жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Баяндауыш 3 сынып

Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:Баяндауыш
Пән:қазақ тілі
Мектеп:Р.Мәрсеков атындағы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні:Таменова Фаина
Манарбековна
Күні:4.12.2019ж
СЫНЫП: 3А
Қатысқан оқушылар саны: 22
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген
оқу мақсаттары
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін бастауыш ,баяндауыш ажырату
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Сөйлемнің тұрлаулы
мүшелерін біледі.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе
орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Ережені өз бетінше құрай алады.Сөйлем ішінде тұрлаулы мүшелерді ажырата алады.
Бағалау
критерийі
-Сұрақтарға жауап береді
-Сөздерді табады
-Деңгейлік тапсырмалар орындайды
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Тілдік мақсаты Тұрлаулы мүше,бастауыш,баяндауыш
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық
байланыс
Жаратылыстану,әдебиеттік оқу
АКТ қолдану
дағдылары
Слайд
Бастапқы білім Бастауыш
Сабақтың жоспары
Сабақ барысы : Қолданатын ресурстар
Басталуы
2 мин
4мин
Сәлемдесу,топтастыру
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
-Бүгінгі сабаққа көңіл-күйлерің қалай?
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Жақсы ,балалар ендеше сабағымызды жақсы көңіл-күймен
бастайық.
-Балалар,қәнеки менің қолымда не ?
-Алтын микрофон
-Мен сендерге тілші ретінде сұрақ қоямын сендер жауап
бересіңдер .
1)Сөйлем мүшелері деген не?
2)Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
3)Тұрлаулы мүшелерге нешеге бөлінеді?Қандай?
4)Бастауыш деген не?
5)Бастауыш қай сөз табымен байланысты?
6)Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
-Тамаша ,балалар енді мына тақтадағы суретке қараңдаршы
-Мына суреттегі адамдар не істеді?
Алтын
микрофон,сұрақтар

3мин
-Не аңғардыңдар?Осы сөздердің барлығы нені білдіреді?
-Іс-әркетті,қимылды
-Қандай сұрақ қойдыңдар?
-Не істеді?Қайтті?Не қылды?
-Ендеше,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы :Баяндауыш
Сабақ мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш
пен баяндауыш)ажырату
Суреттер,слайд
Жаңа білім
5мин
2мин
Топтық жұмыс.Көршіңмен бірігу
1 тапсырма: «Кім шапшаң?»
Дискриптор:
-Берілген суретке қарап,іс-қимылды білдіретін сөздерді табады
-1 сөзге сөйлем құрайды
1 топ: Аңдар
2 топ: Құстар
3 топ: Оқушылар
4 топ: Балықтар
Бағалау:Әр топ бірін-бірі бағалайды.Мөр басады
-Осы тапсырмадан кейін сендермен баяндауыштың ережесін
шығарып көрейікші.
Ал , енді оқулықтағы ережемен салыстырып көрейік.(к 101бет)
-Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш
деп атайды.Баяндауышқа не істеді?не қылды?қайтті? деген
сұрақ қойылады:Асан оқыды.Найзағай жарқылдады.
Кім? Асан Не істеді?Оқыды
слайд,А3
маркерлер
слайд
Сабақтың
ортасы
7мин
Сергіту сәті
2 мин
5мин
2 тапсырма.Жекелей жұмыс
Әдісі: «Конверттегі тапсырма»Деңгейлік
тапсырмалар.Оқулығымыздың 101 бетіндегі 9 тапсырма
С : Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қой
Б : Мәтін мазмұнына тірек болатын сөздерді жаз.Мәтінге ат
қой.
А : Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді тап,сұрақ қой.Бұл
сөздер нені білдіреді?
Дискриптор:
-Мәтін бойынша сұрақ қояды
- Мәтіннен тірек сөздерді табады.Ат қояды.
- Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді табады.Сұрақ қояды
- Бағалау: Өзін-өзі «Блоб ағашы»
Балалар ,сендермен бір серігіп алайықшы.Атомдар ойынын
ойнайық
-Дәптермен жұмыс.
-Кітабымыздың 101 бетіндегі 10 тапсырманы орындайық.
-(Жазу ережесін естеріне түсіру)
-
Оқулық
Конверттегі қима
қағаздар

3мин
Сабақтың
соңы
2 мин
3 тапсырма.Жұптық жұмыс
Әдісі:»Бірге ойланайық»
Бастауыш пен баянауышты ажыратып, семантикалық
картаны толтырады.
Дискриптор:
-Бастауыш сөздерді табады
-Баяндауыш сөздерді табады
Бағалау: өздерін-өзі +- әдісі арқылы бағалайды
Үй тапсырмасы: к 102 бет 12 тапсырма
Қима қағаз
Кері
байланыс
3мин
Аяқталмаған сөйлем әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жүргізу
Рефлексия
2мин
«Чемодан »,»Себет»,»Еттартқыш» стратегиясы
Чемодан- Сізге не ұнады?(жасыл түс)
Еттартқыш- Сізге әліде не түсініксіз?Тағы неге оралу керек?
(сары түс)
Себет- Сізге не ұнаған жоқ?Сізге не түсініксіз?(қызыл түс)
Стикерлер,суреттер
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген