жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Бақытың да,байлығың да денсаулық 2-сынып
Авторы: Кыдырекешова Майя Маратовна
БҚО Орал қаласы №37 жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың
тақырыбы: «Бақытың да, байлығың да
денсаулық!»
Мақсаты:
Білімділік
- жас ұрпаққа адам денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті
бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық
- сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық
қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін
жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыдауға,
шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі
болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
суреттер, мақал - мәтелдер, екі
түсті шар, чипсы,сағыз,чупа
чупс,кола,кеспе,суп,Жалқаубек, слайдтар.
Барысы:
Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу: 3 топқа спорттың түрлері, көкөністер және тазалық заттарын таңдату арқылы топқа бөлу.
1-топ: Спорт
2-топ:Тазалық
3-топ: Дәрумендер
Ой ашар сұрақтары:
-Не себептен осы атауларды алдық деп ойлайсыздар?
(әр топтан бір оқушыдан топтың атауымен сабақтың тақырыбын байланыстыра отырып, бір сөйлеммен түсіндіріп кетеді)
- Өздеріңіз біліп отырғандай бүгінгі сабағымыз денсаулық туралы болмақшы. Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды
Денсаулық
- жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық
- адам тіршілігінің ең бірінші
шарты.
Бүгінгі
дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
-.
(Есікті
қағып Жалқаубек келеді)
- Сәлеметсіздер
ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын
естіп, балалармен бірге тамақтану
құпиясын білейін деп келдім және
балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси
әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп
сөмкесінен шығара бастайды.
Мұғалім: -Жалқаубек асықпа, бізбен бірге
отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың
туралы білетін боламыз.
-
Газды сусынның құрамында консерванттар,
бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс
беретін заттар кіреді, олар асқазанға
жағымсыз әсер етеді. Газды сусында
мөлшерден көп қант тіс құртының пайда
болуына себепкер. Сусынның құрамында
дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
Мұғалім:- Ал, көп балалар жақсы
көретін сағыздың құрамында да қант көп,
соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас
болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы
өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында
бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар
жүйке жүйесіне улы әсер етеді.Сенбесеңіз
тәжірибе жасап көрейік.
ТӘЖІРИБЕ ЖАСА:
Ол
үшін екі шарды аламыз. Біріне: чипси,
кириешкиді уатып саламыз. Екіншісіне
кеспе құямыз. Енді қараңыздар , шарды
сыртынан ұстасақ бірі жұмсақ және
біріңғай орналасқан. Ал екіншісінде
бұдыр-бұдыр және қаттылау болып келеді.
Ендеше бұдан не түюге болады? (асқазанымыз
осы шар тәрізді, біріңғай жұмсақ заттар
болса ол соншалықты жақсы қортылады)
Мұғалім:
- Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар
ма?
- Ал қандай тамақ пайдалы?
-
"Тәні саудың -дені сау" демекші,
егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс
алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза
болады. Егер тәнің сау болса, онда денің
де сау болады.
Үлкен кісілермен
амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға
саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге,
мүгедектерге көмектес. Сонда
сен алғысаласың, достарың да
көпболады.
Қызғаншақболма! Өзбойыңдағы
жалқаулықты,
қорқақтықты
таста!
Өтірік
айтпа,
жаман
ойлардан
аулақ
бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған
істі аяқта! Жақсы оқы.
- Адамның
ішкі ойы таза болса, дені де сау болады.
Барлық уақытта адамдар мен айналаң
туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық
тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..
1-оқушы:
Денсаулық
– ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық
– ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
-
Балалар, деніміз сау және күшті болып
өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
-
Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау
керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған
соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы
жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза
жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз
сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек
Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін
тісті күтуге байланысты ережелерді
мұқият орындауымыз керек.
ВИДЕОРОЛИК КӨРСЕТІП , ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАТУ.(аймектеп сайты)
АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ!!!
«Әлемдегі
ең пайдалы азықтар» (оқушыларға алдын-ала
беру)
Балық: Қартаюға қарсы ең
жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды.
Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы
шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт:
Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға
өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің
қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық,
бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман
жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда
жайылған малдың еті, яғни өңдеуден
өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа:
Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз
саулығын күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің,
тыныс жолдарының жұмысын реттейді.
Салмақ реттелуін оңайлатады.
Шие –
күніне 20 шие бір аспириннің әсерін
береді.
Пияз және сарымсақ –
инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін
20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік
– тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің
қоры
Банан – жүректің соғуын
дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
«ТАУЫП КӨР» ойыны
(дорбаның ішіне тазалық гигиенасының заттарын салып, дорбаның сыртынан ұстатып атын тапқызу)
Қажетті заттар: сабын, тіс щеткасы, орамал, қайшы, тарақ, ысқыш,тіс пастасы.
Слайд 1.
Тісті
күніне екі рет тазалауымыз керек .
2.
Тамақтан
кейін
ауызды
шаю
керек.
3.
Ыстық
тамақтан
соңсуық нәрсе
ішпеу
керек.
4.Жаңғақты
тіспе
ншақпау
керек.
5.Дер
кезіндетіс дәрігеріне көріну
қажет.
6.Тәттіні
көп жеуге
болмайды.
7.Әркімнің
өзінің
жеке
тісщёткасы
болуы
керек.
-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС
1-топқа: Жұмбақ жасырылады, сол жұмбақтың жауабы бойынша жарнама жасайды.
Дымқылдап
күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп
кір-ласың,
Тап-тазаболасың. (Сабын)
2-топ: Көрініс көрсетеді(сөзі мен қажетті құралдарды сол жерде беріп, өздері дайындалады)
«Дәрігер
мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік
қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:-
қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым,
көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:-
Сағат нешеде тұрасың?, нешеде
ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде
ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:-
Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:-
қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:-
Неніұнатасың?
Бала:- Теледидар
көргенді, компьютерде ойнағанды
ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт
бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай
беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер
қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен
ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
3-топ: Хабарлама жасайды. 1
- Халықданалығында «Денсаулық - зорбайлық» деген сөз бар. Ертезаманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың денісау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақтарту, найзашаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ білген.
-Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайдаболды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».
Топтық
жұмыстан кейін 9 оқушы ортаға шығып,
денсаулық сөзінің әр әрпіне байланысты
нақыл сөздер айтып,тілек айтады.
Д -
Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің
алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық -
денсаулық.
С
- Саулық - байлық негізі.
А - Ас -
адамныңарқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л
- Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның,
ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.
-Елбасының
«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты
жолдауында денсаулыққа, спорт пен
туризмге көп көңіл бөлінген,
Қазақстандықтар
спортқа тартылсын және де спорттық
кешендер салынсын. Дәрі - дәрмектердің
50% өзімізден шығарылуы тиіс делінген.
Бұл - үкіметіміздің ұрпақ денсаулығына
қатты көңіл бөліп отырғандығы. 7- сәуір
–Дүниежүзілік денсаулық күні мерекесі.
Бұл күні барлық халықтар осы айтулы
мерекені атап өтеді.
-Ендеше
барлығыңызды ортаға шақырамын.(гүл
шоқтарын алып ) Деніміз сау болу үшін
қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
»
Ең әуелі денеміздің тазалығына мән
беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға
түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды
жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз
керек.
» Тамақтан алдын және кейін
қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп
болған соң және ұйықтар алдында
тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
»
Жүйелі түрде спортпен шұғылдану,
мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және
үйлесімді
қоректену керек.
»
Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру
керек. Ертежатып,ертетұрукерек.
»
Егетін (прививка) дәрілерді уақытында
ектірту керек.
» Жеміс,
көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу
керек.
Гүл
ұстаған балалар шеңберге дөңгелене
отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін
айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады.
Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы
лебізді бастап тілеген баланың өзіне
бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып
оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп,
жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады»,
- деп мұғалім қорытынды жасайды.
-
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл –
үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші,
дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір
салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып
өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды
күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден
дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек
болатын азамат, азаматша шығады деп
сенемін.
Бәрі:-
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып
жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы
мықты жан.
-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
2в
С
- Саулық - байлық негізі.
2в А - Ас -
адамныңарқауы.
2в У – Уланудан сақтан.
2г
Л - Ластың досы - шыбын.
2г Ы - Ыдысы
тазаның, ырысы таза.
2г Қ - қотыр қолдан
жұғады.
Бәрі:-
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып
жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы
мықты жан.
Бәрі:-
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып
жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы
мықты жан.
Бәрі:-
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып
жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы
мықты жан.
Бәрі:-
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып
жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы
мықты жан.
Бәрі:-
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып
жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы
мықты жан.
Бәрі:-
Тазалықты сүйеміз,
Таза болып
жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы
мықты жан.
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт:
Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға
өте бай.
Жаңғақтар.
Жүректің қызметін реттейді. Бір күн
үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ,
жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл
ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни
өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа:
Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз
саулығын күшейтеді.
Көк
шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының
жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін
оңайлатады.
Шие
– күніне 20 шие бір аспириннің әсерін
береді.
Пияз
және сарымсақ – инфекцияларды жояды.
Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран,
сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін
пайдалы, кальцийдің қоры
Банан
– жүректің соғуын дұрыстайды, қан
қысымын реттейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген