Бауырсаққа
көмек.
Тобы:
« Балапан » бірінші кіші тобы
Тәрбиеші:
Иулдашева.А.Ф.
Мекен
– жай:Ақтөбе
облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық
округі.
№12
«Бәйтерек» бөбекжай – бақшасы.
Білім
беру саласы: Таным,
Коммуникация.
Бөлімі:
Сөйлеуді
дамыту, Сенсорика,Шығармашылық.
Мерзімі:
14.02.2019ж
Тақырыбы:
«Бауырсаққа көмек.»
Мақсаты:Ұсақ
қол моторикасын дамыта отырып,пішіндердің
атын атай білуге үйрету,үлкен және
кішкентай ұғымдарын қалыптастыру.
Массаж жолдарымен жүру арқылы май
табандылықтың алдын алу.
Тілдік
жаттығулар арқылы балалардың тілдерін
дамыту. Түспен затты сәйкестендіру
арқылы түстерді тани білуге
дағдыландыру.Шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Балалар
топта отырады.
Күтпеген
сәт:
«Көңілсіз бауырсақ»
Бауырсақ:
Сәлеметсіздер ме балалар! (мұңайып
,таңырқап келеді) Ой балалар мен қайда
келіп қалдым. Атам мен әжемнен қашамын
деп адасып қалыппын. Балалар сендер
мені таныдыңдар ма?
Балалар:
Иә бауырсақ
Бауырсақ:
Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар мен
үйіме қайтар жолды білмеймін, маған
атам мен әжемнің үйіне оралуға
көмектесесіңдер ме? Ол үшін біз орманнан
өтуіміз керек! Мен жалғыз өзім орманнан
өтуге қорқамын!
Балалар:
-Иә
Бауырсақ:
Ендеше балалар саппен, достарымызды
итермей, бір-бірімізден алысқа кетпей
жүреміз. Балалар орманда айқайлап
сөйлеуге, күлуге болмайды. Орманда
біздің алдымыздан кедір бұдыр ,тасты,әр
түрлі жолдар кезігеді.
-Мінекей
балалар орманғада келіп жеттік, қандай
керемет таза ауа.(таңырқап жан-жағына
қарау, тыныс алу)
-енді
мына тасты жолдан бір-бірімізге кедергі
жасамай ,достарымызды итермей саппен
өтеміз.(музыка бауырсақ)
Бауырсақ:
ой балалар қараңдаршы мына ағаштың
түбінде бірдеңе бар сияқты. Бұл не болды
екен? (қоян)
Қоян:(аудио)
-бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ:
-ойй........ Қоян сен мені жемеші. Мен сенің
бар қалауыңды орындаймын, тек жемеші?Мен
балалармен бірге атам мен әжемнің үйіне
бара жатырмын.
Қоян:(аудио)
Ендеше ..... менің тапсырмам бар сендер
соны орындасаңдар мен бауырсақты
жемеймін.
Бауырсақ:
Балалар егер қоянның тапсырмасын дұрыс
орындасақ, ол мені жемейді. Бізге жол
көрсетеді. Қоянның тапсырмасын орындауға
көмектесесіңдер ме?
(аудио)
1тапсырма:
Ендеше менің тапсырмам « Пішіндердің
орнын тап!»деп аталады.
Бауырсақ:
Балалар бізге мына пішіндерді орындарына
дұрыс орналастыруымыз керек. (балалардың
алдына үлестірмелі материялдар беріледі,
ұжымдық жұмыс)
-Балалар,қанекей
мына пішіндерді қолымызбен ұстап
көрейікші.Бұл пішін қандай жұмсақ па
әлде қатты ма?
Балалар
жарайсыңдар, тапсырманы орындап болдық
енді қоянды тыңдайық не дейді екен?
Қоян
(аудио)
–Жарайсыңдар тапсырманы өте дұрыс
орындадаңдар. Міне мына жолмен жүрсеңдер
ата мен әженің үйін табасыңдар.
Бауырсақ:
- Қоян рахмет!!!Балалар алдымыздағы мына
көпірден абайлап өтеміз.Бір-бірімізді
итермейміз!
Ой......Балалар
мынау не?
Балалар:Қасқыр....
Аудио
Қасқыр:
Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ:
-ойй........ Қасқыр сен мені жемеші. Мен
сенің бар қалауыңды орындаймын, тек
жемеші? Мен балалармен бірге атам мен
әжемнің үйіне бара жатырмын.
Қасқыр:(аудио)
Ендеше ..... менің тапсырмам бар сендер
соны орындасаңдар мен бауырсақты
жемеймін.
Бауырсақ:
Балалар егер қасқырдың тапсырмасын
дұрыс орындасақ, ол мені жемейді. Бізге
жол көрсетеді. Қасқырдың тапсырмасын
орындауға көмектесесіңдер ме?
2-тапсырма:
Менің тапсырмам Дыбыстық жаттығуды
дұрыс орындаңыздар.
Ян-ян-ян
ақ қоян
Ыр-ыр-ыр
қасқыр
Ю-ю-ю
қорбаңдаған аю
Кі-кі-кі
қу түлкі
-балалар
дыбыстық жаттығуды дұрыс орындаған
сияқтымыз , қасқырды тыңдап көрейік ,
қасқыр не дейді екен!
Қасқыр
(аудио)
Жарайсыңдар тапсырмамды дұрыс
орындадыңдар! Осы жолмен жүре берсеңдер
ата мен әженің үйіне жетесіңдер.
Бауырсақ:
Рахмет қасқыр, балалар шаршап қалған
боларсыңдар, келіңдер бір серігіп
алайық.
Сергіту
сәті (орман аңдары)
Бауырсақ:
Балалар біздер қазір алдымыздағы
кедір-бұдыр жолдардан өтеміз.
Ой......Балалар
мынау не?
Балалар:Аю....
Аю:
Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ:
-ойй........ Аю сен мені жемеші. Мен сенің
бар қалауыңды орындаймын, тек жемеші?
Мен балалармен бірге атам мен әжемнің
үйіне бара жатырмын.
Аю:(аудио)
Ендеше ..... менің тапсырмам бар сендер
соны орындасаңдар мен бауырсақты
жемеймін.
Бауырсақ:
Балалар егер аюдың тапсырмасын дұрыс
орындасақ, ол мені жемейді. Бізге жол
көрсетеді. Аюдың тапсырмасын орындауға
көмектесесіңдер ме?
3-тапсырма:
Менің тапсырмам мына алмаларды түстеріне
сәйкестендіріп себетке жинап беріңдер.
Бауырсақ:
балалар жарайсыңдар бұл тапсырманыда
дұрыс орындаған сияктымыз, аюды тыңдап
көрейік не дейді екен!?
Аю:
Жарайсыңдар балалар өте ақылды екенсіңдер,
тапсырманы дұрыс орындадыңдар! Осы
жолмен жүре беріңдер, ата мен әженің
үйін табасыңдар.
Бауырсақ:
Рахмет аю! Ой балалар алда әдемі гүлдер
өсіп тұр екен, гүлдерді баспай аяқтың
ұшымен жүріп өтеміз.
Ой......Балалар
мынау не?
Балалар:Түлкі....
Түлкі:
Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ:
-ойй........ Түлкі сен мені жемеші. Мен сенің
бар қалауыңды орындаймын, тек жемеші?
Мен балалармен бірге атам мен әжемнің
үйіне бара жатырмын.
Түлкі:(аудио)
Менің қарным ашты, менің балық жегім
келеді.
Бауырсақ:
Балалар түлкінің қарны ашқан екен, ол
балық жақсы көреді екен. Біз балық жасап
оны түлгіке сыйлайық.
Балалар
ермексаздан жасалған балықты түймелермен
әшекейлейміз.
(Аудио)4-тапсырма
Түлкі: Ой
рахмет балалар сендерге ,қарным тоятын
болды. Осы жолмен жүрсеңдер ата мен
әженің үйі алдарыңнан шығады.
Бауырсақ:
Рахмет саған түлкі Сау бол!!!
-Ой
балалар міне ата мен әженің үйіне де
жеттік.Рахмет сендерге балалар!!!Ата
мен әженің үйін табуға көмектестіңдер.
-Балалар
Біз нелердің тапсырмасын орындадық.
-Балықты
не жақсы көреді екен.
Балалар:
Түлкі.
Бауырсақ:Жарайсыңдар!Балалар
ата мен әженің үйінде қонақ болыңдар.