Материалдар / Ашық сабақ. Бейнелеу өнері. Тақырыбы: "Портрет. Бет әлпет. Мимика"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Бейнелеу өнері. Тақырыбы: "Портрет. Бет әлпет. Мимика"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
579
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ш.Бектасов атындағы ЖОМ





Ашық сабақ

Бейнелеу өнері.

Тақырыбы: "Портрет. Бет әлпет. Мимика"



Shape1

Пән мұғалімі: Қарамендиева Р

2017 жыл





Бекітемін: _______________ ОІМ: Г.Азанова


Мерзімі

26.04.2016ж


Сабақтың атауы

Портрет. Бет әлпет. Мимика

Сілтеме

Қ. Болатбаев, Ұ Ибрагимов              2- сынып оқулығы

Жалпы мақсаттары

Бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі – портрет туралы оқушыларға толық мәлімет бере отырып, түсінік қалыптастыру.Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы адамның бет әлпетінің әр түрлі кейпін, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.

Міндеттері

1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. Портрет жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды  үйлестіру туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар

Бейнелеу өнері оқулығы.

Сабақтың көрнекілігі

әртүрлі суреттер, схемалар, түрлі қарындаштар, өшіргіш,дидактикалық материалдар.

Сабақтың әдісі:

баяндау, практикалық

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу

Психологиялық дайындық: Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-Мақсаты

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

  • Оқушыға берілген сұраққа жауап беру үшін қосымша уақыт алуына мүмкіндік беру

  • Оның өзара қарым-қатынастан  алар пайдасын бақылау

  • Ауызекі сөйлеу дағдысы жетілген  балалармен қарым-қатынас жасауына, олармен түрлі тақырыпта диалог құруына жағдай жасау.

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер



-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті:

- оқушыларды топқа бөлу

-әрі қарай  не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту




-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

1 - топ

1   Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

2 Пейзаж деген не?

2 -топ

1 Фон дегеніміз не ?

2 Натюрмаорт дегеніміз не ?

3- топ

1 Тақырыптық сурет дегеніміз не ?

2 Портрет туралы өз ойыңды айт

Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін ойын ойнату.. -Қане, балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп

елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен,

артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып

тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсыңдар?

Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.

Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

-Портрет.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ

ІІ мағынаны тану

«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.

Композициялық орналасуына байланысты портрет 3- ке бөлінеді.

1. Иық бөлігіне дейінгі портрет.

2. Бел бөлігіне дейінгі портрет.

3. Толық фигуралы  портрет.


-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен

суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл -өлеңмен берілген портрет.

Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт. Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында».






БРисунок 1 ір адамның бет әлпеті түрлі болып өзгеретінін білесің бе?Мына қыз балаға қарашы. Оның бет әлпеті қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді. Өз достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде, оның бет әлпеті де өзгереді.

Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл – шындық. Сен жаңа ғана бөтен адамды танымай-ақ олардың көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет.

Мимика – адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйдің айнасы. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып, күлкі шуағын шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады.

Адам мұңайғанда оның жүзінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене қалады.

Ал ашуланғанда қастары бір-біріне жақындап, еріндері берік жымдаса түседі. Мұндай адам ешкімге ұнамайды.

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

 Сурет салу, тапсырма орындау.  1  Тапсырма

Әр топқа әртүрлі заттың суреті (боялмған,әртүрлі пішінді суреттер)бейнеленген суреттер және А3 форматты қағаз таратылады.

Берілген суреттерді қиып қағазға дұрыс орналастырып желімдеу   және  бояу талап етіледі.

 Қағаз бетіне заттарды дұрыс орналастырып болғаннан кейін

Бір-біріне өз идеяларын айтып , топпен қорғайды.


Практикалық жұмыс

1- қатар көңілді адамды

2- қатар ашулы адамды

3- қатар адамның таң қалған кезін көрсету.

Ой-толғаныс

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

1.     Портреттің салу ережесін айт?

2.      Сурет салған кезде басты нешеге бөлеміз?

3.     Көзді қалай  салу керек?

4.     Құлақты қалай өлшеп  саламыз?

5.     Сіздер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

Бағалау түрлері

Суреттер тақтаға ілініп, критерийлер бойынша бағаланады

 Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

 Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа альбом, қарындаш, бояулар, палитра әкелу.

Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылай келе айналадағы қоршаған заттарды сезіне білуді үйренеді. Үйде түстер туралы білгендерін толықтырып келу тапсырылады.

Рисунок 7 Рисунок 8








Рисунок 4



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!