жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Батылдық пен табандылық 4-сынып
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: № 62 мектеп - лицейі Күні: 27/01/2020 №: 19 сабақ
Тақырыбы: Батылдық пен табандылық
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Батылдық, табандылық, ерлік
Мұғалімі: Сақтағанова Г. Сыныбы: 4 «А» Оқушылардың саны: 13
Мақсаты: оқушыларға батылдық пен табандылықтың маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru https://angimeler.wordpress.com
|
Сабақтың барысы:
Жағымды күйге келу. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Қане, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет! 2. Үй тапсырмасы №19 сабақ, «Өрт» мәтінін оқып келу.
|
үнтаспа қосу
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. |
3. Сабақтың дәйексөзі Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзін қазыналы сандықшамыздан алайық. «Батыл
болмай, батыр болмайды» Сұрақтар:
Дәптерімізге жатқа жазып алайық. Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы,табанды, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған. |
Ер балалар екі рет, қыз балалар екі рет айтады. |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Тақырыпқа сай бейнематериал көрсету «Торғай қолтырауынды қалай құтқарды?» мультфильмі
|
Бейнематериал арқылы көрсету (Оқушылардың жауабын тыңдау) |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді. І топ ІІ топ Екі топтан бір оқушыдан келіп, бір тапсырманы таңдайды. Тапсырма № 1. Сахналау Жекпе-жек Мұқан Иманжанов Ол кішкентай бала. Мұнда алыстан, қаладан келді. Жергілікті бала Кәрім есер, тентек. Әлі жеткенге тиісіп, зорлықсыз жүрмейді. Балалар одан қорқады. Қылығын айтпайды. Қорқақтық көрсетіп кетеді. Кішкентай бала оны қорықпай, батыл әшкереледі. Қалайша? Оны демеген күш-көпшілік. Мен қорықпадым. Көпшілік бір тентекке соққы бере алады ғой. Мені оған сабатып қоя ма?...-деді ол. Тентек жеңілді. Кішкентай бала дұрыс істеді. Досқа адал көмектеспей, оның кемшілігін батыл айтпай, адам дұрыс тәрбиеленбейді. «Ауыруын жасырған өледі» дейді халық. Сол бір тентек баланың шын досы да әлгі кішкентай болатынына мен күмәнданбаймын. Қауіпке тура қарай алған батыл адам достықты да қадірлей біледі. Тапсырма № 2. Мәтінді аяқта. Екі дос Айбек мен Жантас жан достар. Бір күні үзіліс уақытында екі дос сыртта доппен ойнап жүріп, Айбек абайсызда мектеп жанында өскен жас өркенді сырдырып алды. Оны өтіп бара жатқан күзетші байқап қалады. Жандарына келіп:
Айбек ойланбастан: - Бұны істеген мен емес, - дейді. Ал Жантас үндемей тұра берді. Күзетші Жантасқа қарап, үндемегеніңе қарағанда, сындырған сен болдың ғой,- деді. Жантас ...
|
|
Батырлар ұраны («Алашұлы» тобының орындауындағы ән) Өлеңін жазған: Б.Әлқожа, Б.Есенхан Әнін жазған: Ж.Дәулет 1.
Өзгелерден дара туған |
|
|
1. №19 – сабақ. 2- тапсырма. Жұмбақты шешіп, олардың батырлығы туралы шағын әңгіме жазу. 2. Келесі сабақ. №20, «Табанды бала» мәтінін оқып келу. |
|
Тақтаға адам бейнесі ілінеді. «Батыл адамның бойында...» өз ойларын жазады. Оқушылар бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайтап, бойымызға дарытайық. |
Постер,маркер |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген