Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Баяндауыш"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндауыш туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі.

Тақырыбы; «Баяндауыш»

Мақсаты;1.Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату,сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру.Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу,таза,сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту,өз ойын тез,әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды өз ана тілін сүюге,құрметтеуге,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі;сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,топтық жұмыс,дәптермен жұмыс,тақтамен жұмыс.

Сабақ түрі;Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі;интерактивті тақта,сызбалар,оқулық

Ұйымдастыру кезеңі;

Салеметсіздерме балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі тұр.Алдымен мына сандардың көмегімен топқа бөлініп алайық.

Психологиялық ахуал;

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім.

-Міне,балалар,ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.



Үй тапсырмасын сұрау;

38-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Көп нүктенің орнына бастауыштың қимылын білдіретін сөздерді қойып жазу.

1-топ.Өлеңді мәнерлеп оқу

2-топ. -Бұлт қайтті? -Бұлт ыдырап тарады

3-топ. -Жел қайтті? -Жел қуып барады.

4-топ. -Күн қайтті? -Күн күлімдеп қарады.





Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Қызығушылықты ояту.Ребуспен жұмыс;Ребусты дұрыс шешсең,төмендегі жұмбақтың шешуі табылады.

Жұмбақ

Екі доп ауысты,

Бір шеңберді тауысты. Жауабы:күн,ай,тәулік.

Суреттердің аттары;/күн,тай,сәукеле,елік/

Тақтамен жұмыс;

Күннің жадын жазамыз.Көркем жазу.

«Ата-балаға сыншы»

Біз бүгін «Жеті ата» ауылына саяхатқа шығамыз.

-Саяхатқа шығу үшін көлік сайлап алайық.Бұрын ата бабаларымыз техника дамымаған кезде,машина болмаған кезде,көлік ретінде пайдаланған,оны әлі күнге дейін ауылдарда қолданады.

-Атты,түйені,өгізді.

-Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?

-Атты.

-Жарайды жолға әзірленейік.Ол үшін өткен сабақта өтілген тақырыпты қайталайық.

Бастауыш дегеніміз не?

Сұрақтары?

Баяндауыш дегеніміз не?

Сұрақтары?

Балалар,сұрақтарға жауап беріп,атамыздың ауылына келіп қалыппыз. «Ата» ауылы сендердіің білімдеріңді тексермекші екен.Ол біздің үй тапсырмасын қалай орындағанымызды білмекші.

Дұрыс балалар,енді «Әке»ауылына аттанамыз.Ол үшін біз мына жұмбақтарды шешуіміз керек.

Жұмбақ;

1-топ; Өзім сөзден тұрамын,

Біткен ойды құрамын /сөйлем/

2-топ; Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты жеткіземін /хабарлы сөйлем/

3-топ; Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады. /сұраулы сөйлем/

4-топ; Ұранды,шаттықты, Өкініш,аптықты

Білдіріп ойын талайдың, Шарға ине қадаймын.

/лепті сөйлем/

«Бала»ауылына келдік.Бала туралы мақал- мәтел айтайықшы.

40-жаттығу.Жаңылтпашты оқып,жатқа жаз.Көру диктанты.

Торғай тоғайды ұнатады,

Тоғай торғайды қуантады.

Әр сөйлемдегі бастауыштың астын-бір,баяндауыштың астын екі сыз.

Сөйлемді баяндауышсыз айтып көр,сонда қалай болғанын баянда.

«Немере»ауылына да келіп жеттік.Шаршаған болармыз сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті; Жел соғады гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс,тырс.

Жаңбыр басылды,күн ашылды.

Енді «Шөбере»ауылына да келіп қалыппыз,бізге мынадай тапсырма дайындапты.

41-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Бидай,тарым маржандай,

Суым,бейне нарзандай.

Жылқыларым құландай,

Құлындарым құнандай.

Әрбір сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тап.

Баяндауыштар қай сөз табынан жасалған? Оларға сұрақ қой.

«Шөпшек»ауылы екен.Бұл жерде де тапсырмалар орындаймыз.

Топтық жұмыс.Әр топқа екі сөзден беремін.

44-жаттығу.Оқы,сұрақ қойып,бұлардың қандай сөз екенін айт.

Жүзеді,жанады,ұшады,тігеді,сүзеді,оқиды,көмектеседі,жауады.

Осы сөздерді құрастырып,сөйлем құрап жаз.

Жазған сөйлемдеріңдегі бастауыштың астын-бір,баяндауыштың астын екі сыз.

«Немене» ауылында бір тапсырма қалды.

45-жаттығу.Мақалдарды оқып,жатқа жаз.

1.Көп сөз ұтпайды,

Дөп сөз ұтады.

2.Тіл жүйріктен де озады.

Әр сөйлемнің бастауышын тап.Олар қандай сөзден жасалған.

Қорытынды бөлім.

Міне, балалар сыныпқа де келдік.Саяхат сабағына барлығың жақсы қатыстыңдар.Жеті атаның ауылының адамдары сізге риза болып жатыр.

Бүгін жеті атамызбен таныса отырып,бастауыш және баяндауыш туралы көп мәлімет алдық.Жеті атасын білген оқушы,өскенде туған туыстарын мейірімді,жақынын танитын жақсы азамат,азаматшалар болып өседі деген сенімдемін.

Әкесінің баласының баласы-немере.

Немере баласы-шөбере.

Шөбере баласы-шөпшек.

Шөпшек баласы-немене болады.

Әрі қарай өскенде білетін боласыңдар.

Үйге тапсырма;

43-жаттығу.Жұмбақты көшіріп жазып,шешуін тап.Баяндауыштың астын сыз.

Бұйра тұлымы Желмен ­ойнайды,

Қызыл мұрыны Жерге бойлайды.

Кері байланыс; Түсіндім,түсінбедім.

Топтық жұмыс «Адасқан сөздер»

ағам

құдықтан

отын

су

жарды

балтамен

Айнаш

әкелді







Топтық жұмыс «Адасқан сөздер»



жем

тамақ

Дулат

шашты

Сержан

балапандарға

берді

күшігіне







Топтық жұмыс «Адасқан сөздер»

Алмас

жүргізуді

мұғалім

үйренді

циркке

оқушыларын

мотоцикл

апарды





Топтық жұмыс «Адасқан сөздер»



аққала

дүкеннен

қардан

сүт

Әлия

балалар

алды

жасады



42-жаттығу.Сөйлемді көшіріп жаз.

Оның бетін қызыл түсті тозаң жауып тұрады.

-Баяндауышты тауып астын сыз.Сұрақ қой.





Жел тұрған кезде сол тозаң көтеріледі.

-Баяндауышты тауып астын сыз.Сұрақ қой.





42-жаттығу.Сөйлемді көшіріп жаз.

Біраздан соң қызыл бұлтқа айналады.

-Баяндауышты тауып астын сыз.Сұрақ қой.





42-жаттығу .Сөйлемді көшіріп жаз.

Сол темір тотыққан кезде қызыл-күрең түске енеді.

-Баяндауышты тауып астын сыз.Сұрақ қой.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
688
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12