абай Құнанбаев жайлы видеоролик көру.Видеоролик кім туралы екенді сұралады.Топпен жұмыс1-тапсырмаМәтінді оқу және түсінігін айту.Сұрақтарға жауап жазу.Абай кіммен сөйлесті?Абай әжесінен кім туралы сұрады?Қонақтың аты кім еді?Қонақ кімге бата берді?Дескриптор.Білім алушы:-мәтінді оқиды-түсінік айтады-сұраққа жауап жазадыЖұптық жұмыс.2-тапсырмаДиалогті рөлге бөліп оқу. Сұрақтарға жауап бередіДескриптор.Білім алушы:-диалогті оқиды-сұраққа жауап бередіЖеке жұмысАбайдың өлеңдерінен үзінділер оқуДескриптор.Білім алушы:-Өлең оқиды-мағынасын түсіндіреді.Топпен жұмысАбай Құнанбаев туралы постер жасау.Дескриптор.Білім алушы:-Абай туралы мағлұматтарды жазады-өз жұмыстарын қорғап бередіКуббизмАбай кім?Қай жылы туылған?Ол не істеді?Қандай өлеңдері бар?Ол қайда туылған?Өлеңін оқып бер.Балалар осы сұрақтарға жауап береді.



Сабақтың соңы

Үйге жұмысы:6-тапсырмаСабақ туралы ойларын стикерге жазып, «білім кемесіне» жапсырады.



Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауәпсәздәк техникасының сақталуы

Саралау іріктелгентапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардыңжеке қабілеттерін есепке ала отырып, іріктеу түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолдана алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.«Венн диаграммаси»«Туплаштириш»

Денсаулық сақтау технологияларысергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын өауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексияСабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білідіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз









Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1: Туплаштириш усули.

2: Жуфтликда ишлаш.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1: Нима учун шахарда куп қаватли уйлар қурилади?

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





Тақырыбы: Мұхтар Әуезов. Бала Абай
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Тілін, сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, ассоциация, топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: ауыл көріністерін бейнелейтін сюжетті суреттер, ребус, пікірлер ағашы, М. Әуезовтің, А. Құнанбаевтың суреттері.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
2. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.

3. Үй тапсырмасын сұрау: Алғашқы қоңырау. Тізбектей оқыту
4. Білімдерін тексеру: Қазақ даласына алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім? Ы.Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?
5."Сөзжұмбақ шешіп көр"
1. Оқығанды көңілге..... тоқылық.
2. Кел,......., оқылық.
3......., балалар.
4. Шамнан........ жағылыр.
5...... көйлек үстіңде.
6. Қартайғанда мал......

ІІ. Мағынаны тану.
1. Ребусты шешу. «Абай».
2."Ой шақыру" стратегиясы
ә) Абай ата туралы білетіндерін «Пікірлер ағашына» жазу.
б) Абай ата туралы роман жазған жазушы кім?

"Топтастыру" стратегиясы
- Кіріспе әңгіме жүргізу. Автор жайлы мағлұмат.
М. Әуезов туралы түсіндіру.
Мұхтар Әуезов
↓
жазушы
Семей облысында туған.
«Абай жолы» романын жазған.
Ғалым
Академик, профессор
в) Абай атамыз жайлы түсіндіру.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845 - 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси - әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
г) «Бала Абай» оқып, түсіндіру.
д) Мәтінді іштей оқыту, тізбектей оқыту.

"Түртіп алу" стратегиясы
..........

"Еркін жазу" стратегиясы
- Абайдың әжесі, шешесі кім?
- Қонақтар кімдер?
- Олар нені жырлады?
- Бала Абай нені жақсы көреді екен?
ж) Суретпен жұмыс.
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Олар отырған үйді сипаттап айтып беріңдер.
- Мәтінге сүйеніп, әжесі мен Абай арасында болған оқиғаны әңгімеле.
ІІІ. Ой толғаныс
1. Сұрақ - жауап:
Абай ата туралы білгендеріне сүйеніп «Пікірлер ағашын» толықтыру.
Абай туралы қосымша деректер.
Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
VІІІ. Қорытынды:
1. Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Бала Абай» шығармасын оқу, мазмұндау.
2. Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі