400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бала Мәншүк" 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысындағы ата-апаларымыздың ерліктерімен танысады. Мәншүктің табандылығымен көрсеткен ерлігін біледі. Сол апаларын өздеріне үлгі тұтуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі:

Сынып:4

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы:

Бала Мәншүк

Сабақтың мақсаты:

Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.

Сабақтың түрі:

Топтық жұмыс

Сабақтың әдісі:

«6 қадам», «Жұқа және қалың» сұрақтары, «Топтастыру» әдісі, «Жиксо» әдісі , «INSERT», «ББҮ» әдісі.



Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар:

А-4 қағаз, сурет, стикер, қима қағаздар, бейнефильм, интербелсенді

Күтілетін нәтиже:

Мәншүк Мәметованы білетіндері көбейеді, оның мінезі, балалық кезі туралы біледі. Ұлы отан соғысына қатысқан батырлар туралы біледі. Өз еңбектері және басқалардың еңбектерін бағалауға үйренеді. Топты басқару арқылы көшбасшылық қасиет қалыптасады.

Сабақтың кезеңі:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар мен жабдықтар

Ұйымдастыру:

2 мин


1. Сәлемдесу; 2. Топқа бөлу

1.Оқушылар сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне тілек тілейді.

2.Тәттілер арқылы топқа бөлінеді


Тәттілер





ІІ.Үй тапсырма-

сын тексеру

кезеңі.

«6 қадам» ойыны

3мин

Екі топтан 2 оқушы шығарып ашық сұрақтар қою.

Сұраққа жауап берген оқушы бір қадам алға жылжып отырады.

Қағаздан жасалған табан сурет қималары

ІІІ.Қызығушылы-

ғын ояту.

5мин

Оқушыларға сұрақтар қою

1.Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

2.Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?

Ендеше, бүгін сабақта Мәншүк туралы сөз етеміз.

Әр топқа кесте таратылып беремін.( ББҮ) кестесі

Бағыт-бағдар беремін,

ББҮ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?

«Білемін», «Білгім келеді» кестесін толтыру тапсырылады.

Сұрақтарға жауап беріп , жаңа сабақтың тақырыбын өздері табады.




Топ өздері жеке - жеке орындайды
«Білемін» бөлігін топтастырады.
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.
1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
- Мәншүк туралы не білгілерің келеді?
. Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.
Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па?


«Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 2 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.












ББҮ кестесі

3.Жаңа сабақ

«Болжау» стратегиясы

Ой белсенділіктерінің дамуына ықпал ету

5мин

Интербелсенді тақтадан Мәншүк

Мәметова және бұл естеліктің авторымен таныстырып өтемін.

Балалар, сендер білгім келеді бөлімін топтастырғанда тереңірек білгім келеді дедіңдер ғой,

Қазір мен бейнефильм ұсынамын.
- Қандай сезімде отырсыңдар бейнефильнен кейін?
- Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
- Қай жерде және қай жылы дүниеге келген екен?
Бейнефильнен «білгім келеді» бөліміндегі сұрақтарына жауап ала алдыңдар ма?



Тақтадан көрген фильм туралы әңгімелей

Бейнефильм, слайдтар

Оқулықпен жұмыс.
«Жиксо» әдісі

5мин

Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.

Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін келесі топқа айтады. Тапсырмалар бойынша екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.


Сөздік жұмыс. INSERT әдісі. немесе «Кір жаятын жіп» ойыны

3мин

Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп жіпке ілу.

Дерлік – түгел, бәрі, айтарлық
Әсте қыңыр – басқаша, қызық, бір түрлі, өзгеше сөйлейді
Домбығып – ісіну, томпаю

Жіп және қыстырғыш



Сергіту сәті

2мин

Бейнефильмнен көрген қимылдарды қайталау

Оқушылар әуенмен жаттығу жасап билейді

АКТ

«Топтастыру» әдісі

Рисунок 3

Рисунок 1 7мин


1топқа- Мәншүк кім?

2 топқа – Мәншүкке мінездеме беру

Постер қорғау


Постер қорғайды

А3 қағаз, түрлі-түсті бояулар

«Ой ширату» кезеңі
3мин

I топ –- 5 жол өлең жазады
ІI топ – сәйкестендіру тәсілі (сөздер беріледі)

1 топ: «5 жол өлең»


Зат есім - 1

Сын есім - 2

Етістік - 3

Синоним – 1

Сөйлем

2 топ: «Сәйкестендіру» әдісі


А насы Мәншүк

Ә кесі Мәриям

Тәрбиешісі Моншақ

Ахмет

Лақап есімі Мария


Қорытындылау

«Автор орындығы»

4мин

Жаңа тақырыпты игеру деңгейлерін анықтау



Сабақты бекіту

2мин

. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.

1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.
2. Олар бір - бірімен кездеспеген.
3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген.
4. 19 жасында майданға аттанған.
5. Пулеметші болған.


Бағалау , үйге тапсырма

Кері байланыс

4мин

Формативті бағалау арқылы оқушылардың білімі бағалайды.

«Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.
2. «Батырларға ризамын» эссе жазу.
3. Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтел жаттау.

Топ спикерлері өз тобындағы оқушылардың іс-әрекетін бағалайды


Стикерге өз ойын жазып, білім ағашына іледі.

Стикер







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі