400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бала Мәншүк

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Бала Мәншүк
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілі 4 сынып Мұғалімі : Жекибаева А

Сабақтың тақырыбы: «Бала Мәншүк» М.Хакімжанова .

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік - Оқушылар қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағыны батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысады, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдетеді.

2. Дамытушылық – Оқушылар өз ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтанады.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамытады, сөздік қорын молайтады.

3. Тәрбиелік - Жас ұрпақ елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары: «Топтастыру», «ББҰ», «Бес жолды өлең»

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

- Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Шығыс шынары» мәтінін оқу.

ә) Батырлық, ерлік туралы мақал жинақтау, жаттау.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.

  • Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?

  • Әлия Молдағұлова

  • Әңгіме неге «Шығыс шынары» деп аталған?

  • Әлия бала кезінде қандай болған?

  • Әлия өсірген гүлдердің атын ата.

  • Әлия сияқты батыр қыздар қазіргі кезде бар ма?

  • «Shape1

    қайсар

    Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі арқылы теңеу сөздер жазып көрейік.

Shape3 Shape2

батыр

белсенді



Shape6 Shape4 Shape5

Әлия кім?



Shape9 Shape10 Shape7 Shape8

жауынгер

өжет


Shape11

ержүрек


  • Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.

І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар

ІV. Жаңа сабақ.

  • Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды?

  • Биыл Жеңіске неше жыл толады?

  • Әлия Молдағұловадан басқа Отан соғысында ерлік көрсеткен тағы қандай қазақ батырларын білесің?

  • Әлиямен аты қатар айтылып жүрген қазақтың батыр қызы кім?

  1. ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?

Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды.

«Білемін» бөлігін топтастырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз



  1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.

  • Мәншүк туралы не білгілерің келеді?

«Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?



«Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.

  1. Автормен таныстыру.

М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.

4.Мәншүк туралы мағлұмат беру.

М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.

5. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма:

Оқушыларға оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды.

Әр топ өзінің оқыған бөлігіне ат қояды.

6. Дәптермен жұмыс

Бөлік аттарын дәптерге жазу

І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»

ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»

ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»

  1. Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топқа: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата

ІІ топқа: Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқыңдар.

ІІІ топқа: Бес жолды өлең құрастыру.

  1. Зат есім. Кім? – Мәншүк

  2. Сын есім.Қандай? -ержүрек, батыр.

  3. Етістік Не істеді? Қайтті? –атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.

  4. Сөйлем. Мәншүк- қазақтың батыр қызы.

  5. Синоним. Мәншүк-Мәнсия

Ү.Поэзия минуты

ҮІ.Қорытынды:

1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?


  1. Мәншүктің шын есімі - Мәнсия.

  2. Олар бір-бірімен кездеспеген.

  3. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған.

2. Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.

3. Бекіту сұрақтары:

- Мәнсияның (Мәншүктің) әкесі оны қайда алып қайтты?

- Мәнсия әкесінің сұрағына не деп жауап қайтарды?

- Анасы оны кім деп еркелетті?

- Саған Мәншүктің қандай мінезі мен қылығы ұнады?

(сұрақтың астынан Ақтауға 50 жыл,Маңғыстауға 40 жыл деп жазылған сөз шығады(

- Балалар биыл Ақ маржан қаламыз Ақтаудың құрылғанына 50 жыл, мұнайлы өлкеміз Маңғыстаудың құрылғанына 40 жыл болады. Мұны есімізге сақтап жүрейік.

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.

  2. Мәншүкке мінездеме беру.

  3. Мәншүк Маметова туралы қосымша мәліметтер жинау.

ҮІІІ. Бағалау: Оқушы білімін бағалау парақшасы арқылы қою

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі