400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Бала Мәншүк» 3 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушыларды қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныстыру, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдету. 2.Оқушыларды ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандару.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. 3.Жас ұрпақты елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Бала Мәншүк»

М.Хакімжанова

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныстыру, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдету.

2.Оқушыларды ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандару.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

3.Жас ұрпақты елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,сұрақ жауап, мәнерлеп оқу, топтастыру, көрнекіліктер.

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар,карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Шығыс шынары» мәтінінің мазмұны

ә) Батырлық, ерлік туралы мақал жинақтау, жатттау.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.

  • Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?

  • Әлия Молдағұлова

  • «Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі арқылы теңеу сөздер жазып көрейік

Shape1

қайсар




Shape2

Әлия кім?


Shape3

батыр


Shape5 Shape4

Әлия кім?


Shape6

Shape8 Shape7


Shape11 Shape10 Shape9

өжет

жауынгер



Shape12

ержүрек





Shape13

  • Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.


І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар

ІV топ: Өжет



ІV. Жаңа сабақ.

-Ә.Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

- Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?


  1. ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?

Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды

«Білемін» бөлігін топтастырады.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз




  1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.

  • Мәншүк туралы не білгілерің келеді?


«Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?




  1. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.

  2. Автормен таныстыру.

М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.

5. Мәншүк туралы слайд арқылы мағлұмат беру.



М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.


  1. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма:

Оқушыларға оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды.


І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»

ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»

ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»


Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап,түсінігін бір-біріне айтады. Әр топқа 1-ден 4-ке дейінгі нөмір жазылған жетон беріледі. Сол жетон бойынша 1-ші нөмірлер бір жерге, 2-ші нөмірлер екінші жерге т.с.с. жиналады. Жаңа шағын топ құрылады. Енді әрбір оқушы оқығанын осы топта айтып береді. Сонда тұтас мәтін мазмұны толық түсінікті болады.


  1. Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.


І топқа: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата


ІІ топқа: Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқыңдар.


ІІ топқа: Бес жолды өлең құрастыру.

  1. Зат есім. Кім? – Мәншүк

  2. Етістік Не істеді? Қайтті? –атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.

  3. Сын есім. Қандай? –ержүрек, батыр, өжет.

  4. Синоним. Мәншүк-Мәнсия

  5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.


IV топқа. «Мәншүк туралы естелік» оқып көрініс көрсету.


Қорытынды:

1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.






Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?


  1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.

  2. Олар бір-бірімен кездеспеген.

  3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған.


2. Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.


Үйге тапсырма:

  1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.

  2. Батырлық, ерлік туралы мақал жаттау.

Бағалау: Оқушы білімін бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі