400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бақтағы қызықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Бақтағы қызықтар" ортаңғы топ, Балаларға күз мезгілі, бау-бақша өнімдері туралы білім беру. Адамдардың еңбегі жайлы қойылған сұраққа толық жауап беруге, сөйлеу мәдениетін дамыту. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру салас: Коммуникация

Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бақтағы қызықтар»

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі, бау-бақша өнімдері туралы білім беру. Адамдардың еңбегі жайлы қойылған сұраққа толық жауап беруге, сөйлеу мәдениетін дамыту. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, муляждар.


Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Үйымдастырушылық қозғаушылық

«Алақай атты шеңбер ұйымдастыру.

Арайлап атқан таңға

Қуанамыз бәріміз

Қуаныштымыз біз бүгін

Күннің нұрлы жүзіне

(Қонақтармен амандасамыз)

Үйымдастырушылық ізденістер

-Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

Оны қайдан білдіңдер?

Балалар тағы да күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен.

Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме?

-Ендеше біз бүгін бау бақшаға саяхатқа барамыз. Саяхатқа балалар, біз поезбен барамыз

Қимылды ойын: «Поезд»

Пыш пыш, пыш пыш із кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу гу, гу гу гуілде,

Қалып қойма біріңде.

Қане балалар тоқтайық пыш ш ш. Балалар біз міне бау бақшаға да келіп қалдық. Қане поездан түсейік. Ой балалар қараңдаршы бау бақша қандай әдемі. Айналаның бәрі сап сары. Жерге сары кілем төселіпті.Күзге бау бақшаның сұлулығын қараңдаршы неткен әдемі, неткен ғажап. Сол сәтте алдарынан Бағбан ата кездеседі.

Бағбан ата:

Сәлеметсіңдер ме балаларым! Ой балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды.Сендер маған көкөністер жинауға көмектесесіңдер ме?

Бағбан ата:

Рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер.Тәрбиеші:

Қане балалар сендер Бағбан атаға қандай жеміс пен көкөністер жинап бердіңдер ? Бағбан ата:

Мен шаршадым, мына жерде сендердің өнерлеріңді тамашалайын.

Жақсы Бағбан ата алдымен мен балаларға жұмбағымды жасырып алайын.

Жұмбақ:

Жапырақ пен айналаны бояды.

Бояп-бояп барлығын, Сап-сары қып қояды.

Бұл қай мезгіл?


Тақпақтар:


Ж.Аружан: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды,

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз


С. Айзере: Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым


Б.Ислам

Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде


Р. Айлана

Берекесі сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерді жинауға

Шақырады біздерді


Арнайм: Асханадан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан мен сақтаймын.

Рефлексиялық- түзетушілік

Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Жемістер мен көкөністерді жақсы жинадыңдар. Жарайсыңдар балалар! Ендеше мен сендерге Бағбан атаның сыйын таратып беремін





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі