жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: "Бауырсақ ертегісіне саяхат"
II кіші «Б» тобына арналған ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
- Құрастыру, ҚМҰҚ , Жаратылыстану
Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісіне саяхат»
Мақсаты:
1.Тәрбиелік: Достық қарым-қатынасқа, жаңашырлыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Эксперименталдық –тәжірибе жасауға деген қызығушылықтарын дамыту.
3.Оқуыту: Үлкен және кіші туралы ұғымын бекіту. Заттарды сол жақтан оң жаққа оң қолмен орналастыру білімін нығайту., «бір» және «көп» ұғымдарын туралы түсініктерн бекіту. Түстер, пішіндерді атауды ажыратуды бекіту. «Бауырсақ» ертегісі туралы білімін бекіту.
Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технологиясы, Крылова технологиясы, воскобович технологиясы, иновциялық технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: коврограф,интерактивті тақта, сабын көпіршіктері, құрастыру материалдары, сәбіздер, саңырауқұлақтар, карточкалар.
Билингвалдық компонент: бауырсақ-колобок, үлкен-большой, кішкентай-мальенкий, көп-мнго, бір-один.
1.Ұйымдасытырлған оқу қызметінің барысы:
Қонақтармен амандасу.
Жұмбақ
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан. Ол не?
-Ол қай ертегіден?
-Ал балалар, сендер осы бауырсақ ертегісіне барғыларын келедіме?
Ендеше көзімізді жұмып сиқыр жасайық.
Бір,екі, үш айналамыз.
2. Негізгі бөлім.
Ой балалар, қараңдаршы біз қайда тап болдық? (Бауырсақ ертегісінде)
-Балалар бауырсақты кім пісіреді?
-Иә балалар, бірақ ата мен әжеден бауырсақ қашып кетіпті. Біз оны ата мен әжеге тауып беремізбе? Ендеше бауырсақты іздеуге барайық.
Балалар ең бірінші бауырсаққа неге кездеседі? (қоян)
Иә балалар мына жерде қоян отыр екен.
Балалар сұрайықшы қояннан ол біздің бауырсақты көрдіме екен?
Балалар қояннан сұрайды.
Қоян: Балалар менің достарым қояндардың қарындары ашып қалды, сендер оларды тамақтандырсаңдар, мен бауырсақтың қайда екенін айтамын сендерге.
-Балалар, ендеше біз қояндарды тамақтандырайық. Қояндар нені жақсы көреді? (сәбізді, қырыққабатты)
1тапсырма. Воскобович амытушы ойыны коврограф: «Қояндарға қырыққабат бер»
-Балалар қояндар көлемі бойынша бірдейме? (жоқ әр түрлі, үлкен, кішкентай)
Балалар менде мында қырыққабаттар бар,үлкен қоянға қандай қырыққабат береміз? (үлкен қырыққабат)
Ал кішкентай қоянға ше? (кішкентай қырыққабат)
Жарайсыңдар, балалар. Қоян бауырсақ анау жаққа домалап кетті дейді.
-Балалар бауырсақ қояннан кейін неге кездеседі? (қасқырға)
Балалар: Қасқыр, қасқыр сен бауырсақты көрдіңбе?
Қасқыр: Балалар мен көпірік атып ойнағым келеді. Бірақ үрлей алмай жатырмын. Сендер маған көпірік атуды көрсетсендер, мен бауырсақтың қайда екенін айтамын.
-Балалар қасқырды көпірік атуға үйретейік.
Сабын көпіріктерін неден жасауға болады? (сабынан, сабынды сумен араластырамыз)
Балаларға сабынды сумен араластырып сабын көпіріктерін жасауды көрсету.
Ал енді сабын көпіршіктерін алып, қасқырға үрлеп көрсетейік.
2 тапсырма. Тәжірибе жасау «Сабын көпіршіктері»
Тыныс алу жаттығуы «сабын көпіршіктері».
Мұрынмен тыныс аламыз, ернімізді шығарып демімізді шығарамыз.
-Балалар бауырсақ қасқырдан кейін неге кездеседі? (аюға)
-Мында аю ұйқтайын деп жатыр екен аюды оятып алайықшы.
Сергіту сәті. Аю,аю тұршы.
-Аю оянды енді одан сұрайықшы, бауырсақты көрдіме екен?
Балалар аюдан сұрайды.
Аю: Сендер маған үй құрастырып берсеңдер, айтамын.
3 тапсырма. Құрастыру материалдарынан үй құрастыру.
Балалар жарайсыңдар, аюдың да тапсырмасың орындадыңдар, ары қарай бауырсақты іздейік.
Аюдан кейін бауырсаққа не кездеседі?
Балалар түлкіден сұрайды.
Түлкі: Бауырсақ менде, сендер менің саңырауқұлақтарым мен сәбіздерімді қанша екенін айтып берсеңдер, мен сендерге бауырсақты қайтарамын.
4 тапсырма. Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Бір және көп»
-Балалар карточкада жоғарғы жолақты көрсетіңдер, ал енді төменгі жолақты көрсетіңдер.
-Жоғарғы жолаққа бір сәбізді орналастырыңдар. (балалар сол жақтан оң жаққа орналастырады)
-Қанша сәбіз орналастырдық? (бір)
-Ал енді төменгі жолаққа саңырауқұлақтарды орналстырыңдар.
-Қанша саңырауқұлақ орналстырдық? (көп)
Жарайсыңдар балалар, сендер түлкінің тапсырмасың орындадыңдар, міне ол бізге бауырсақты қайтарды.
-Бауырсақ қандай? Түсі қандай?
Біз оны әже мен атаға апарып берейік.
Әже мен ата сендерге алғыс айтып жатыр, олардың сендерге сыйлықтары бар екен.
Ал біздер енді сиқыр жасап топқа қайтайық.
Бір, екі, үш көзімізді жұмып,айналамыз.
3. Қорытынды.
-Балалар біз қандай ертегіге саяхатқа бардық?
-Не істедік?
-Қояндарға не бердік?
-Аюға қалай көмектестік?
-Түлкіге ше?
Балаларды мадақтау.
II кіші «Б» тобына арналған ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 06.11.2018 ж
Тәрбиеші: Таурбаева Ж.Б.
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
-Көркем әдебиет, Құрастыру, Сенсорика
Тақырыбы: «Орман аңдарына көмектесеміз»
Мақсаты:
1.Тәрбиелік: Достық қарым-қатынасқа, жаңашырлыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық:
3.Оқуыту:.
Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау және ынталандыру, ойын технологиясы, Крылова технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:
1.Ұйымдасытырлған
оқу қызметінің барысы:
Шаттық
шеңбері:
-Балалар
сендер ертегідерді жақсы көресіңдерме?
(иә)
Ендеше сиқырлы сөздерді айтып, сиқырлы орманға орман тұрғындарына аттанайық.
Бір, екі,, үш
Міне балалар біз сиқырлы ормандамыз, бізге орман Феясы хат жіберіпті.
Ал хатта тапсырмалар бар, біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ Фея бізге кілттер береді.
2. Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Ал мұнда жұмбақтар бар, оларды тапсақ, орманда қандай аңдар тұратынын білеміз.
Жұмбақтар:
Воспитатель: 1.Вместо шубки лишь иголки,
Не страшны ему и волки,
Колкий шар ,не видно ножек,
Звать его конечно …..
Дети : Ежик
2.Хвост пушистый,
Мех Золотистый,
В лесу живет,
В деревне кур крадет.
Дети: Лиса
3.Что за зверь лесной
Встал ,как столбик под сосной
И стоит среди травы- уши больше головы!
Дети: Заяц
4.Он в берлоге спит зимой
Под большущею сосной,
А когда придет весна,
Просыпается от сна.
Дети : Медведь
(Воспитатель развешивает картинки-отгадки на доске)
Балалар тәрбиешімен орманда келе жатып аңдарды кездестіреді.
-Балалар міне бізге кірпі кездесті.
Балалар кірпілер нені жақсы көреді?
-Оларға алмалар беремізбе? (иә)
1 тапсырма.
-Балалар карточкада жоғарғы жолақты көрсетіңдерші, ал енді төменгі жолаөты көрсетіңдер.
Жоғарғы жолаққа кірпілерді орналастырыңдар. (солдан оңға қарай орналастырады)
-Қанша кірпілерді орналастырдық? (көп)
-Ал енді төменгі жолаққа әр кірпіге алмаларды орналастырындар.
Қанша алма орналастырдық? (көп)
Қараңдаршы алмалар мен кірпілер бірдейме? (иә бірдей)
Тағы қалай айтуға болады? (тең)
Балалар біз не істедік?
Алмалар мен кірпілерді тең орналастырдық.
Біз тапсырманы орындадық сол үшін кілтті аламыз. Жарайсыңдар
Балалар мында нелер отыр? (Қояндар)
Балалар қояндар қандай? (Үлкен, кішкентай)
Балалар қояндар түлкіден қорқып отыр, түлкі оларды ұстап алғысы келеді.
Балалар менде шыршалар бар, қояндарға шыршаның астына тығылуға көмектесейік?
Балалар қоян бізге рахмет айтып, кілт берді.
Балалар мына жерде не отыр? (түлкі)
Балалар түлкімен кішкене дем алып алайық.
Аюды кездестіру.
Баллаар мынау қандай аң? (аю)
Балалар аюдың үйі жоқ еке оған үй салып беремізбе?
Балалар конструктордан үй құрастырады.
Балалар аюға көмектестік, үй салып бердік, ол бізге кілт берді.
Балалар біз барлық тапсырмаларды орындадық? Қанша кілт бар бізде? (көп)
Балалар кілттерде белгілер орналасқан№ Қандай белгілер?
(гүлдер, жұлдыз, үшбқрыш, дөңгелек)
Бұл ненің кілттері (құлыптың)
Ендеше құлыптарды ашып көрейік. Құлыпты ашу үшін кілтті дұрыс тандау керек.
-балалар орман Феясы бізге аңдарға көмектескеніміз үшін сиқырлы сандық сыйлады. Сандықтың құлпында қандай белгі салынған? (Дөңгелек)
Енді біз сандықты ашамыз. Не бар? (Кәмпиттер)
Балалар енді бізге топқа қайту керек, қане адармен қоштасайық.Ал кәмпиттерді өзімізбен топқа алып кетеміз, топқа барғасын жейміз.
Сауболыңдар. (балалар қоштасады)
Сиқырлы сөздерді айтайық.
Бір, екі, үш айналамыз,
Топқа қайтамыз.
Қорытынды.
Балалар сендерге сиқырлы орманда саяхат жасаған ұнадыма?
Қандай аңдарды кездестірдік?
Кірпіге қалай көмектестік?
Түлкіге қалай көмектестік?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген