400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Баламалы энергия көздері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ.

Мектеп: Абай атындағы №3 орта мектеп

Пән:

қазақ тілі мен әдебиеті

Күні : 17.02.2020

Мұғалім: Тұрбекова Г.Ә.

Сынып: 9 Г

Қатысқан оқушылар саны:17

Қатыспағандар:0

Бөлім:

Болашақ энергия көздері.

Сабақтың тақырыбы:

Баламалы энергия көздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

9.2.1.1 берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау;

Сабақ мақсаты:

9.3.6.1 мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда баға беру.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпы қоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

Құндылықтар:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапты азаматтық позиция;

  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;

  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

География ,физика пәндерінен алған білімдерін пайдаланады

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация

Бағалау критерийлері:

Ғылыми стильде (мақала, баяндама, презентация) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасайды.

Дифференциация

Барлық оқушылар: берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды;

Оқушылардың көпшілігі: берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды және мысал келтіреді

Кейбір оқушылар: берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды, мысал келтіреді және өз пікірін білдіредіТапсырмалар арқылы саралау

Тілдік мақсаттар:

Баламалы энергия, толқын, электр қуаты, жарық, сәуле, биогаз , метан, көмірқышқыл газы, сутегі т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Болашақтың энергиясы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы



10 мин


Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал орнату.

Топқа бөлу

Сыныпты сабақ тақырыбына байланысты сурет қиындылары

арқылы 3топқа бөлу.



Сабақтың ортасы



20 мин




















































Назарын шоғырландыру

Сұрақтар:

1.Экспо 2017 көрмесінің басты тақырыбы қандай ?

2.Қалай ойлайсыңдар болашақ энергия көздеріне қандай энергия көздері жатады?

3.Неліктен бүкіл әлем баламалы энергия көздерін қолдануды мақсат етіп отыр

4..ОЭК-дегеніміз?(отын энергетикалық кешен)

5.Отын энергетикалық кешен құрамына байланысты қалай бөлінеді?(қалпына келетін,қалпына келмейтін)

6.Қалпына келмейтін отындар?(минералдық отындар-мұнай,табиғи газ,көмір)

1 тапсырма.

2-тапсырма.

Оқылым тапсырмасы. Мәтіндерді оқыңыз. Сол бойынша сыни тұрғыда баға беріңіз.

2017ж  елімізде Астана қаласында ЭКСПО  көрме  өтті

(10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін). Көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы»

ЭКСПО  көрмесі    бүкіл әлемде 1851 ж бастап өтілуде  және әлемде  үлкен  шара болып саланады Олимпиада ойындарынан,әлемдік футбол Кубогі  ойынан  кейін  үшінші орында тұр.

1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір60 000 млрд кВт-сағат энергия  өндірілуде.  Бұл өте үлкен көрсеткіш. Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.

Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері — жер асты пайда қазба қорлары — мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады?          Жаһандану дәуірінде энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – күн энергиясын қолдану.

Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына  әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Күннің орташа температурасы 8·106 К-ге жақын, ал Күн бетінде  6000 К-ге тең.

Күн әр секунд сайын жүздеген миллион ядролық бомбаның жарылысына тең энергия бөліп шығарады. Күннің ірі болғаны соншалық, оның ішіне біздің Жеріміз сияқты 1 300 000 планета сиып кете алады. Күннің бір килограмм затының бір секундта шығаратын энергиясы, бір қарағанда 2·10-4 Вт/кг – ға тең.

‘Ф’ сұрақ және жауап

Ф’ топтық кері байланыс


Дескриптор

Мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақтар құрастырыңыздар.

Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.


Берілген сөйлемдерді перифраза әдісімен өзгертіп жазыңыздар

3 тапсырма. Баламалы энергияның артықшылықтары мен кемшіліктері.

1- топ: Күн энергиясы

2- топ: Су энергиясы

3- топ: Жел энергиясы


https://www.twig-bilim.kz/film/demograph






Сабақтың соңы


10мин

Рефлексия

1.Жаңа 3 маңызды ақпарат

2.Қиындық келтірген 2 мәселе

3.Тапсырмадағы ұнаған 1 мәселе

4.Оқығым келетін ақпарат

Үйге тапсырма беру. ПОПС формуласын қолданып,

алынған ақпараттар бойынша, баламалы энергия көздері туралы өз пікірлеріңді дәлелдеп жазыңдар.






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
4593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі