жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Бала-бауыр етің 3 сынып әдебиет пәні
Мұғалімнің аты-жөні: |
Сапаралиева А.Т |
|||||||
Пән/Сынып: |
3 сынып |
|||||||
Тарау немесе бөлім атауы: |
Өнер |
|||||||
Сабақтың тақырыбы: |
||||||||
Оқу мақсаты: |
3.5.1.1.Нақыл сөздерді түсініп оқу, өз пікірін білдіру, нақыл сөздер құрастыру екі ананың сөздерін салыстыра сипаттап жазу |
|||||||
Бағалау критерийі: |
|
|||||||
Саралап оқыту тапсырмалары |
||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы |
||||||
Уақыты |
Кезеңдері |
Тапсырма |
Тапсырманың мақсаты |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
1 минут |
|
1-слайд, Сабақ тақырыбы
2-слайд Сабақ мақсаты Нақыл сөздерді түсініп оқу, өз пікірін білдіру, нақыл сөздер құрастыру екі ананың сөздерін салыстыра сипаттап жазу |
Не меңгеретінін білу үшін
. |
|
Презентация № 1бет |
|||
7-8 минут |
Жаңа сабақ
|
Ой қозғау
Нақыл сөзді түсініп оқы. Тіл сөзін сөз деп алып қайталап оқы. Өз ойыңды білдір. Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл. Ең қатты да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл. Неліктен?
Қазыбек би туралы мәлімет.
Қаздауысты Қазыбек би, қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болған. Халық «Қазыбек қазып айтады» деп құрметтеген.
Қазыбек бидің айтқаны «Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпаны басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!»
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
Жарайсыңдар!
|
Презентация № 2бет |
|||
8 минут
|
Тәжірибе
|
Мағынаны тану. Аңызды тыңда Бала-бауыр етің Қазыбек бидің елге белгілі болған кезі екен. Бірде бір бала үшін дауласып, екі әйел алдына келіпті. Әйелдердің бірі: - Мынау баламда мен есін білмейтін жас күнінде жоғалтып алып едім.Соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, білмеймін, әйтеуір асырап алыпты... Бүгін баламды танып, тауып алдым. Бірақ мына әйел, «өз балам» деп бермейді,-дейді. Екінші әйел тұрып: -Мынау босқа жармасып тұр. Бұл-менің балам,-дейді. Қазыбек екі әйелді мұқият тыңдайды. Сосын ойланып отырып қалады. Сәлден кейін: -Бірің балаңды жоғалттым, енді бірің таптым дейсіңдер. Бірақ оның шын-өтірігін бәлетін куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді Қазыбек би. Ол баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қояды да, өзі алдаспанда жоғары көтереді. -Екеуіңе баланы қақ бөліп берейін, осыған ризасыңдар ма?-дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел: -Біреуге тірі бергенше, жартысы болса да, өзімде қалсын. Бөлсең, бөл!-дейді безеріп. Ал баланы таныған әйел: -Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз!-деп безек қағады. Сонда Қазыбек би: - Бала мына жоғалтқан әйелдікі екен. Өйткені баланың амандығын тілеп тұр. Баласын өзіне бер,-деп билік айтыпты. Серік Негимов. « Шешендік сөздер» кітабынан
Сөздік жұмыс Алдаспан – қылыш. Безеріп – қатігезденіп, жек көріп. Безек қағады – жаны ауырады, шырылдайды.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
|
Презентация № 3бет |
|||
3 минут
|
Бекіту
|
Бүгінгі тақырып бойынша не меңгергенімізді білу үшін тапсырмалар орындайық. 1-тапсырма: «Бала – бауыр етің» аңыз-әңгімесінің негізінде екі ананың іс-әрекетіне қарай нақыл сөз құрастырып көріңдер.
Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс. Мейрімі мол ананың —жүрегі жылы, қолы кең. Ана алақанының аясы —ақ шынардың саясы.
2-тапсырма: Қазбек биге келген екі ананың сөзін салыстыра сипаттап жазыңдар.
Екеуіне
ортақ қасиет
Екінші
ананың соңғы сөзі
Бірінші
ананың соңғы
сөзі
Сұрақтың жауабы:
-Ойбай,
биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын,
шаба көрмеңіз
Біреуге
тірі бергенше, жартысы болса да, өзімде
қалсын. Бөлсең,
бөл!
Ана
Мейірімді
ана
Қатыгез
ана
3-тапсырма:
деп
ойлаймын емес
Меніңше, Менің
ойымша,
Қазыбек
би әділ
қазы
Өйткені Менің ойымша Қазыбек би әділ төрелік айтты Себебі Бала жоғалтқан әйелдің жүрегінің мейірімділігіне қарап әділдігін айтып берді.
Қорытынды
Оқу тапсырмасы 1.Аңызды түсініп оқы, мазмұндап айтуға дайындал. 2. Қазыбек бидің шешендік сөздерін жатта. |
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Дескриптор:
Дескриптор:
Дескриптор:
|
Презентация № 4бет |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген