Ашық сабақ Балықты қалай күтуге болады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Балықты қалай күтуге болады

Материал туралы қысқаша түсінік
.................
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Экология Тақырыбы: Балықты қалай күтуге болады?

Мақсаты: Балаларға балықты күту және баптау туралы түсініктерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу.

Білімділігі: Балаларға балықты күту және баптау туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Түрі:Ашық сабақ Әдіс-тәсілі: Топтастыру, түсіндіру,көрсету, сергіту сәті,ойын, сұрақ-жауап,сөздік жұмыс. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд,суреттер. Билингвальді компонент: балық-рыба, көксерке-судак, жыланбалық-угорь, шортан-щука,алабұға-окунь, жайын-сом.

ҰОҚ-нің барысы: 1.Ұйымдастыру

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,топқа бөлу.

Шаттық шеңбері.

Мен елімді сүйемін, Мен жерімді сүйемін, Мен әлемді сүйемін, Жақсы оқушы боламын, Кілең бестік аламын.

2.Өткен ҰОҚ-ны қайталау

-Балалар өтке ҰОҚ- де біз қандай тақырып өттік?(Табиғат бұрышындағы жануарларға қамқорлық) -Жануарларға тіршілігі үшін не қажет екен? (жылу,тамақ,су және ауа) -Балалар өткен ҰОҚ- де біз қандай құспен таныстық (Тотықұс)

3. Жаңа тақырып

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын қане жауабын тауып көрейік.

Жүріп кетсе соңында, Қалып жатқан ізі жоқ. (Балық)

-Дұрыс айтасыздар балалар, бұл жұмбақтың жауабы балық екен бүгін ҰОҚ-де Балықты қалай күтуге болады? деген тақырыпты өтеміз. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді.

Балықтың пайдасы туралы қосымша ақпарат:

1) Балықтың майынан қажетті бірнеше түрлі дəрумендер алынады. 2) Майынан ыстыққа төзімді бояулардайындалады. 3) Треска,акула бауырынан дəрі жасалады

Дидактикалық ойын:Мозайка

«Суреттерді құрастыр» Ойыннның шарты: Балаларға балықтардың бейнесі мозайка ретінде араластырылып беріледі.Екі топқа бөлінген балалар өздері құрастырып жинастырып берулері керек.

Аквариумдағы балықтың адамға пайдасы. Аквариумды күн сайын ұқыпты түрде күту керек, адамдар шаршаған кезде аквариумнан күш-қуат алып сергуге мүмкіндік береді. Аквариумдағыбалық күтімі. Алдымен аквариумға су құямыз. Сосын түбін себеміз. Енді аквариум өсімдіктерін отырғызуға болады. Тастар мен өсімдіктерді орнатып болған соң, қабығын жапқанда судың үстіңгі беті көрініп тұрмайтындай етіп, су құямыз.Балықтарға ыңғайлы мекен қалыптасу үшін, аквариумға балықтарды əлі жібермей қоя тұрамыз. Кем дегенде 2-3 күн күтіп, ыңғайлы кезде балықтарды аквариумға саламыз. Бұл тіпті оңай. Үйге балықтарды қай суға салып əкелсеңіз, сол суымен қоса құясыз. Күн сайынғы күтім.Күн сайын аквариумға назар салып, жарық бергіш, жылытқыш құралдардың жұмысын қадағалап отыру қажет. Кезеңдік күтім.Аквариумдағы өсімдіктерді күтіп, суды ауыстырып отыру кезеңдік күтімге жатады. Аквариумның əйнегін көтеріп, құралдарды сөндіреді, қораптың түбін тазалап, су құяды. Мерзімдік күтім. Көктем мен күзде жасалады. Көктемде жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдың күшін төмендетеді, құралдарды жуып- тазалап, ескі өсімдіктерді жояды. Ал күзде аквариумды қысқы тəртіпке ауыстырады. Яғни жарық бергіш құрал мен жылытқыш құралдардың жұмысын күшейтеді.

Топтық жұмыс

Әліппе-дәптер

1-тапсырма (1 топ) Балықтың күтіміне қажетті заттарды ата.Оларды қай кезде қолданады?(Аквариум, су, сүзгі, балдырлар, жылытқыш, компрессор)

2- тапсырма (2 топ)

Сурет бойынша балыққа жүзуге көмектесетін дене мүшелерін белгіле.Лас суда балық тіршілік ете ала ма?


Сергіту сәті.


Ойын «Балықшылар»

Ойын барысы: Балалар қармақпен балықтар аулап алады да,жұмбақтарды шешеді,сұрақтарға жауап береді.

3-тапсырма (1 топ)

Аквариум мен теңіз балықтарын топтастыр.Теңіз балықтары жойлып кетпес үшін не істеу қажет?Ойланып жауап бер.

4- тапсырма (2 топ)

Балықтың суретін боя.Балықтың күтімі жайлы әңгімеле.

4.ҰОҚ қорытындысы.

Міне балалар балықтарды біз күнделкті жемін беріп,аквариумды таза ұстағанда ғана балықтар ұзақ өмір сүреді екен. Аквариумді бояйды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – көк.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
948
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі