Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Бауырсақ ертегісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бауырсақ ертегісі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ертегілер елінде» көңілді ойындар. «Бауырсақ ертегісі»желісімен.

Көрнекіліктер:Топты әдемі шырша суреттерімен безендіру,ертегі желісі бойынша атрибуттар,ойынға қажетті жабдықтар.

Мақсаты:Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту: Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету. Шығармашылық қабілетін дамыту

Тапсырмалар барысында балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту.

Шығармашылық қабілетін дамыту. Ойынға, тапсырмаларды орындауға деген қызығушылықтарын арттыру.Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Сәлеметсіңдер ме балалар?

Кәнекей үлкен шеңбер құрайықта, қонақтармен амандасып алайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бәріне де ізетпен

Бас иеміз біз.

Ұйымдастырылған оқу қызметіндегі өтілген «Бауырсақ» ертегімізді еске түсірейік.

-Балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

-Бүгін біз сендермен біргі ертегілер еліне орманға саяхатқа барамыз.

-Балалар қараңдаршы неткен сұлу табиғат.

-Міне ертегілер еліне де жеттік – деп

залды бір айналып шығамыз. Сол кезде алдымыздан домалап «Бауырсақ» шығады.

- Саламатсындар ма балалар? Мен атаммен әжемнен адасып қалдым. Маған көмектесесіңдер ме?

Балалар бауырсаққа көмектесеміз ба?

Жолда келе жатқанда алдымыздан

Қоян шығады : -Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін! Қандай тәтті бауырсақ,

-Бауырсақ: -Мені жемеші мен ата-әжемнен адасып қалдым , қандай тілегің болса соны орындаймыз–дейді.

-Қоян: Олай болса маған сәбіз теріп беріңдер –дейді. Балалар сәбізін теріп беріп жолға шығады. Алдарынан

Қасқыр шыға келіп: -Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін!

-Бауырсақ: -Мені жемеші мен ата-әжемнен адасып қалдым , Қоянның да тілегін орындадым сіздің қандай тілегің болса соны орындаймыз–дейді.

Қасқыр: Олай болса маған аңшының ізін тауып беріңдер дейді. Балалар бірігіп аңшының ізін тауып береді. Жолда келе жатқанда алдымыздан

Аю шыға келіп:

- Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін!

-Бауырсақ:

-Мені жемеші мен ата-әжемнен адасып қалдым , қоянның да тілегін орындадымасқырдың да тілегін орындадыміздің қандай тілегің болса соны орындаймыз–дейді.

-Аю: Олай болса маған бал жинап беріңдер - дейді. Балалар балын жинап беріп жолға шығады. Алдынан

Түлкі шыға келеді:

--Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін! Қандай тәтті бауырсақ, Пішіні қандай дөңгелек, Сап-сары бауырсақ!

-Бауырсақ:

-Мені жемеші мен ата-әжемнен адасып қалдым , Қоянның да тілегін орындадым. Қасқырдың да тілегін орындадым. Аюдыңда тілегін орындадым. Сіздің қандай тілегің болса соны орындаймыз–дейді.

Оған қу Түлкі былай дейді: Менің құлағым естімейді, маған жақындап кеп айтшы:

-Бауырсақ:

-Мені жемеші мен ата-әжемнен адасып қалдым , Қоянның да тілегін орындадым. Қасқырдың да тілегін орындадым. Аюдыңда тілегін орындадым. Сіздің қандай тілегің болса соны орындаймыз–дейді.

-Түлкі : Олай болса маған жеміс жидектер жинап беріңдер.

«Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.

Сергіту сәтін орындайық:

«Аңдармен би».

-Түлкі:

Балалар білімді, ақылды, тәртіпті екенсіңдер. Біз сіздермен қоштасамыз сау болыңдар.

Аңдармен қоштасамыз! Алдымыздан

Әже шыға келеді: Айналайын бауырсағым мен сені іздеп жүрмін, қайда жүрсің? Балалар амансыңдар ма? сендерге көп-көп рахмет. Менің бауырсағыма жол көрсетіп аман-есен жеткізіп салғандарыңа. Мен құры қол

келген жоқпын сендерге де бауырсақ әкелдім. Ал енді үйге барайық Атаң бізді күтіп қалды. Сау болыңдар!

-Тәрбиеші:

Балалар кәне бәріміз бірігіп нан туралы тақпақ айтып жіберейік

Нан қиқымын шашпаймыз,

Жерде жатса баспаймыз.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаймыз.

Балалар жарайсыңдар! Біз бүгін қайда бардық? Кімге көмектестік ?

Алдымыздан нелер шықты?

Ертегі ұнады ма?

Ендеше қонақтармен қош айтысайық!

















Ашық сабақ



Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі»

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2025
98
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12