Мақсаты: Оқушыларға батылдық пен
табандылық ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-
Білімділік: Оқушыларды
табандылықпен жұмыс жасауға үйрету.
-
Дамытушылық: Оқушылар
бойындағы батылдық қасиеттерін
дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды
ержүректілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
1.bilim-all.kz
2.https://infourok.ru
https://angimeler.wordpress.com
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту
сәті
-
Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың
тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып,
тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Жағымды күйге келу.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -
қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға
болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге
қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және
таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен
тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі
сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі
істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін
жақсы жерлерге апарады, олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек
шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп,
басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден
шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды
уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың
да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға
өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір
- түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр
менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
2. Үй тапсырмасын
тексеру
Келесі сабақ. №20, «Табанды
бала» аңыз әңгімені оқып келу.
Сұрақтар:
-
Әлімнің
өз мақсатына жетуіне не себеп
болды?
-
Табанды
болудың маңызы неде?
-
Табандылық қандай іс әрекеттер арқылы көрініс
табады?
-
Өз
бойыңда табандылық бар ма? Айтып
бер.
|
Https://www.youtube.com/watch?v=JDI5-Fx08MA&t=31
|
4.
Оқиғаларды әңгімелеу (әңгімелесу
).
Талшыбық пен алып
ағаш
Н.
Қадырбаев
Жол бойында талшыбық пен алып
ағаш өсіп тұрды. Бір кезде қатты жел ұйтқи соғып, демде алай-түлей
дауыл көтерілді. Алып ағаш міз бақпай, аласапыран дауылға: «сабыр
ет, сабыр ет» дегендей, жапырақтарымен сусылдай үн қатты. Жанындағы
жас талшыбық солқылдата соққан дауылға иіле
берді.
– Мына дауыл көкке ұшырып
жіберер ме екен, қайтер екен? – деп, алып ағашқа үрейлене тіл
қатты.
– Иіліп тұру – жас талшыбық,
сенің еншіңе тиген асыл қасиет-ау, біле білсең. Бәлкім, өзіңдей
балауса шағымда иілуді білмей өссем, алып ағаш болуым, әй қайдам,
екіталай шығар, – дейді алып ағаш сабырлы мінезбен ой құшағынан
серпіле.
Сұрақтар:
1. Жас шыбықтың қорқынышының
себебі неде?
2. Алып ағаш жас шыбыққа
қандай ақыл айтты?
3. Төзімділік дегенді қалай
түсінесіңдер?
4. Адамға өмірде төзімділік,
табандылық не береді?
5. Қандай құндылықтар арқылы
төзімділікке жетуге болады?
|
|
5.
Шығармашылық іс әрекет
Оқушыларға қима суреттер
үлестіріледі.Суреттердің мазмұнына байланысты тақырып қояды
«Қайсар», «Батыл» .Оқушылар екі топқа
бөлінеді.
1 – топ: «Батыл»тобына
5-тапсырма «Нағыз батыр ол маған» өлеңін оқып, «Батылдық» ұғымы
қандай адамгершілік қасиеттермен сәйкес келетінін
анықтаңдар.
2 – топ: «Қайсар»тобына
Б.Момышұлы атамыздың батырлық тұлғасына постер
жасау
Кері байланыс «Табандылық
баспалдағы»
Оқушылар парақшаларға табанды
болудың баспалдақтарын жазып
құрастырады
|
|
-
Топпен ән айту. «Батырлар ұраны»
әні
1. Өзгелерден дара
туған Өр намыстан жаратылған
о-о Бабасының
батырлығы Қанмен бойға таратылған
о-о Алатаудай
алашымның Қаратаудай
баласымын Қ-сы: Қастерлі
алашымның Қорғаймын бар
асылын Намысын қолдан
бермес Қазақтың
баласымын 2. Сұм білекпен, өр
жүрекпен Намыс туын
желбіреткен Белдескеннің белін
үзіп Егескенді
еңіреткен Алатаудай
алашымның Қаратаудай
баласымын Қ-сы: Қастерлі
алашымның Қорғаймын бар
асылын Намысын қолдан
бермес Қазақтың
баласымын
|
https://www.youtube.com/watch?v=y1GbN5DZRmY
|
8. Сабақтың соңғы
минуты
Тыныс алуға зейін
қою.
Баяу музыка
қойылады.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е
м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)
немесе 1..................2
[3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
Баяу
релакция
Ф.Шопен
Мечта
https://www.youtube.com/watch?v=WhsSz9aBQH4
|