Тақырыбы
: Балалардың
ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту
Мақсаты: Мектеп
жасына дейінгі балалардың ойын арқылы
ойлау қабілетін дамыту
Міндеттері
:
-
ойынның тәрбиелік аспектілерінің
теориялық негіздерін зерттеу;
-
ойын түсінігін ашу;
- мектепке
дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызын
көрсету;
- ойын арқылы
балаларды жан жақты тәрбиелеуді
талдау;
- ойын – балалардың
ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет
ретінде зерттеу;
- ұлттық
мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық
ойындарға сипаттама беру;
-
қажетті дене қозғалыс дағдыларын,
танымдық-қозғалыс белсенділігін
арттыру;
- қызығушылығын қалыптастырып,
дамыту;
-
ойын – баланың білім-білік дағдысын
қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде
қарастыру.
Ойын
дегеніміз
— жас ерекшелікке қарамайтын, адамның
көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын
үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты,
тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты,
іскерлікті, дүниетаным өрісінің
көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ,
басқа да толып жатқан сапалылық
қасиеттердің қалыптастыруға үлкен
мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді
әдістердің бipi.
Ойын
түсінігі
.
Адам
іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның
пайда болуын
зерттеушілердің
біразы өз еңбектерінде өнер
және
ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы
қадамы деп түсіндіреді.
Балаларға
ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру
және эстетикалық тәрбие берудің маңызды
тетігі ойында жатыр.
Ойын
барысында балалар өзін еркін сезінеді,
ізденімпаздық, тапқырлық әрекет
байқатады.
Сезіну,
қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік
арқылы түрлі психикалық түйсік пен
сезім әлеміне сүңгиді.
Ұлттық
мұраның бай қазынасы – халықтық, ұлттық
ойындар
Осыдан
келіп ойын туралы мынандай тұжырым
жасауға болады:
- ойын -
тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады,
сөздік қорды байытады, өмірді танытып,
сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
-
ерік жіне мінез қасиеттерін бекітеді,
адамгершілік сапаны жетілдіреді.
- ұжымдық
сезім әрекеттері өсе түседі.
-
эстетикалық тәрбие беру - өнерді,
көркемдікті түсіндіру құралына
айналады.
- еңбек тәрбиесін
беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік
береді.
- дене күшінің
жетілуіне көмектеседі - ойын баланы
жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің
психологиялық және физиологиялық
негіздері болып табылады.
Ойынның
маңызы
1.Тәрбиеленуші
үшін:
Ақыл-ойы
дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі,
шығармашылығы,
артады,
тұлғалық қасиеттері қалыптасады
2. Тәрбиеші
үшін:
Ойын
түрінде оқыту жалықтырмайды, баланың
білімінің сапасын
арттыруда,
сабақты қызықты өткізуге, тәрбиеші
үшін тиімді.
3. Ата-ана
үшін:
Бала
бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын
арқылы тәрбиелейді
Ойын
түрлері:
Шығармашылық
ойындары
-сюжетті-рольдік;
-театр
ойыны;
-кұрылыс ойыны;
-режиссерлік ойындар
Ережеліойындар
-
қимыл-қозғалыс ойыны;
-
ермек ойыны;
-
дидактикалық ойыны;
-
ұлттық ойыны;
-
компьютерлік ойындар;
Балабақшада
жүргізілген ойындар.
Рөлдік
ойындар
мектепке дейінгі балалар өмірінде
елеулі орын алады. «Дәрігер», «Шаштараз»,
«Отбасы» ойындары арқылы айналадағы
өмірді бақылауға, күнделікті өз
өмірлерінен алған білімдерін ойын
сюжетіне пайдалануға болады.
Қойылымдық
ойындарда
рольдер, ойын әрекеттері қандай
шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен
мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді
ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні
жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар
ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың
ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылыс
ойыны
бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас
келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер,
стадиондар, темір жолдар, театрлар,
цирктер т.б. ірі құрылыстар салады.
Дидактикалық
ойындар
баланың ақыл- ойын дамытып, оқу іс-әрекетке
деген қызығушылықтарын арттырады.
Ұлттық ойындар:
«Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар»,
«Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі
ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта
жас ерекшелігіне сай жүргізіледі.
Қорытынды:
Бала
тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ
тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған
емес. Ол қоғамның, заманың бағыт-
бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге
жүріп отырады. Осы орайда кез-келген
бүлдіршін үшін бала тәрбиесі
ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені
одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық
іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі
жұмыс түрі- ойын әрекеті.
Бала саналы,
мәдениетті, адамгершілігі мол болып ,
жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып,
сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы
өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың
маңызы зор.
Ойын үстінде баланың
түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі
де көрінетіні туралы аса көрнекті
педагог А. С Макаренко былай дейді:
«Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби
қызмет саласында, көбінесе сондай
болады». Сондықтан келешекке адамды
тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы
жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін
айналадағы танып, білу тәсілі.