Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бауырсақ" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегі туралы түсінік беру. Тілдік қорларын дамыту. Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру.Ертегіні сахналауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі.

Мақсаты: Балаларға ертегі туралы түсінік беру. Тілдік қорларын дамыту. Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру.Ертегіні сахналауға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Бауырсақ ертегісінің суреттері, макеттері.

Оқу әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

















Балалар ,бүгін бізде ерекше күн бізге қонақтар келіп отыр.Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Жерге шуақ таратты.

Қайырлы күн балалар.,

Қайырлы күн апайлар.

Енді балалар орнымызға жайғасып отырайық.


Шаттық шеңберге тұрады, бір- бірімен амандасады.

Шеңберге тұрып, тақпақты қимылмен айтады.


















Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Біздің бүгінгі сабағымыз қызықты өтеді, өйткені біз ертегі еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа баруға дайынсыңдар ма? Олай болса саяхатқа немен барамыз.Көлікпен бе?, сиқырлы кілемшемен әлде пойызбен бе?

Онда Сиқырлы кілемшемен барамыз. Ертегілер еліне келіп қонады.Балалар жайғасып отырады.Орман арасынан бір дауыс шығады. Балалардың назары сол дауысқа аудару.(Аудио жазба тыңдалады)

Қай ертегі туралы айтылған.Кәне есімізге түсірейік.Дұрыс «Бауырсақ» ертегісі.Олай болса мен сендерге осы ертегіні айтып берейін.Үстел-үсті театры арқылы әңгімелеу.

Ертеде шалмен кемпір болыпты, шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды. Кемпір бауырсақ пісіріп, суысын деп терезе алдына қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ, терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі. Жолда қоянға, қасқырға, аюға кездеседі, түлкі бауырсақты жеп қояды. Міне балалар, бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды.
-Түлкі қандай?
-Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма?

Сергіту сәті

Видео роликпен көрсету.

Ал енді бүгін «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі.
Олай болса, «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық. Балаларымыз рөльдерге бөліп ойнап көрейік.
Кемпір:
-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!

Балалар жауап береді.











Балалар өз жауаптарын айтады.

Балалар көздерін жұмып кілемшеге отырады.







Балалар еске түсіреді.















-Айлакер, қу.



-Әрине.









Балалар рөльдерге бөлінеді.


Шал:
Әй, кемпір-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Кемпір солай істейді, қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймақ қосып, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де, одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян:
Бауырсақ! бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Жоқ, сен мені жеме саған өлең айтып берем.
-Мен бауырсақ, бауырсақ,
Атамнан қаштым,
Әжемнен қаштым.
Ал сенен қашу, қоян,
Қиын емес маған.
Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі.
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп.
Қасқыр:
Бауырсақ! бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
-Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.
-Мен бауырсақ, бауырсақ
Мен атамнан қаштым
Әжемнен де қаштым
Қасқыр, сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі.
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю:
Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
-Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. -Менен бауырсақ, бауырсақ



































































Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым
Аю сенен де қашам-деп
Тәрбеші:
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі:
Амансыңба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын білдірмей, жақындай береді.
Түлкі:
-Оңай құтыла алмайсың, менің тапсырмаларымды орында, сені жемеймін.
Мен жұмбақ жасырамын.

.Қорбаң қорбаң етеді,

Орманда көп жүреді./Аю/.

Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін, сенің достарың көп екен.Мен сол достарыңа барып қосылайын.

Видео роликпен көрсету.
Бала,бала,балапан.

Сиқырлы кілемшеге отырады. Балалар енді бала-бақшамызға оралайық

Оларды топта әже тосып отырады.Қолында бауырсағы бар.

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.






























Бауырсақ жауап береді.













Балалар таңдана қарайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық.

Жарайсыңдар, балалар.

-Бауырсақ неден жасалады?
-Ұнанан жасалатын тағамдарды атаңдаршы?
Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі?

-Түлкі қандай?

Ертегі сендерге несімен ұнады?

Балаларды жеке-жеке мақтап, мадақтау.

Балалардың жауабы.
-Бауырсақ ертегісімен.



-Ұннан жасалады.
-Бауырсақ, нан, торт, печенье.

Балалар түлкімен қоштасады.

-Қоян.
-Қасқыр.
-Аю.
-Айлакер, қу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білді.
Игерді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.

Меңгерді: ертегінің мазмұнын айта білуді.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12