400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Батылдық пен өжеттік"

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып өзін-өзі тану пәні оқушыларды батылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы





Күні: 7.02.2015ж Пәні: өзін-өзі тану сыныбы: 4 «Ә» Сабақтың тақырыбы: «Батылдық пен өжеттік» Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- батылдық,өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру; - шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту; - батылдыққа,өжеттікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар:оқулық,үнтаспа Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,көрнекілік,ізденушілік, сахналық ойын,сөзжұмбақ шешу. Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады.Көңілді ән шырқайды.

Балдырғандар әні

Сөзін жазған: О.Әубәкіров

Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз,балалар,барлығымыз.

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.

Біз- Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік,батылдық-ұранымыз.

Мәтінмен жұмыс:

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі.

Қойшы Қаһарман.

Ертегі Жинаған Т.Ілиясова.

-Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар? -Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар? -Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен? -Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар екі топқа бөлінеді. І-топ: Қойшы Қаһарман ертегісін сахналап көрсетеді.

Автор: Әлімқұл Нұрай Хан: Әсілбек Мейірхан Қаһарман қойшы : Базаралы Мұхаметәлі Уәзірлер: Нұрасыл, Бекет, Бағылан Ханның қызы Әйгерім : Қазыхан Нұрай Мыстан кемпір: Жоламан Дана; Қарлығаш : Ермекбай Салтанат

ІІ-топ: Батылдық ,өжеттік ұғымына топтастыру,яғни әңгіме құрастырады,өлең,тақпақ айтады.



Рысбек Тоқтар тұңғыш ғарышкер Әділет

Менің атам сақалы Арман қуып жасынан

Асқардағы ақ қардай көктен көзін алмаған

Таусылмайтын мақалы Ұшқыш болды жас ұлан

Таудан бұлақ аққандай. Аспанда еркін самғаған.

Ой мен қырын даланың Бабасындай асауға

Бес саусақтай біледі Салған құрық бұғалық

Өзі туған алабын Ұшақтарды сынауға

Ойша шарлап жүреді Артқан онда құмарлық.

Мәди Мұрат

Менің атам мықты адам Сынақшы-ұшқыш жұмысы

Күштілерден ықпаған Қауіпті де қатал-ды Ерлікке асып сонда ісі

Жас кезінде өзінің Батыр қыран атанды.

Жігіті жоқ жықпаған Тағы да істе ғажап,тың

Зейнеп

Менің атам мықты адам Тоқтар түсіп жарысқа

Фашистен де ықпаған Туған ұлы қазақтың

Отан үшін от кешкен Тұңғыш ұшты ғарышқа!

Басып алға нық қадам Гүлдерай

Менің атам мықты адам жан-жақтан бәрі қысқанда

Бораннан да ықпаған айырып жау мен жақынды

Жылқы жайып,қой бағып Қаптаған қалың дұшпанға

Биігі жоқ шықпаған. Ұрандап шықтың атыңды;

Ақнәзік Абылай!Абылай!Абылай!

Қабанбай белдібатырың Үш жүздің барлық ұланы

Ғасырдан жетіп ғасырға

Болдың сен елдің ұланы

Абылай!Абылай!Абылай!

Сабақтың дәйексөзі: Батыл болмай,батыр болмайды.

-Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет,төзімді,шыдамды,сабырлы,ата-анасын,елін,жерін сүйетін,қорқуды білмейтін адам болу керек.Ондай адам батыр бола алады.Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.

Жаттығу.

Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіруді ұсынылады.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып,батылдық ұғымына топтастыру жасайды.

Күтілетін жауаптар: өжет адам,қорықпайтын,төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты,шыныққан,Отанын сүйетін,қайсар және т.б.

Сергіту сәті:

Балалар дөңгелене тұрады да 1,2,3 дегенде бәрі бірдей еңкейеді,1,2,3 дегенде бәрі бірдей тұрады. Сонда ашылып келе жатқан гүлдің бейнесі шығады.

Ойын.

Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады.Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүруі керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе,сол батыл,жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды марапаттайды,қол шапалақтап,қошеметтейді.



Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешеді.

Бағалау: Сабақта белсене қатысқан оқушыларды мадақтау,мақтау,бағалау.

Қорытындылау.

Батылдық – адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып,салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік



Үйге тапсырма:

№22 сабақ. «Еңбексүйгіш пен Еріншек» оқып келу.



Қаралды : № 12 15.01.2015ж

ӘБ жетекшісі: Ж.Идрисова.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі