400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Бала жүрегіне мейірімділік жолымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам бойындағы жағымсыз ойлардан жеңіл жолмен қалпына келтіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бала жүрегіне мейірімділік жолымен»

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине жылдың әр күні сыпайы болуымыз керек. Алайда көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөзінде бір сыйқырлық бар- ол арқылы біздер бір –бірімізге ризашылығымызды білдіреміз,жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша рахмет сөзін айту адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатады.Бастысы алғыс жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға үлмермеген жандарыңыз болса, бүгін рахмет айтасыздар деген үміттемін. Айтпақшы менде алғыс айта кетейін, тренингке қатысып жатқандарыңызғ РАХМЕТ!!!

1. «Танысу»

Өз есімінің бас әрпінен басталатын сын есім айту арқылы өзін таныстыру. Мысалы: Мен Әдемі -Әсем

2. «Жүректен жүрекке»

Жүрекшені бір –бірімізге беру арқылы шын жүректен бір-бірімізге алғыс айтайық

3. «Сілку» жаттығуы

Мақсаты:Адам бойындағы жағымсыз ойлардан жеңіл жолмен қалпына келтіреді.

Барысы: Бұл жаттығу сізді қарапайым және жеңіл жолмен қалпыңызға келтіреді және бойыңыздағы жағымсыз ойлардан арылтады. Айналаңызда кеңістік қалатындай етіп еркін тұрыңыз. Екі қолыңыздан бастап, сілки

бастаңыз, енді шынтағыңызды екі иығыңызды сілкіңіз. Енді еңкейіп, екі аяғыңыздан бастап екі қолыңызды сілкіңіз. Суда жүзіп жүрген қаздың үстінен түскен судай сіздің бойыңыздағы жағымсыз энергиялар түсіп қалады. Бетіңізді де сілкіңіз жақсы болады. Енді міне менің бойымдағы ауыртпалықтардың барлығы бойымнан шығып кетті деп елестетіңіз.

4. «Сыйлық» жаттығуы

Мақсаты: Оқушыларды өмірге деген ынтасын арттыра отырып адамдарға, қоғамға керектігін сезіндіру (ата - анасына, туыстарына, достарына т. б.).

- Әр бала өзінің кімге керектігін айтады.

- өзі жақсы көретін адамға қимыл мен ым арқылы қасында отырған оқушыға сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі затты алып алғыс білдіре отырып қабылдайды.

Cергітуойыны

Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.

Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз.

Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»

Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол бүгінгі іс шара барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған

5. «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Аққағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз. Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:

• Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

• Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

• Неге бәрімізде бірдей аққағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әртүрлі адамдармыз, әртүрлі қимылдаймыз.әрқайсымыз бөлек тұлға, әрқайсымыздың ойлауы қабілетіміз , дүниетануымыз көз қарасымыз бәрі де әртүрлі.

6.« Тілек шамы» жаттығуы.

Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!

Қорытынды:

Жылы сөздеріңізді, қайырымды істеріңізді, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен епшқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтып тұрыңыздар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұрады. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1223
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі