400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бас әріппен жазылатын сөздер 1 сынып"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарымен өз сыныбымның оқушыларына сабақ өткіздім.Сабақта топтық жұмыс арқылы түрлі тапсырмаларды орындаттым.Оқушылардың сабаққа қызығушылығы өте жоғары болғандығы байқалды.Таңдаған әдіс -тәсілдерді жас ерешеліктерін ескере отырып таңдадым деп ойлаймын.Жағадан оқу орнын бітіріп мектепте ұстаздық қызметті жаңа бастаған жас мамандарға көмегі тиер деген ниетпен ұсынып отырмын.Қазіргі уақыттағы жоспардың жаңа үлгісімен жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 23.05.2017

Пәні :сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Дені саудың-жаны сау

Сынып: 1 «Б »

Мектеп: №40

Мұғалім:Алпысбаева Н.И

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Денсаулық-зор байлық.

Бас әріппен жазылатын сөздер.

Оқу мақсаттары

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.Кісі аттары, жер-су аттарын,жан-жануарға қойылған атауларды бас әріппен жазу керектігін үйренеді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, кім? Не?жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.Мәтінді түсініп тұтастай оқиды.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Денсаулық-зор байлық.

Бас әріппен жазылатын сөздер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Шаттық шебері




















Сабақтың ортасы

8 минут




1-жаттығу мәтін «Дәмді сорпа»

Мәтінді түсініп оқып,мазмұнын айтады.

2-жаттығу.Кәсінің аты-жөні,жер-су аттары, жан-жануарларға арнайы қойылған атаулардың бас әріппен жазылатынын түсіндіремін.Бір-біріне, айналадағы заттың атауларына сұрақ қойдырту.

Мақалды көшіріп жаз.

3-жаттығу

«Балық аулау» ойынын ойна.Сөйлем құратып сөйлем құрату.

Адамның және жер-су аттары бас әріппен жазылады. Досан,Қарағанда, «Балуан Шолақ» спорт кешені.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут




4-жаттығу

Жаңылтпашты жатқа жаз.

Жарыстан Ораз озар ма екен?

Ажар озар ма екен?

Жаңылтпашты жатқа жаздыру, адам аттарын тапқызу.Ораз бен Ажар

Жаттығулар дәптерге орындалады.Ұқыпты ,таза, көркем жазуларын қадағалаймын.





Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.



Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.



Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Рефлексия

-Сабақтың мақсатына жеттім бе?

-Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

-Оқушылар не үйренді?

-Оқушылар арасындағы дифференциялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

-Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

-Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1.

2.

Сабақты жақсартуға септігін тигізетін екі сәт:

1.

2.


Аяқталуы

16 минут


Қызықты тапсырма

8 минут



5-жаттығу

Сөйлемдерді өз үйшіктеріне кіргіз.





Оқулық, дәптерлер.




Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.



Микрафон



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)



Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.














Қысқа мерзімді жоспар

Пәні : сауат ашу

Күні:23.05.2017

Сынып: 1 «Б»

Мектеп:№40

Мұғалім : Алпысбаева Н.И.

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Сабақтың тақырыбы

Дені саудың – жаны сау


Денсаулық-зор байлық. Заттың атын білдіретін сөздер.

Оқу мақсаттары

1.1.8.1.Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.3.10.1.Заттың атын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану.

1.3.8.1.Әріп элементтерін сақтап,каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.1.4.1.Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Қойылған сұрақтарға жауап беріп, тыңдалған, көрген материалдар бойынша өз пікірін айтады.

Көбі: Заттың атын білдіретін сөздермен танысып,әр сөзге сұрақтар қоюға үйренеді. Диалогке қатысып, жетекші сұрақтар арқылы ой қорытып,жаттығуларды талап бойынша орындап кері байланыс береді.

Кейбірі: Қойылған сұрақтар бойынша сөздерге талдау жасай алады. Кім? сұрағының адамға, ал не сұрағын заттар мен жан-жануарларға қою керектігін түсінеді.

Тілдік мақсат:

Оқушылар денсаулықты күту үшін күн тәртібі дұрыс орындау керектігіне талқылау жасайды және зат атауларына сұрақты дұрыс қоюды үйренеді.

Жетістік критерийлері

Күн тәртібін сақтау ережесін біледі.

Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақты дұрыс қойып орынды қолданады.

Жаттығуларды талапқа сай жазып,адам аттарына сұрақтар қояды.

Топтық тапсырмаларды орындап, ой қорытып,кері байланыс жасап отырады.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға спортшыларымызға құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , бейне жазба,күн тәртібінің суреттері

Тілдік құзыреттілік

Денсаулық және спорт

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңбер боп тұрып,бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.

-Ұжымдық жұмыс.Әр топ өздері құраған мақалдарын оқып береді.

1-топ.Денсаулық-зор байлық

2-топ.Дені саудың-жаны сау.

3-топ.Шынықсаң шымыр боласың.

4-топ.Спорт-денсаулық кепілі.

Шаттық шебері

Қиылған қағаздан мақал-мәтел құрастырады.

Сабақтың ортасы

20 минут



Оқушыларға миға шабуыл жасаймын.Ендеше бүгінгі сабақ не туралы болмақ?

-Аяна сағат нешеде ұйқыдан оянасың?

-Ақарман сабақ нешеде басталады?

Мирас түскі асты қаншада ішу керек? деген сияқты сұрақтар қоя отырып,оқушылар жауабын тыңдау.

Интербелсенді тақтадан шашырап тұрған суреттерді ретімен қойғызып күн тәртібін құрастыртамын.Денсаулыққа күн тәртібінің қатысы барма?

-Балалар,олай болса таңертең оянғаннан бастап ұйықтауға жатқанға дейінгі уақытты тиімді үнемдеп дұрыс пайдалансақ, күн тәртібінің ережелерін дұрыс сақтасақ денсаулығымыз мықты болады екен.Денсаулыққа пайдалы тағамдармен тамақтануымыз керек.Осы суреттерден өздерің күн тәртібінің ережесін құрадыңдар.


1-жаттығумен жұмыс жасалады.Сурет бойынша сөйлете отырып күн тәртібімен таныстыру.

2-жаттығу.Тыңдалым Әли мен Айя «Спорт» мультфильмін көрсету.Не көрдіңдер?Оқушылар спорттың денсаулыққа пайдасы көп екендігі жайлы әңгімелейді және кері байланыс береді.

Топтарға тапсырма беру. Айтылым

1-топ Мәтінді түсініп оқиды және мультфильммен байланыс қандай?

2-топ Қарамен жазылған сөздерді тауып сұрақ қояды

3- топ Қарияның берген жауабын тауып көріңдерші

4-топ Оқылым Мек-теп,қа-ри-я,ба-ла сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

ЗАТТЫҢ АТЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРГЕ КІМ? КІМДЕР? НЕ? НЕЛЕР? СҰРАҚТАРЫ ҚОЙЫЛАДЫ.

Осы ережені мысалдар келтіре отырып түсіндіремін.

3-жаттығуды Жазылым Өлеңді қатесіз көшіріп жазады. Осы жаттығудан адам аттарын тауып сұрақтар қояды.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс






Денсаулығымыз жақсы болуы үшін әрдайым ағзамызды пайдалы дәрумендермен толықтыруымыз қажет.Сол себепті бүгінгі сабақта сендер қоржындарыңды дәруменге толтыруға асығуларың керек.


Интербелсенді тақтамен жұмыс

Уақытпен суреттерді сәйкестендіру күн тәртібін құрау



You Tube Әли мен Айя «СПОРТ» мультфильмі



Әр топ тапсырмалар дұрыс орындалса ОТШАШУ жасап отырады.

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

2 минут

Ой сергек!

Кел,балалар, келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер,

«Мысық-тышқан» ойнайық,

Бірақ араз болмайық. (Ұлдар мысық ал қыздар тышқан болады да қыздар заттың атын білдіретін сөз айтады,ал ұлдар сол сөзге сұрақ қояды). Мысалы: ағаш-не? Адам-кім? т.б.


Сергіту сәтіне арналған жинақ



Доп лақтыру

Қорытынды бөлім

8 минут

Қызықты тапсырма

Топқа тапсырмалар беріледі:Постер жасап қорғау, талдау.Суретті коллаж стратегиясы

1/ Әр түрлі 5 сурет беріледі сол суреттегі заттарға сұрақтар жазады.

2Shape3 Shape2 Shape1

адам

/ ұл

ата

аShape4 Shape5 на ұстаз т.б. сөздер тауып жазады.

3/ Денсаулыққа пайдалы тағам аттарын гүл күлтешелеріне жазып гүл құрайды

4/

Әр үйге тиісті сөзді табады.№1 үй кім?№2 үй не?

Тақта алдына шығып постерлерін қорғайды.

Әр топқа қалыптастырушы бағалау тапсырмалары беріледі.Ойлан-топтас-талқыла стратегиясы


1-топ «Жалбыз», 2-топқа «Спорт алаңы», 3-топқа «Күн тәртібі», 4-топқа «Жеміс салаты»

Белсенді топтық іс әрекет





Аяқталуы

8 минут

«Біздің мақтаныштарымыз» видео «Қазақ спорты»

Әр топтан бір оқушыға пікірін айтқызу.

Осы аға апаларымыздай чемпиондар болу үшін ең бастысы не қажет?

И .Ильин, Г.Головкин, О.Шишигина,Ж.Үшкемпіров т.б.туралы аз ғана тоқталу.

«Еркін микрофон» әдісін қолдану.

-Қандай чемпиондарды білесіңдер?

-Денсаулық мықты болу үшін не қажет?

-Қандай тағамдарды жеу керек?

-Кім? сұрағы кімге қойылады?

-Сынып ішіндегі заттарға не? сұрағын қой

Қазақ спортшылары жайлы видео көрсету

Оқулық, дәптерлер.

Микрофон

Сабақтың соңы

2 минут


Кері байланыс «Білім қоржыны»

Қане кім қанша дәрумен жинады?

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.



Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Рефлексия

-Сабақтың мақсатына жеттім бе?

-Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

-Оқушылар не үйренді?

-Оқушылар арасындағы дифференциялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

-Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

-Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1.

2.

Сабақты жақсартуға септігін тигізетін екі сәт:

1.

2.

Тексерген:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі