400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бауырсақ" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балаға айналасындағы адамдардың сырт бейнесі қаншалықты әртүрлі болса, мінез-құлқы да соншалықты әр түрлі болатындығы туралы түсінік беру. Адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету;

Ертегінің мазмұнын балаларға жеткізе алу. Ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.

 

Жабдықтар: Бауырсақ пен оның кейіпкерлерінің суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру ңұсқаушының және балалардың іс- әрекет і

Әдістемелік ұсыныстар

Мотивациялық-

қозғаушылық

 

Нан қоқымын шашпандар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастандар.-тақпағын оқып беру


Ұйымдастыру-іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар «бауырсақ» ертегісін кім біледі? Ертегінің мазмұны балаларға көрсетіледі.

 

Суреттері бар кітапшаны көрсету

Сұрақтар:

-         «Бауырсақ» қандай?

-         Ол кімнен қашып  кетеді?

-         Бауырсақ кімдермен кездеседі?

-         Бауырсақты кім жеп қояды?

 

Сергіту сәті:

Тік ұста бойыңды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф бойына.

 

 

 

 

 

 

 

Домалақ , сары

Атасы мен әжесінен

Орман жануарларымен

Түлкі

Рефлексивті – түзетушілік

Ойын:

«Домалақтарды жылдам жина»

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ертегі мазмұны мен оның кейіпкерлерімен, орман жануарларын біледі

Қандай түсініктерді игерді:нанды қастерлеу, бөтен адамға сенбеу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету 



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Қатынас 
Бөлімі : Көркем әдебиет 
Тақырыбы : «Бауырсақ» ертегісі 

Дайындаған: Беккулова Бақыт Ережепқызы 

Құлсары қаласы 
2016жыл 

Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет Тақырыбы: « Бауырсақ» (ертегі) 
Мақсаты:Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру. 
Сөздік қорын молайту,тілін дамыту. 
Қажетті құрал: Бауырсақ ертегісінің суреттері,атрибуттар. 

Әрекет кезеңде Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті. 


Шаттық шеңберге тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын айтып,қимылдар жасайды. 
Ән саламыз күнде біз, 
Шаттық толы іргеміз. 
Біз мәңгілік достармыз, 
Біз әрқашан біргеміз. 


Шеңберге тұрып,тақпақты қимылмен айтады. 
Мотивациялық 
қозғаушылық -Біз бүгін Көркем әдебиет сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ»ертегісі.Бұл ертегіні бәрімізде білеміз. 
Ертегіні есімізге түсірейікші.Ертеде шалмен кемпір болыпты,шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды.Кемпір бауырсақ пісіріп,суысын деп терезе алдына қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ,терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі.Жолда қоянға,қасқырға,аюға кездеседі,түлкі бауырсақты жеп қояды.Міне балалар,бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. 
-Түлкі қандай? 
-Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? 
Ал енді бүгін «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды,керісінше жақсылыққа кенеледі.Олай болса, «Бауырсақ»ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық.Балаларымыз рольдерге бөліп ойнап көрейік. 
«Бауырсақ»ертегісін тамашалаңыздар. 
Тәрбиеші: 
-Кемпір мен шал болыпты.Бірде шал жалынып. 
Шал: 
-Кемпір-ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңші. 
Кемпір: 
-Неден пісірейін?Ұн жоқ қой! 
Шал: 
Әй,кемпір-ай!Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші: 
Кемпір солай істейді,қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян: 
Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем. 
-Мен бауырсақ,бауырсақ, 
Атамнан қаштым, 
Әжемнен қаштым. 
Ал сенен қашу,қоян, 
Қиын емес маған. 
Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі. 
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп 
Қасқыр: 
Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін. 
-Мен бауырсақ,бауырсақ 
Мен атамнан қаштым 
Әжемнен де қаштым 
Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі. 
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады. 
Аю: 
Әй,бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ: 
-Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін. 
-Менен бауырсақ,бауырсақ 
Мен атамнан қаштым, 
Мен әжемнен қаштым. 
Қояннан да қаштым, 
Қасқырдан да қаштым 
Аю сенен де қашам-деп 
Тәрбиеші: 
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. 
Түлкі: 
Амансыңба,бауырсақ!Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы! 
Тәрбиеші: 
Бауырсақ мақтағанға мәз болып,өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын білдірмей,жақындай береді. 

Түлкі: 
-Оңай құтыла алмайсың,менің тапсырмаларымды орында,жұмбақтарымды шешіп көріңдер,сені жемеймін. 
Жұмбақтар 
1.Қыста ақ, 
Жазда сұр. Қоян 
2.Қорбаң-қорбаң етеді, 
Орманда ол жүреді. Аю 
1 тапсырма 
-Бауырсақ неден жасалады? 
-Ұннан жасалатын тағамдар 
Бауырсақ,нан,торт,печенье 
Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін,сенің достарың көп екен. 
Сау болыңдар! 
Сергіту сәті. 
Мынау-менің жүрегім, 
Бәрі осыдан басталған. 
Мынау-басым ақылды, 
Бәрін осы атқарған. 
Мынау-менің оң қолым, 
Мынау-менің сол қолым, 
Барлық істі атқарған. 

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. 
-Айлакер,қу. 
-Әрине. 

Рефлексиялық түзетушілік -Жарайсыңдар,балалар. 
Кәне бүгінгі сабақты қортындылайық. 
Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі? 
-Түлкі қандай? 
Балалардың жауабы 
-Қоян 
-Қасқыр 
-Аю 
-Айлакер,қу. 
Күтілетін нәтиже: 
Біледі: Балалар жағымды,жағымсыз қасиеттерді айыра білді. 
Түсінеді:Ертегі туралы түсінік беру. 



Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Бауырсақ жол бойымен домалап келеді
Мақсаты: Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту. Алақан арасына салып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақтайша, ермексаз, сүрткіш, үлгі мүсін, бауырсақ ертегісінің макеті.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Іс - әрекет этаптары
Мотивациялық - қозғаушы

Тәрбиешінің іс - әрекеті --------------------------------- Балалардың іс - әрекеті
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
- Балалар таңертең балабақшаға келе жатқанда
даладан не көрдіңдер?------------------------------------------- Қар
- Қар қандай?--------------------------------------------------------- Қар аппақ
- Ал, мұз неліктен қатып жатыр?
- Өйткені күн суық, қыс мезгілі.

Ұйымдастырушылық - іздестіру
- Балалар, бүгінгі біздің мүсіндеу оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ.
Себебі біз бауырсақты мүсіндейміз.
- Ал, сендер Бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?
Бауырсақ ертегісін үзінділеу.
- Бауырсақты соңында түлкі жеп қойды.
Ал, әже мен ата бауырсақты іздейтін болды ғой.
Ендеше біз бәріміз бауырсақты жасап берейік.
- Ол үшін бізге не қажет?--------------------------------------------------- Қамыр
- Дұрыс айтасыңдар, қамыр қажет.
Осы кезде, есік қағылып, аспазшы апай келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!---------------------------------------------- Сәлеметсіз бе
- Мен сендердің бауырсақ жасайтындарыңды естіп, сендерге қамыр дайындап әкелдім.
Балаларға қамырды қалай дайындағанын айтып, таратып береді.
Аспазшы: Қаптың түбін қырнадым
Екі уыс ұн жинадым,
Балқаймаққа шыладым
Пісірсін деп бауырсақ
Мен қамыр дайындадым.
- Балалар, сендер бауырсақты жақсылап жасаңдар.
Балаларға бауырсақтың жасалу жолдары көрсету.
- Бауырсақтың пішіні қандай?-------------------------------------- Домалақ
- Түсі қандай?------------------------------------------------------------ Сары
- Балалар, қолымызды жаттықтырып бауырсақты ауада жасап көрейік.
Бауырсақты жасау үшін қамырды алақанға салып,
арлы - берлі есіп домалақтаймыз, яғни алақанға салып
айналдыра отырып домалақ пішінге келтіреміз.
Сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз -------------------------- Қолды жоғары көтереді тербеледі
Жапырағы жайқалған,
Сабақтары салалы
Желмен бірге ырғалған.
Балалармен жұмыс.-------------------------------------------- Қолдарын жандарына жібереді
Жеке баламен жұмыс.
- Қанекей балалар, бәріміз бауырсақты жасап болдық па?
Ендеше, бауырсағымызды алып «Бауырсақ» ертегісін сюжетті бейнелеп көрейік.
Әр бала жаcаған бауырсағын алып, ертегіні сюжетті бейнелейді.

Рефлексивті кезең
Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау, мадақтау.
- Балалар, бүгін біз не жасадық?
- Жарайсыңдар, бәріңде оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар.
- Қанекей, енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық.
Қараңдаршы, үлкен шеңбер жасадық. Ол біздің бауырсағымызға ұқсайды екен, енді бауырсақтың әнін айтайықшы:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Енді қонақтарымызға сау болыңыз айтамыз. Ал, үйде ата - аналарымызға бүгінгі мүсіндеу оқу іс - әрекетінде бауырсағымызды көрсетеміз.

Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуді меңгереді.
Игереді: Алақан арасына салып домалақтау тәсілін игереді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
3729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі