Тақырыбы:
Балаға
жүрек
жылуы
Мақсаты:
Қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық,
әдептілік құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
Көрнекі құралдар: ұлағатты
сөздер, түрлі қағаздар, суретті плакат.
I.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі
сабағымыз Балаға
жүрек жылуы
деп аталады.
2-СЛАЙД:
Психлогиялық дайындық
Қуанамын
мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанайық,
достарым,
Арайлап атқан күнге!
3-СЛАЙД:
Қайырымдылық -
мейірімділіктің іс жүзіндегі бір
көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі,
кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс
жүзінде жақсылық жасау.
Елімізде
қайырымдылық жасаудың негізі ретінде
құрылған «Бөбек»
қоры. «Бөбек»
қорының президенті Сара Алпысқызы
Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж
балаларға қол ұшын беріп, аялы алақанын
ұсынуда.
4-СЛАЙД:
Ойын.
Сөйлемді
жалғастыр.
-
Ең үлкен қорқыныш – бұл...
- Мен мынадай
адамдарға сенбеймін...
- Мен ренжимін,
егер...
- Егер маған дауыс көтерсе,
мен...
- Мен қарсыласқанда...
III.
«Қайырымды бала»
мәтінімен талдау, пікірталас өткізу.
Айдос
мектептен үйіне келіп әкесіне сабағын
тыңдатты. Баласының сабағын білгеніне
әкесі риза болып балмұздақ сатып алуға
ақша берді. Баласы әкесінің берген
ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге
жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін
ақшасын жоғалтып алып жолда жылап тұрған
баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті
албырап, беті – қолы тоңып кеткенін
байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп,
үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала
қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос
бұрылып үйіне қайтты..
Мәтін
мазмұнына байланысты оқушылардың
пікірін тыңдау.
Баланың қайырымдылығы
неде?
Өзің Айдостың орнында болсаң
не істер едің? деген сұраққа жауап
алу.
ІV.
Ойын :Өзінің адал досының атын және
мінезінің қандай екенін айтады. Мысалы:
Айдана ақ көңіл, т.с.с.
V.
«Кім жылдам?»
1.
Анаңның анасы саған кім? (әже)
2. Оң
аяқ, сол аяқ, Кезек оны тебеді. (доп)
3.
Бала тәрбиесі (бесіктен)
4. Жеті күн.
(апта)
5. Мектептегі екінші анаң.
(ұстаз)
6.
Бірлік болмай (тірлік) болмас.
7. Тілі
жоқ өзінде, Сөзі бар өзінде. (қалам)
8.
Сүттен жасалатын тағам. (ірімшік)
9.
Қабат, қабат қаптама,
Ақылың болса
аттама. (кітап)
10.
Үйреткен ілімді қырық екі білімді.
(әліппе)
11. Жұмыс бізді үш жамандықтан
құтқарады? (ауырудан, жоқшылықтан,
зерігуден)
12. Жақсыдан үйрен - жаманнан
(жирен)
13. Білім ордасы не? (мектеп)
14.
Халықпен халықты, адам мен адамды
теңестіретін не? (білім)
15. Бала тілі
- (бал)
16. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)
5-СЛАЙД:
VII. Жүректен - жүрекке
-
Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз
ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су
мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған
жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
-
Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген
әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам
мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым
мейірімді!
- Тату - тәтті достарым
мейірімді!
-Осымен
«Балаға
жүрек жылуы»
тақырыбындағы сынып сағатымыз аяқталды.