Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта оқушы қызығушылығын арттыруда ойынның рөлі»
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
1. Ойын туралы түсінік. Ойын түрлері.
2. Сабақта ойын түрлерін пайдалану.
ІІ. Ашық сабақ. Таңдау пәні. Логика әлемі
Кіріспе
Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Қазақ халқының ойшыл, ұлы ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Әр сабақта баланың жас ерекшелігіне сай, ойын элеметтерін пайдалана отырып, баланың қызығушылығын қалай оятуды ойластырамын. Мен сабағымда кез келген ойын түрлерін тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе сауат ашу сабағында «Буын қос», «Қай топ тез», «Гүл теру», «Адасқан әріптер», «Сиқырлы сандықша»,«Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Анаграмма», «Тауып ал», «Логикалық ойындар» т.б. ойындарды қолданамын. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауын, шығармашылығын,қабілетін және қызығушылығын дамытатын ойындар «Домино», «Аққала», «Алма теру», «Кім жылдам», «Қай топ тез?», «Балық аулау», «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап» т.б. «Математикалық жарыс», «Математикалық шытырман», «Математикалық пойыз» т.б.ойындарды ойнатамын. «Өзгерген дыбыстар», «Сөз ойла, тез ойла», «Телефон», «Жұбын тап», «Қай әріп жоқ», «Полиглот», «Жасырын жұмбақ», «Тамаша төрттік», «Жаңылпаш кімді жаңылтпас» осындай ойындарды ана тілі, қазақ тілі сабағында көптеп қолданғанда сабақтың әсерлілігін, танымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Ойынды тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыста да, пән апталығында да қызықты, әрі тартымды, әрі деңгейлік түрде ұйымдастырып отырсақ, оқушының ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттері дамиды.
«Логика әлемі» сабағынан ұлттық ойынға құрылған сабағымды ұсынамын
Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: 1. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру;
2.Жас ұрпақтың ұлттық – сана сезімін,қоғамдық саяси ой - өрісін дамыту.
3.Ойлау,сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
4.Оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру;
Түрі: сайыс сабақ
Әдіс – тәсілдері: көрнекілік,ішінара іздену,сұрақ – жауап
Көрнекілігі:слайд, топ аттары, А4 форматтағы қағаз, маркерлер.
Мұғалім: Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!
Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын,білімді жастарды анықтайтын,білімге қызығушылықтарын арттыратын “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” атты сайысымызды бастаймыз.
Білімді адам еш нәрседен қорықпайды,мазасызданбайды.Әр уақыттада батыл.Сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын тұлпарларымызды шақырайық.
Асыл тастан,өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,-
дей келе сайысымызды бағалайтын әділ – қазыларымызбен таныс болайық!
І кезең «Бәйге». Әр топқа логикалық есеп беріледі. Қай топ тез, дұрыс орындаса сол топ бәйгеден озып келген болып есептелінеді.
1. 3 түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
2. Жасы 100 – ге келген қария өмір бойы туған күнін 25 рет ғана атап өткен екен. Себебін анықта?
3. Ағаш үстінде 30 торғай қонып еді,аңшы оның
2-еуін атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?
4. Егер 3 пар ат 60 км шауып өтсе, онда 1 пар ат неше км шауып өтеді?
5. 3 кг ет 3 сағатта піссе,5 кг ет неше сағатта піседі?
6. Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
7. Бір топ үйрек ұшып келеді. Біреуі алдында,біреуіартында,екеуі алдында,біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан.Қанша үйрек ұшып келеді?
8. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке,екіншісі солтүстікке қарап отыр. Достым, мен сені көріп отырмын,-дейді. Екеуі бірін – бірі қалай көреді.
ІІ кезең «Көкпар». Бұл кезеңде топ жетекшілеріне математикалық тапсырмалар беріледі.
1. 1 см де неше мм бар?
2. Ұзындығы 90 см,ені 70 см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?
3. 1 дм де неше см бар?
4. Шаршының бір қабырғасының ұзындығы 8 см,ауданы нешеге тең?
5. 1 м де неше дм бар?
6. Ең үлкен төрт таңбалы санға бірді қоссаң неше болады?
7. 200 - бен 300 сандарының қосындысын 5-ке кеміт?
8. 100000-ның 1000-ға бөліндісі нешеге тең?
9. 2700 : х =9; х нешеге тең?
10.Шаршының бір қабырғасының ұзындығы 60 см.Ауданын тап?
ІІІ кезең «Полиглот» Сіздерге жұмбақ пен мақал айтылады. Жауабын не жасырған сөзді 2 тілде айтасыздар
1.Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар?
2.Күш – білімде
Білім - .........
3. Бір санға өсірді,
Өзі қалып орнында
Бізді алға көшірді.
4. Талабы жоқ жас – қанаты жоқ ....
5. Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз.
6. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ
ІҮ кезең «Тамаша төрттік» 4 пән бойынша оқушы білімдері сыналады.
Ү кезең «Егерде мен». Әр топқа тапсрыма беріледі.
Егер де мен аудан әкімі болсам....
Егер де мен мектеп директоры болсам....
Қорытынды. Осымен сайысымыз аяқталды. Тұлпардан тоғыр озбас шабылса да,оған да,үкі тұмар тағылса да,- дей келе, әділ – қазылар алқасына сөз берейік. Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік пен білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Бастауыш сыныпта оқушы қызығушылығын арттыруда ойынның рөлі"

шағым қалдыра аласыз