15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Баяндауыш" 3-сынып
«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Баяндауыш
Қазақ тілі
3-сынып
Б. Қ. Мырзанбек
2015 жыл
Сыныбы: 3 Мұғалім: Мырзанбек Б. Қ.
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Мақсаты: Баяндауышқа сұрақ қойып, сөйлем ішінен таба білу, ажырата білу.
Күтілетін нәтиже: Сөйлем мүшесі баяндауышты сөйлем ішінен таба алады, сұрақтар қоя біледі. Өз пікірімен бөлісе алады, ойын дәлелдей алады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түрткі болу сұрақтары, қайта бағыттау сұрақтары. «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Кластер әдісі», «Жұптас-ойлан-бөліс», «Балық сүйегі», «Бағалау», «Бас бармақ», «Бағдаршам».
Ресурстар: жұмыс дәптері, оқулық, сызбалар, «Балық сүйегі», стикер, «Білім айнасы».
Модульдер: білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, бағалау.
|
Сабақ барысы |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Жұмыстың түрі |
Нәтижесі |
|
Психологиялық ахуал |
Оқушыларды жылылық шеңберіне шақыру: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананаың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан жағым. Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. |
Өлең мазмұнына сай қимылмен көрсету. Ынтымақтастық құру. |
топтық |
Көңіл күй көтеріледі. |
|
Топқа бөліну |
1. Оқушыларға жапырақ түстері бойынша топқа бөлінуді ұсыну. 2. Топ көшбасшысын сайлауды ұсыну, бағалау парағымен, жұмыс дәптерімен таныстыру. |
Жапырақ түстері бойынша топқа бөлінеді. Алтын ережелерді еске түсіру Топ көшбасшысын сайлайды, білім айнасымен таныстыру |
Топтық |
Топтарға бөлініп отырады |
|
Үй тапсырмасын тексеру |
1. Суреттерге құраған сөйлемдерінен бастауышты табу. Сұрақ қою. 2. Бастауышқа қойылатын сұрақтарды табу. |
1. Бастауышқа сұрақ қоя отырып анықтайды. 2. Берілген бірнеше сұрақтардың ішінен бастауыштың сү\ұрақтарын табады. |
«Миға шабуыл» диалог |
Үй жұмысын талқылайды. |
|
Қызығушылықты ояту |
3-жаттығу. Берілген сөздердің мағыналық байланысын табуды ұсыну Қозы жүгірді. Жаңбыр секірді. Нұрлан суарды. Тиін маңырады. Айжан жауды. Көркем жазу жолы: Бб сөйлем мүшелері бастауыш баяндауыш |
Сөздерді сәйкестендіреді. Жұптасып жұмыстарының нәтижесін тексереді. |
Жеке жұмыс. Жұптық бағалау |
Білетін дерегін қолданады. |
|
Мағынаны тану |
4-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Әр жолын әр топқа талқылауды ұсыну. 1-топ. Қыс құнар береді. 2-топ. Көктем дән себеді. 3-топ. Жаз баптап өсірсе, 4-топ. Күз жинап – тереді. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді? Олар сөйлемнің қай мүшесіне байланысты? Сергіту сәті Құстар ұшып барады, Қол бұлғайық, қол бұлға. Қалың қар да жауады, Беті қолды тоңдырма. Қалықтайды ақша қар, Ал қанекей қағып ал, Жерге әсте қондырма. 5-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жаз. Тырс-тырс, Жаңбыр жауады, Тамшылар тамады. Тырс-тырс, Жапырақ жылайды, Жардан су құлайды.
6-жаттығу. «Кластер» құру Аңдар, құстар, оқушы, су сөздеріне қатысты қимылды білдіретін сөздерді тауып жазыңдар. |
Өлеңді түсініп оқиды. Өз ойларын айтады. Сөздерге қойылатын сұрақтарды анықтайды. Өлең жолдарына сәйкес қимылдармен көрсетеді. Сөздердің қандай мүше болатынын анықтайды. Баяндауыштың қай мүшемен байланысты екенін анықтайды. Өз пікірлерімен бөліседі. Қорытынды жасайды. Сыни ойлайды. Бірлесе отырып әрекет жасайды. Постер қорғайды. |
Сыни ойлау Топтық жұмыс Жеке жұмыс. Диалог Топтық жұмыс |
Сөйлем мүшелерінің нақты сұраққа жауап беретінін біледі. Көңіл-күйі көтеріледі Сөздерге сұрақ қоя біледі. Өлең мазмұнын талдай алады Ойын дәлелдей алады. |
|
Қорытынды жасау |
7-жаттығу. «Балық сүйегі»
Бастауыш, баяндауыш болатын сөздерді тіркестіріп жаз. |
Балық сүйегіне мағыналық байланыстағы бастауыш пен баяндауышты жазады. Ойын дәлелдейді. |
«Балық сүйегі» |
Алған білімдерін қолданады. |
|
Үй тапсырмасы |
1. 39-жаттығу. 2. Газет, журналдардан 5 сөйлем жаз. Бастауыш пен баяндауышты тап. |
Ізденуге әрекет етеді |
Жеке жұмыс |
Өздігінен ізденеді |
|
Бағалау |
«Білім айнасы» арқылы топ көшбасшысы оқушыларды бағалайды. |
Топ көшбасшысы топ мүшелерін бағалайды. |
Көшбасшылық бағалау |
Әр оқушы бағаланады |
|
Рефлексия |
Не білдім? Не үйрендім? |
Өздерінің ойларымен бөліседі Кері байланыс жасалады |
Жеке оқушылар пікірі |
Кері байланыс жасай алады. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген