400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш. Баяндауыш. Тыныс белгісі.Сызықша.Материал жас мамандарға көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі №53

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-МДШО»КММ

Күні:09.12.19

Мұғалім: Матекова Н

Сынып: 3 А

Қатысқан:21

Қатыспағандар:

Бөлім

Сәулет өнері

Тақырыбы

Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша

Сабақта меңгерілетін

оқу мақсаттары

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.

Сабақтың мақсаты:

контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады

- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады

Бағалау крителийлері

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтайды.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қояды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бастауыш. Баяндауыш. Тыныс белгісі.Сызықша.

Құндылық

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек, жаратылыстану,музыка

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білім

Сөз таптары.Сөйлем. Сөйлем мүшелері.Бастауыш.Баяндауыш.

Уақыт

Жоспар

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын

Жылы – жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын

Жылы – жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір қысайын.





1.Үй тапсырмасын тексеру.12 -жаттығу. 102-бет.

Құрамында б және л дыбыстары бар сөздер құрастырып айту.Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.Бастауыштың астын –бір, баяндауыштың астын екі сызықпен сызу.

2.«Жылдам жауап» әдісі бойынша өткенді қайталауға арналған тест

-Сөйлем мүшелері дегенміз не?

-Бастауыш дегеніміз не?

-Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

-Баяндауыш дегеніміз не?

-Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

Күн ретін жазу .

-Балалар,қазір біздің өтіп жатқан бөліміміз қалай аталады?

(Сәулет өнері)

-Сәулет өнері дегеніміз не?

(Сәулетшілердің туындыларын сәлет өнері деп атаймыз)

-Сәулетші дегеніміз не?

( Түрлі кешенді құрылысты ойлап тапқан адам)

-Ендеше, қазіргі уақытта «Сәулетті өнері» күннен-күнге дамып келе жатқан қай қаламызды айтуға болады?

(Нұрсұлтан)

-Нұрсұлтан қаласы қандай қала?

(Қазақ елінің астанасы)

-Ендеше, алдымызда қандай үлкен мейрам келе жатыр?

(Тәуелсіздік)

-Биыл еліміздің тәуелсіздігінің неше жылдығын атап өткелі отырмыз?

28 жыл

Көркем жазу Тт

4Т сөйлем құрау.

Д: «Көршіңе бір пікір» әдісі бойынша, Жұппен жұмыс. Бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, «Ең әдемі» әріпті жасыл түспен, көңіліңе ұнамаған әріпті қызыл түспен астын сызып қою.


Интеракивті тақтамен жұмыс


Ортасы


«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша

Оқулықтан 13-жаттығу орындалады. Мәтін тыңдалады .Мәтінді оқушылар іштей оқиды. Дауыстап оқиды. Содан соң оқушыларға тапсырма беріледі. Тапсырма жұппен орындалады.

Сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіреді:

мыс__ Қақтауға төзімді, қызғылт, жылтыр түсті металл._______________________________________

мүсін__ Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді._____________________________________

ЖЖ.Содан соң мәтінге сүйеніп, кестені толтырады.

Қай жануарға ескерткіш орнатылған?


Ескерткіш қай жерде орналасқан?


Ескерткіш қай металдан құйылған?


Құлагер кімнің тұлпары?


Ол кім?


Д: сөздік арқылы жаңа сөздердің мағынасын анықтайды;

- мәтіннен қажетті ақпаратты анықтап,кестеге түсіреді.

Саралау. Оқушылар сөздің мағынасын сөздіктен табуға көмек береді.

-Неліктен Құлагер, Астана, Көкшетау, Ақан сері сөздерінің бас әріппен жазылған?

-Біздің ауылда қандай ескерткіштер бар?

Д.:мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазады

-сөйлем мүшесіне талдайды

Айта кетерлігі, Құлагер бейнесі профессор Базарбек Садықовтың шеберханасында, Бішкек қаласында жасалған. Мүсінді белгілі сәулетші Сұлтан Илияев сомдапты. Ұзындығы – 8 метр, биіктігі – 5 метр, салмағы – 5,5 тонна болатын, таза мыстан құйылған ескерткіш «Астана – Көкшетау» тасжолымен өткен жолаушыға алыстан андағайлап көрінеді.

ТЖ .14-жаттығу «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі бойынша

Д.:сөйлемдерді оқиды.Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауышын табады.Оларды салыстырады.

-Бірінші бағандағы баяндауыштар қай сөз табынан жасалған?

-Екінші бағандағы ше?Тыныс белгілеріне назар аударыңдар

Ережемен танысу

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.











Үлестірмелер








Ескерткіш суреті






Кесте


http://youtube.com/watch?v=5shoEB1RF94

Сергіту сәті

Бой жазу жаттығулары

бейнетаспа


15-жаттығу «Гүлмен жауап» әдісі бойынша

Тақтамен жұмыс

Д: -мәтінді қатесіз көшіреді;

- тұрлаулы мүшелерді анықтайды;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін анықтайды;

    • -сөйлемдегі сызықшаның орнын анықтайды;

    • -бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға сөйлеммен мысал келтіреді (қабілеті жоғары оқушылар үшін).

    • 16-жаттығу. «Дауыстап ойлау» әдісі бойынша

    • Көп нүктенің орнына тиісті сөзі қойып, өлеңді оқу. Өлеңдегі сызықшаның қойылу себебін түсіндіру.


Аяқталуы

Рефлексия «Қол белгісі» стратегия­сы

.

Үйге тапсырма: Ережені жаттау 103-бет, ауылымыздағы ескерткіштер туралы шағын мәтін құрастыру.

Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалайша түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалайша

жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар мысал келтереді

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1 2

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1 2

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі