400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бала-бауыр етің" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 3 сынып ұстаздарына қмж құруға мысал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:



Бөлімі:

Өнер

Педагогтің аты-жөні:

Ержембаева Индира Бағланқызы

Күні:

15.01.21

Сыныбы: 3-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өнер алды - қызыл тіл. Бала – бауыр етің

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.4.1Аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтау.

3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқушылармәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: оқушылартақырыпқа қатысты өз тұжырымдарын білдіріп, дәлелдер келтіреді.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтар:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы

3 мин.


1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Саралау:Бұл жерде қолданудың

«Жіктеу» тәсілі арқылы көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға қолдану еркіндігі беріледі.

(Ұ) “Кездесу” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!»

3-сынып оқулығы

Слайд



Миға шабуыл. «Шұғыл sms» әдісі.

Жеке жұмыс.


5 мин.


Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында экранда көрсетілген суреттерге мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.

Сұрақтар:

1.Үш биді ата?

2.Не себепті «Қаз дауысты Қазыбек» деп атаған?

3Қазыбек бидің бір нақыл сөзін айт?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор:

-1-ші сұраққа жауап береді.

-2-ші сұраққа жауап береді.

-3-ші сұраққа жауап береді.


Жалпы-1балл.


Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»

«Керемет»

«Сенің қолыңнан келеді» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ДК

экраны


Сұрақтар топтамасы.


Оқулық 3-сынып.



Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс.

8 мин.



«Шынжыр» әдісі.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты кейіпкерлер беріледі.

№ 1-тапсырма: Мәтін бойынша кейіпкерлер жайлы әңгімелейді. Кейіпкерлерге сипаттама береді.

Дескриптор:

-Кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз тұстарын атайды;

-Торкөздегі сөзді дауыстап оқып анықтайды;

Жалпы-1балл.

ДК экраны

3-сынып оқулығы



«Түртіп алу» әдісі.

Оқулықтағы «Зерттеу» айдарының тапсырмасы беріледі.

Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырманы орындайды.

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

ДК экраны

3-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



6 мин.

Айтылым



№2-тапсырма: Төмендегі кейіпкерлерді салыстырып топта талдап, кестені толтыр.

Мақсаты: Кейіпкерлерді салыстырып ажыратады.

Тиімділігі: Тыңдалым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Зерделеу» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіреді. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.

Дескриптор:

-Мұғалімнің айтқан мәліметтерін түсінеді;

-Бір-бірінің пікірін тыңдап, қорытындылайды;



Жалпы-1 балл.

ДК экраны

3-сынып оқулығы.




Жеке жұмыс.

8 мин.

№3-тапсырма:

Мәтінге қатысты төмендегі кеңестерді оқып, сұрақтарға жауап бер.

Мақсаты: қызметімен таныстыру.

Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау:Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша мәтінді оқиды. Өзіндік ойын тұжырымдайды. Оқып, танысқан кеңестерді басшылыққа алып, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

-Кеңестерді оқиды.

-Сұрақтарға жауап береді.

Жалпы – 2балл.

ДК экраны

3-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



5 мин.

Жазылым.

Жұмыс дәптердегі Кестені толтыр.

Мақсаты: Берілген сөздердің атқаратын қызметін жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.

Төменде берілген сөздердің атқаратын қызметін жазады.

1.Мәтіндегі сөздер

2.Термин сөздер


Дескриптор:

-Тақырыптың бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі және мысал жазады-1б.

-Термин сөздерге ереже мен мысал жазады-1б.


ДК экраны

3-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия


5 мин.

«Бір қалам, бір қағаз» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.

Пікір:Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел:Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал:Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір.

Қорытынды:Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін сөйлемдер арқылы тұжырымдайды.


Мақсаты:Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Дескриптор:

«Бір қағаз, бір қалам» әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды-3б.


Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.






Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?




Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайcыз?




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі