400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіе-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін өзі тану

сабақ жоспары


Мұғалімі: А.С.Абенова

Сыныбы: 3 «А»

Оқушылардың саны: 10

Тақырыбы: «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады»

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, достық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларға бәрі де сүйіспеншіліктен басталатынын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көру керектігін ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Тыныштық сәті.

  6. «Орманға серуен». Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз.  Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Рахмет.

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №14– сабақ. «Сәлем – сөздің анасы» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

2. Келесі сабақ. №15, «Ақ жауын»мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Жолаушылардың қиналу себебі неде?

2. Олар бір жұтым судан неліктен бас тартты?

3. Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?

4. Өзің жақсы көретін адамдар үшін не істей алар едің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.


Сүйіспеншілік – жүректе

Халық мақалы.

 

Сұрақтар:

  1. Сүйіспеншілік деген не?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Мейірімділік. Бейнебаян.

Сұрақтар:

1. Әңгіменің соңында екі ағайындының бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

2. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіз?

3. Адамдар бір – біріне деген риясыз сүйіспеншілігін қалай білдіреді?



  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
    Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1. «Татулық» - тобы.
2. «Достық» - тобы

1 – тапсырма:

«Сүйіспеншілік» сөзіндегі әріптерге сәйкестендіріп, қажетті сөздерді орналастырыңдар.

Қажетті сөздер: ой, білім, еңбек, өмір, алғыс, кәсіп, достық, үміт, сенім, мінез, тілек, әдеп, шабыт.

2 - тапсырма: Берілген тақырыптар бойынша сурет салу.

1. «Татулық» - тобы.
«Ата – анаға деген сүйіспеншілік»
2. «Достық» - тобы
«Табиғатқа деген сүйіспеншілік»


  1. Топпен ән айту.

Бала тілегі

Сөзін жазған :С.Молдасанұлы

Әнін жазған:Ф.Жолдасова


Бал-балалық ,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған .

Келдостарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен-қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын-бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтасын көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көгерсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол елімде


7. Үйге тапсырма

1. №15 – сабақ.Отбасы, достық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №16, «Достар» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Соңғы тыныштық сәті:

Оқушылар,тыныштық сақтап,үнсіз қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдерме ,сезген болсаңыздар, сіздердің жүректеріңіз жылы да мейірімді. Олай болса,сіздер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыздар.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі