Ашық сабақ Бейнелеу өнерінің түрлері,жанрлары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Бейнелеу өнерінің түрлері,жанрлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу өнері жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену. Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді.Бейнелеу өнерінің түрлері,жанры Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды. Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады. Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1



Пәннің
аты:Бейнелеу
Уақыты:12.09.2018ж Сыныбы:4 Мұғалім:Мұратбаев
Бақбосын
Сабақтың атауы Бейнелеу ӛнерінің түрлері,жанрлары
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Бейнелеу ӛнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу
ӛнері жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын
талдап үйрену. Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген
тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық
ахуал
Біздің күлкіміз кӛңілді, (қолдарын еріндерінің
шетіне
жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын
жүректерінің
тұсына қояды)
Бӛліскен жақсы ғой ӛмірде, (қолдарын алға
созады,
саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі
жаққа созады).
Оқушылар шеңберде
жиналып,мұғаліммен
бірге бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
Топқа бөлу

Гүлдер арқылы топтарға
бӛлу.
Қызығушылықты
ояту

Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Бейнелеу ӛнері дегеніміз – айналамыздағы ӛмір кӛріністерін жазықтықта
әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін ӛнер түрі.
Бейнелеу ӛнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге
бӛлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет ӛнері және сәндік-
қолданбалы ӛнер.
Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен
орындалатын шығарма.
Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, кӛмір, тушь арқылы
орындалатын сурет.
Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық,
ермексаз) дӛңгелек кӛлемді кеңістікке сомдалған кӛркем шығарма.
Сәулет ӛнері – үйлер, ғимараттар, кӛшелерді жобалау және оны жасау
ӛнері.
Сәндік-қолданбалы ӛнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын кӛп
салалы ӛнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты ӛнер. Бұл
Ӛзің қандай мәліметтер
қосар едің?
Ӛткен сабақта
саған не әсер етті?


Page 2

ӛнер түріне қазақтың ұлттық қолӛнері жатады.
Осы ӛнер түрлері ішінде айналамыздағы қоршаған дүниені шынайы,
жанды етіп түрлі-түсті бояулармен суреттейтін ӛнер – живопись
(кескіндеме) ӛнері. Живопись жайлы мынадай аңыз бар: «Бірде грек
суретшісі Зевксис жүзім суретін салыпты да, бояуы кепсін деп терезе
алдына қойыпты. Сӛйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп шұқи
бастапты». Бұл аңыз живопись ӛнері бізді қоршаған табиғаттағы
нәрселерді сол қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей.
Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бӛлінеді:
натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи
жанр, батальдық жанр.
Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық.
Сӛзжұмбақ шешу «Галерея».
Галерея – кӛркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық
суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу ӛнері
туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда
ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік кӛркемсурет галереясы деп аталды. 1976
жылы Қазақ қолӛнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан
Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу
ӛнері мұражайы деп аталды.
Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар
жинақталыпты.
Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме
беріп, мұғалім толықтырады.
Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп
бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сӛзі, аудармасы «ӛлі
табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда
пайда болды.
Пейзаж – табиғат кӛріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр
алуан. Кейбір пейзаж шығармалары ӛмірде бар нақты кӛріністерді
бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.
Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген кӛркем шығарма. Портрет
жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі
жан дүниесін, рухани келбетін кӛрсете білу.
Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген
кӛркем шығармалар.
Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау кӛріністері
бейнеленген кӛркем шығарма.
Маринистік жанр – теңіз, кӛл, мұхит сияқты табиғат кӛріністері
бейнеленген шығармалар.
Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген кӛркем шығарма. Ол
латынның «animal» (хайуанат) деген сӛзінен шыққан.
1. Тест сұрақтарына жауап беру.
1 топ
1. Жылы түстерді ата.
а) кӛк
ә) сары
б) күлгін
2. Иллюстрация дегеніміз —
а) ертегі мазмұнына арнап салынған сурет
ә) ойдан салынған сурет
б) түрлі нобай суреттер


Page 3

3. Ә. Ысмайыловтың «Хантәңірі» шығармасы қай жанрға жатады?
а) натюрморт
ә) портрет
б) пейзаж
4. Маринистік жанр дегеніміз —
а) соғыс тақырыбындағы шығармалар
ә) теңіз, кӛл тақырыбындағы шығармалар
б) жансыз заттар бейнеленген шығармалар
5. Акварель бояуын немен езеді?
а) сумен
ә) тек ыстық сумен
б) арнайы ерітіндімен
2 топ
1. Суық түстерді ата.
а) қызыл
ә) қоңыр
б) кӛк
2. Түс шеңбері неше түстен тұрады?
а) 8
ә) 6
б) 4
3. Оқулықтағы Ж. Қайранбаевтың «Қыз келбеті» шығармасы қай жанрға
жатады?
а) пейзаж
ә) портрет
б) тарихи жанр
4. Түрлі-түсті бояулармен салынған кӛркем шығарма қалай аталады?
а) графика
ә) сәулет ӛнері
б) живопись
5. Живопись сабағына қажетті басты бояу құралын ата?
а) гуашь
ә) акварель
б) тушь
3 топ
1. Негізгі түстерді ажырат.
а) күлгін, сары, жасыл
ә) қызыл, кӛк, сары
б) жасыл, қызыл, кӛк
2. «Композиция» сӛзі нені білдіреді?
а) бейнелеу
ә) құрастыру
б) суретті бояу
3. Пейзаж қандай шығарма?
а) жануарлар бейнеленген сурет
ә) табиғат кӛрінісі бейнеленген сурет
б) адам келбеті бейнеленген шығарма
4. Саз балшық, тас, ағашпен жұмыс жасайтын шебер.
а) мүсінші
ә) суретші
б) сәулетші
5. «Амангелді сарбаздары» туындысының авторы кім?


Page 4

а) Қ. Телжанов
ә) Ә. Қастеев
б) М. Кенбаев
Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым




Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып
беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын
толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді ӛзі қалаған
нұсқаға жабыстырады


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
27.11.2018
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі