15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Баяндауыш 3 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп: №21 Яссауи атындағы жалпа орта мектебі |
||
Пәні: Қазақ тілі |
Мұғалімнің аты-жөні: Белгибаева М. |
||
Күні: 03.12.2018ж |
Жалпы саны: 20 |
||
Сынып: 3« д » |
Қатысқандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы: |
Баяндауыш |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
|
3.2.3.1. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.2.5.1.Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дерек көздерден(мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу,жүйелеу,мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау; 3.4.2.7.Сөйлемнің тұрлаулы(бастауыш,баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату.
|
||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
||
Тілдік мақсат: |
Жазылым,оқылым,тыңдалым,айтылым |
||
Бағалау критерийлері: |
1. Тұрлаулы мүше – баяндауыш жайлы түсінік алады; Топта жұмыс жасайды.
2. Мәтіннен баяндауышты табады; Сұрақты дұрыс қояды; Өз ойын еркін жеткізеді.
3. Мәтінді талдайды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосады; Бастауы пен баяндауышты ажыратады.
|
||
Құндылықтарды дарыту: |
Балалардың денсаулығын сақтау |
||
Пәнаралық байланыс: |
Дүниетану |
||
Алдыңғы оқу: |
Заттың іс – әрекетін, қимылын білдіретін сөздер жайлы түсінік қалыптасқан |
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
||
Сабақтың басы: |
І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрайық. Шаттық шеңберінде тұрып, бір- біріне сәттілік тілейді. «Сағат тілі әдісін пайдалана отырып, оқушыларды 3-ке дейін санау арқылы топқа біріктіру 1-топ жүйріктер тобы 2-топ тапқырлар тобы 3-топ алғырлар тобы
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Балалар үйге қандай тапсырма берілді? 7-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрау (үш топтан үш оқушыға үй тапсырмасын оқыту,бастауышын тапқызу)
«Киіз үй» құрастыру ойыны. Киіз үйдің әр бөлшектерінде мынадай сұрақтар болады:
1.Сөйлем құрамындағы нақты сұрақтарға жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді не деп атаймыз?(Сөйлем мүшелері) 2.Қимыл,іс-әрекеттің иесін білдіретін сөзді не дейді?(Бастауыш) 3.Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (кім? кімдер? не? нелер? кімі? кімің? несі? нең?) 4.Бастауыш асты неше сызықпен сызылады?(бір)
Жарайсындар балалар,ал енді бүгінгі сабағымызда сөйлемнің негізгі мүшелерінің бірі баяндауышпен танысып,оның қызметі туралы біліп түсінеміз
|
||
Сабақтың ортасы: |
Оқулықпен жұмыс 9-жаттығу Мәтінді түсініп оқы. Дескриптор: 1.Мәтінді түсініп оқиды. 2.Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды. 3.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды.
Балалар мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аударамыз.Бұл сөздер нені білдіреді? (іс-әрекетті, қимылды) Олар сөйлемнің қандай мүшесіне қатысты? (Баяндауыш) Ия,бүгінгі сабағымыз баяндауыш деп аталады. Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш деп атайды. Баяндауышқа не істеді?не қылды? Қайтты? Деген сұрақтар қойылады.М,Дана оқыды. Найзағай жарқылдады. Асан оқып отыр.
Топтық жұмыс «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі. Әр топқа кеспе қағаздарда баяндауышы түсіп қалған сөйлемдер беріледі, көп нүктенің орнына баяндауышын тауып соңғы сөзді жазады.
Дәптермен жұмыс 10-жаттығу Дескриптор 1.Сөйлемдерді көркем жазады. 2.Баяндауыштарды тауып,астын сызады. |
||
Сергіту сәті: |
«Адасқан баяндауыштар» ойыны АКТ арқылы адасқан бастауыштарды өз орнына қойып сәйкестендіру. Мысалы, Арыстан боздайды. Бота мөңірейді. Жылқы ақырады Қой кісінейді. Сиыр маңырайды. |
||
Сабақтың соңы: |
«Сөз ойла,тез ойла» ойыны арқылы бүгінгі жаңа сабақты бекіту 11-жаттығу
О ............ ............ ........... ............
............. ............. Сонымен балалар баяндауыш дегеніміз не екен?Баяндауышқа қандай сұрақтар қойылады?Баяндауыштың асты неше сызықпен сызылады?
«Бағдаршам» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс орнату
|
||
Бағалау: |
«Қолшатыр» әдісі арқылы бағалау
|
||
Үй тапсырмасы: |
12-жаттығу |
||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары,төмен,орташа оқушыларға қандай жоспарлар пайдаландыңыз? |
Бағалау. Оқушылардың материалды меңгеруін қалай жоспарлайсыз? |
||
Мен қосымша көмекке өмірмен байланыстырып сұрақтар беремін. Деңгейлік сұрақтар беру |
|
||
Сабақ бойынша рефлекция |
|
Сабақ/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? |
|
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? |
|
Оқушылардың үлгерімі қандай? |
|
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? |
|
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? |
|
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
Қандай әдістер ұтымды болды? |
|
Мақсатқа жеттің бе? |
|
Ендігі сабақта қандай әдістерді пайдаланасың? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген